Mon .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Нұралы

кіші жүз ханы нұралы, бөкей нұралыұлы
Нұралы(1704 – 1790) – Кіші жүз ханы (1748 – 86), Әбілқайыр ханның баласы. Әкесінің орнына таққа отырды және хандық дәрежесі Ресей тарапынан бекітілді. Оны хан сайлау рәсіміне Ұлы жүз бен Орта жүз өкілдері де қатысты. Бастапқыда шешесі Бопай ханымның ақылымен әрекет жасап, әкесінің саясатын жалғастыруға тырысты. Нұралы күрделі де қайшылықты тұлға, сондықтан оған бір жақты баға беруге болмайды. Ол Ресей әкімшілігінің Жайық бойын отарлауына барынша қарсылық көрсетті. Орыс патшайымы Елизавета Петровнаға бірнеше рет елші жіберіп, қазақ даласын отарлаудың негізсіздігін дәлелдеуге, оны тоқтатуға талпынды. Орынбордың тұңғыш губернаторы И.И. Неплюевтің көмегімен Кіші жүздің тұтастығын сақтап қалуға тырысып, Арал бойында өзін “хан” жариялаған Батыр сұлтанмен күресті. Жоңғария билеушісі Сыбан Доржымен дипломатты байланыс орнатты. 1750 жылы әкесі Әбілқайырға кесене салдыртты. Алайда орталық билікті күшейту қамымен қол астындағы халықтың бір бөлігін өзіне қарсы қойып алды. Әсіресе қайшылықты ахуал Сырым Датұлының көтерілісі кезінде тым шиеленісіп кетті. 1773 – 75 жылы Е.И. Пугачев көтерілісіне жасырын қолдау көрсетті, немере інісі Досалы сұлтанның қазақ жасақтарымен сол көтеріліске қатысуына тілектес болды. Нұралының өз ықтиярымен Ресей билігіне көнбейтіндігіне әбден көзі жеткен Екатерина ІІ 1786 жылы 6 маусымда арнайы жарлығымен Нұралыны тақтан түсірді. Алғашында Жайық бекінісіндегі абақтыға қамалып, кейін Уфаға жер аударылды. 1790 жылы көктемде ол осы қалада дүние салды. 1792 жылы хан тағына інісі Ералы отырды. Нұралының бірнеше әйелінен тараған ұрпақтарының арасынан кейіннен қазақ халқының саяси, әскери, мәдени тарихында үлкен рөл атқарған қайраткерлер көп шықты.

Сілтемелер

  • Бөкей әулеті
  • Қаратай әулеті

Дереккөздер

  1. ↑ Қасымбаев Ж., Нұралы хан (1704 – 1790)
  2. ↑ Отечест¬венная история, ғ1, 1998
  3. Қазақстан тарихы, көне заманнан бүгінге дейін, 3-т., А., 2002
  4. ↑ Государственные деятели казахских ханств в XVІІІ веке, т. 1, А., 1999


бөкей нұралыұлы, кіші жүз ханы нұралы


Нұралы Туралы Ақпарат

Нұралы


  • user icon

    Нұралы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Нұралы
Нұралы
Нұралы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Нұралы бұл, Нұралы кім, Нұралы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...