Tue . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Нигерия

нигерия, нигерия википедия
Нигерия, Нигерия Федеративтік Республикасы – Батыс Африкада Нигер өзенінің төменгі ағысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 923768 км². Халқы 174,5 млн. (2013) (хауса – 21%, йоруба – 20%, ибо – 17%, фулани – 9%, қалғандары – фульбе, канури, эдо, игбо, т.б. халықтар). Ресми тілі – ағылшын тілі. Халқының 50%-ы мұсылмандар, 40%-ы христиандар, қалған бөлігі жергілікті діни наным-сенімдерді ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – парламент. Астанасы – Абуджа қаласы (1991 жылдан). Әкімшілік жағынан 36 штат пен федералдық астаналық аумаққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 1 қазан (1960). Ақша бірлігі – найра.

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Кәсібі
  • 4 Сілтемелер
  • 5 Дереккөздер

Табиғаты

Нигерияның көпшілік бөлігін жазықтар мен тау үстірттері (ең биік нүктесі – Фогель шыңы – 2042 м) алып жатыр. Экваторлық-муссондық климат басым. Қаңтардағы орташа температурасы 26ӘС-қа, шілдеде 33ӘС-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстік-шығысында 500 мм, оңт-нде 4000 мм шамасында. Негізгі өзені – Нигер. Оңтүстігін тропиктік ормандар, солтүстігін саванналар алып жатыр. Нигерияда пілдер мен мүйізтұмсықтар, леопард, қорқау қасқыр, киік тұқымдастардың 30-ға жуық түрлері мен керіктер, тропиктік ормандарда – шимпанзе мен горилла, әр түрлі кесірткелер мен қолтырауын, гиппопотамдар мен жыландар, цеце шыбыны кездеседі. Саны азайған жан-жануарларды қорғау мақсатында мемлекеттік қорықтар ұйымдастырылған. Кен байлықтарынан мұнай мен газ, тас көмір мен қоңыр көмір, темір, түсті металдардың (қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, молибден, ниобий, тағы басқа) кентастары мен алтын кездеседі.

Тарихы

Нигерия аумағын адамдар орта және кейінгі тас дәуірінен бастап қоныстанған. 8 – 10 ғасырларда хаус халқының қала мемлекеттері (Кано, Кацина, Гобир, Зария, т.б.) құрылды. 13 ғасырда солтүстіктен хаусалармен тез араласып кеткен фульбе тайпалары енді. Нигерия аумағына еуропалықтардан бірінші болып 1472 ж. португалдар келді. 1553 ж. Нигерия жағалауларына ағылшындар да жетті. Еуропалықтар мұнда құл саудасымен айналысты. 1862 ж. Лагос ағылшын отары құрылып, отаршылар бірте-бірте Нигер өзенінің жағалауындағы көлемді аумақты жаулап алды. 1914 ж. қазіргі Нигерияның аумағы “Нигерия протектораты мен отары” деп атала бастады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін елде ұлт-азаттық қозғалыстар күшейді. Нәтижесінде 1960 ж. 1 қазанда Нигерия тәуелсіз мемлекетке айналып, БҰҰ-ға қабылданды (7 қазан). 1967 – 70 ж. федералдық үкімет Батыс Нигерия аумағында жарияланған тәуелсіз Биафра Республикасымен соғыс жүргізді, соғыста 1 млн-нан астам адам қаза болды. Халық тұрмысының шектен тыс төмендігі, тұрғындарының әр түрлі этностардан тұруы елдегі саяси тұрақтылыққа теріс әсер етуде. 1980 – 90 ж. мемлекет ішіндегі этностық, тайпааралық жанжалдарға байланысты әскерилердің билікке келуі жиі кездесті. Нигерия– аграрлы ел, сонымен қатар мұнай өндірісі жоғары дамыған. Нигерия 1970 жылдан бастап мұнай экспорттайтын ең ірі 10 мемлекеттің құрамында. Мұнай өндіру көлемі жөнінен (жылына 70 – 80 млн. т) Африка елдерінің арасында бірінші орынды иеленеді.

Кәсібі

Түсті металдар, электр қуатын өндіру, тамақ, тігін өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа шығаратын негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары: какао, майлы пальма, арахис, мақта, каучукті өсімдіктер, қант құрағы. Мал шаруашылығы да біршама жақсы дамыған. Ұлттық жиынтық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 880 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ.

Сілтемелер

  • Нигер
  • Камерун
  • Гана

Дереккөздер

  1. a b Census.gov Country Rank. Countries and Areas Ranked by Population: 2013. U.S. Department of Commerce (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 мамыр 2013. Тексерілді, 9 мамыр 2013.
  2. ↑ "Nigeria: Census 2006 Puts Nigerians At 140 Million", allAfrica.com, 30 December 2006
  3. ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім
қ • т • ө Organization of the Petroleum Exporting Countries (OPEC)

Алжир • АнголаИндонезияИранИракКувейт • Либия • НигерияКатарСауд АрабиясыБіріккен Араб Әмірліктері • Венесуэла

нигерия, нигерия аргентина, нигерия википедия, нигерия интересные факты, нигерия исландия, нигерия на карте мира, нигерия население, нигерия новости, нигерия столица, нигерия фото


Нигерия Туралы Ақпарат

Нигерия


  • user icon

    Нигерия beatiful post thanks!

    29.10.2014


Нигерия
Нигерия
Нигерия Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Нигерия бұл, Нигерия кім, Нигерия сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...