Sun . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Никарагуа

никарагуа, никарагуа карта
Никарагуа (Никарагуа Республикасы) – Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 131,8 мың км². Халқы 4,6 млн (1998). Халқының 70%-ы метистер, 16%-ы еуропалықтар, қалғандары басқа ұлт өкілдері. Ресми тілі – испан тілі. Астанасы – Манагуа қаласы. Әкімшілік жағынан 16 департаментке бөлінеді. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – 1 палаталы Ұлттық ассамблея. Халқының көпшілігі христиандар. Ұлттық мейрамы 15 қыркүйек – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – алтын кордоба. Никарагуаның шығыс жағалауы – аллювийлі ойпат. Солтүстік және орталық бөлігін таулы қырат (ең биік жері – 2438 м), батысы мен оңтүстігін тектоникалық ойыс алып жатыр. Батыс Никарагуада Эль-Вьехо (1780), Момтомбо (1258), Ометепе (1556 м) сөнбеген жанартаулар бар. Тектон. ойыста жер сілкінулер болып тұрады. Климаты ылғалды тропиктік-пассаттық (солт.-шығыс жағы) және маусымдық ылғалды субэкваторлық (оңт.-батысы). Жыл бойғы орташа темп-ра 25 – 28ӘС, таулы аймақта 16 – 22ӘС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1000 – 6500 мм. Жерінің 40%-ын ылғалды тропикті орман мен саванна алып жатыр.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Экономикасы
  • 3 Сілтемелер
  • 4 Дереккөздер

Тарихы

Ежелгі заманда Никарагуа жерін чибча тілі тобындағы бірнеше тілдерде (никарао, микито, чаротеги) сөйлейтін үндіс тайпалары мекендеген. Еуропалықтардан алғаш Христофор Колумб келді. 1523 ж. испандық отаршылдар Никарагуа аумағын Санто-Доминго аудиенциясына қосты, кейін 1539 ж. Панамаға, 1573 ж. Гватемала генерал-губернаторлығына біріктірді. 1821 ж. Никарагуа өзінің тәуелсіздігін жариялады. 1823 – 38 ж. Орталық Америка құрама провинцияларының біріккен федерациясының құрамында болды. 1838 жылдан дербес мемлекет. 19 ғасырдың 2-жартысында Никарагуа үшін Англия мен АҚШ арасындағы бақталастық күшейіп, 1841 ж. Англия Никарагуаның Кариб жағалауына протектаратын орнатты. 1912 – 33 ж. Никарагуаны АҚШ әскерлері басып алды. 50-жылдары әскерилерге қарсы партизан қозғалысы күшейді. Олар 1961 ж. бірыңғай саяси ұйым – Ұлттық азат етудің сандинистік майданын құрды. 1977 ж. қозғалыстың жаңа кезеңі басталды. 1979 ж. әскерилер биліктен кетуге мәжбүр болды. 1984 ж. тұңғыш рет Никарагуада жалпыға бірдей ерікті сайлау өтті. 1986 ж. жаңа конституция қабылданды. 1990 ж. сайлауда Оппозициялық ұлттық одақ жеңіске жетіп, жаңа үкімет құрылды.

Экономикасы

Никарагуа – аграрлы ел. Экономикасы қант құрағын, кофе, мақта өсіруге негізделген. Күріш, фасоль, жүгері, банан, темекі және какао да өсіріледі. Өнеркәсібі ауыл шаруашылығы өнімдерін ге бағытталған (мақта тазартатын кәсіпорындар, қант, былғары завоты). Экспортқа кофе, мақта, қант, банан, теңіз өнімдерін шығарып, сырттан тұтыну бұйымдары, құрал-жабдықтар, азық-түлік алады. Ұлттық жалпы өнімінің жан басына шаққандағы мөлш. 2370 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері – АҚШ, Германия, Орталық Америка елдері, Испания, Мексика. Қазақстан мен Никарагуа арасындағы дипломатикалық байланыс алғаш 1994 ж. 6 шілдеде орнады.

Сілтемелер

  • Америка
  • Куба
  • Манагуа
  • Алтын кордоба

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы , 7 том 2 бөлім
қ • т • ө Латын одағы

Ангола • АндорраАргентинаБоливияБразилияВатиканВенесуэлаГвинея-БисауГватемалаДоминикан РеспубликасыЭквадорИспанияИталияКабо-ВердеКоста-РикаКот-д’ИвуарКубаМальтаМексикаМозамбикМолдоваМонакоНикарагуаГондурасПанамаПарагвайПеруФилиппиндерПортугалияРумынияСан-Томе және ПринсипиСан-МариноСенегалУругвайФранцияЧили

никарагуа, никарагуа где находится, никарагуа и гондурас, никарагуа канал, никарагуа карта, никарагуа на карте мира, никарагуа недвижимость, никарагуа новости, никарагуа образование, никарагуа столица


Никарагуа Туралы Ақпарат

Никарагуа


  • user icon

    Никарагуа beatiful post thanks!

    29.10.2014


Никарагуа
Никарагуа
Никарагуа Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Никарагуа бұл, Никарагуа кім, Никарагуа сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...