Sat . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Назарбаев Зияткерлік мектептері

назарбаев зияткерлік мектептері
2008 - қазіргі кезге дейін

Түрі

Физика-математика бағытындағы зияткерлік мектептер,химия-биология бағытындағы мектептер, Халықаралық Бакалавриат

Мекенжайы

Қазақстан

Тілі

Қазақша, орысша, ағылшынша

Сайты

http://nis.edu.kz
 (қаз.) (орыс.) (ағыл.)


Назарбаев Зияткерлік мектептері — ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі . Бұл мектепте "критериалды бағалау" деп аталатын бағалау жүйесі қолданылады. Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель - Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Эксперименталды Ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды. .

Астана қаласы Зияктерлік мектебі оқушыларының ағылшын тіліндегі математика, физика, химия, биологиядан халықаралық SAT1 емтиханнан қорытынды баллы 1586 құрады, әлемде орташа балл - 1200 (ең көбі -1980 ), ал SAT2 орташа балл - 1720, әлемдегі орташа балл - 1250 (ең көбі - 2200). Ағылшын тілінен IELTS емтиханынан орташа балл - 6,2 (5,7 - өткен жылы). Тек бір оқу жылының ішінде халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық олимпиадаларда жеңістер екі есе көбейді. Екінші модель - Негізгі және жоғары мектепте балаларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған. Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300 астам университеттері мақұлдайды. Олардың ішінде Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Иель, Сорбонна, Лондонның экономика мектебі сияқты аттары әлемге әйгілі жоғары оқу орындар бар.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Аймақтардағы мектептер
  • 3 Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі Wikipedia клубы
  • 4 Сыртқы сілтемелер
  • 5 Дереккөздер

Тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы №452 қаулысымен жарғылық капиталында жүз пайызды мемлекет қатысуы бар «Өркен» Акционерлік қоғамы құрылды. Қоғам қызметінің негізгі бағыты – «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалды мектебі» жобасының аясында жалпы білім беретін мектептер желісін құру мен қамтамасыз ету.

2009 жылдың 12 қаңтарында елордамыздағы қаласындағы физико-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылар үшін өз есігін ашты. 2010 жылдың 1 қыркүйегінде Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылар үшін өз есігін ашты.

Аймақтардағы мектептер

  • Астана қаласы. Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылдың ақпанында ашылған болатын. Бұл Қазақстанда салынатын Назарбаев зияткерлік мектептерінің алғашқысы. Қазір Астанада екі түрлі бағытта оқытатын екі мектеп қызмет етеді. Бірі физика-математикалық, ал екіншісі халықаралық бакалавриат бағытында оқытады.
  • Семей қаласы. Семей қаласында 2009 жылы 1 қыркүйекте физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Ол 2-ші атаулы мектеп болып табылады. Мектеп : Кайыржанов Б.Т.
  • Талдықорған қаласы. 2010 жылдың 21 тамызында Талдықорған қаласында физика-математикалық бағыттағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды . Ашылу рәсіміне елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Мектеп әлем стандарттарына сай салынған.
  • Шымкент қаласы. 2013 жылдың 16 ақпан күні Шымкент қаласында физика-математика бағытындағы мектептің ашылу салтанаты өтті . Бұл Қазақстан аумағындағы 9-шы атаулы мектеп. Мектеп директоры Абдрахманова Қаракөз Ізбасарқызы
  • Шымкент қаласы. 2013 жылдың 25 ақпан күні Шымкент қаласында химия-биология бағытындағы мектептің ашылу салтанаты өтті. Мектеп диреторы Қасымов Балкан Маратұлы.
  • Ақтөбе қаласы. Назарбаев Зияткерлік мектебі Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын ауданында салынды. Онда 720 оқу орны бар. Ауылдан келген балалары үшін 120 орынға арналған жатақханасы салынды.
  • Көкшетау қаласы. 2013 жылдың 23 ақпан күні Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оқушыларын жаратылыстану - математикалық бағытындағы пәндерді оқуға деген қабілеттерін анықтауға арналған Джонс Хопкинс Университетінің «Дарынды жастар» орталығы жасаған психометрикалық тест өткізіледі.
  • Өскемен қаласы. Өскемендегі химия биология бағытындағы мектепте іріктеу конкурсы басталды.
  • Орал қаласы. Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қыркүйек айының 29-шы жұлдызында ашылды. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар. Мектеп директоры; Кадырова Шолпан Маратовна
  • Қарағанды қаласы. Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 1 ақпанында ашылды. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
  • Тараз қаласы. Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 4-ші шілдесінде ашылды. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
  • Қызылорда қаласы. Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 30-шы тамызында есігін ашты. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
  • Павлодар қаласы.Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 27-ші тамызында ашылды. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
  • Атырау қаласы. Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 11-ші қыркүйегінде есігін ашты. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
  • Алматы қаласы. Шымкент, Қызылорда, Орал сияқты қалалардың мектептеріне ұқсас үлгіде салынған мектеп 2014 жылдың 4-шi шiлдесiнде ашылды. Алматы қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлiк Мектебiнде 762 оқушы бiлiм алуда. Мектеп директоры- Кенченбаева Жамиля. Мектеп "Таулы қырат" ауданында орналасқан.

Қазіргі таңда тағы да еліміздің 3 аймағында 3 Назарбаев Зияткерлік мектептері салынуда. (Олар: Ақтау, Петропавл, және де Қостанай қалалары)

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі Wikipedia клубы

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Wikipedia ғаламдық жобасына қосылып, өздерінің Wikipedia атты клубын ұйымдастырды. Wikipedia клубының белсенді қатысушылары жыл соңында Wikimania конференциясына барып қайтады.

Сыртқы сілтемелер

  • "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңы
  • Назарбаев Зияткерлік мектебінің ресми веб сайты

Дереккөздер

  1. ↑ Мектептер порталы
  2. ↑ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» - орта білімдегі жаңа өсу нүктелері
  3. ↑ http://nisa.edu.kz/
  4. Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі,16.02.2013
  5. Талдықорған қаласында физика-математикалық бағыттағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебі,16.02.2013
  6. Шымкент қаласында мектептің ашылуы, 16.02.2013
  7. ↑ Ақтөбеде Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады, 16.25.13
  8. ↑ Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебі 16,02,2013/

назарбаев зияткерлік мектептері


Назарбаев Зияткерлік мектептері Туралы Ақпарат

Назарбаев Зияткерлік мектептері


  • user icon

    Назарбаев Зияткерлік мектептері beatiful post thanks!

    29.10.2014


Назарбаев Зияткерлік мектептері
Назарбаев Зияткерлік мектептері
Назарбаев Зияткерлік мектептері Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Назарбаев Зияткерлік мектептері бұл, Назарбаев Зияткерлік мектептері кім, Назарбаев Зияткерлік мектептері сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Никонов, Константин Петрович

Никонов, Константин Петрович

Константин Петрович Никонов 14 сәуір 1844 - 10 мамыр 1915, Санкт-Петербург - Ресейлік адмирал, Балты
Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі (украин Украинаның Украина мемлекеттік қызметі) орталық атқа
Черноморочка

Черноморочка

Алексей Коренев басқарған комедия - Сценарий авторы - Евгений Помещиков Басты рөлдерде - Светлана Ж
Волово (Липецк облысы)

Волово (Липецк облысы)

Волово - ауыл, Липецк облысының Воловский ауданының орталығы. Воловского ауылдық кентінің орталығы.