Wed . 19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Мәрмәр

мәрмәр
Мәрмәр (грек. marmaros — жылтыр тас) — метаморфтық тау жынысы. Негізінен кальцит пен доломиттен құралады. Мөлшеріне қарай кальциттік Мәрмәр, доломиттік Мәрмәр болып бөлінеді. Басқа минералдармен араласқан түрі қатты кристалданған әктас немесе доломит болып келеді. Аймақтық және жапсарлық метаморфизмдерден әктастар, доломитті әктастар доломиттер сияқты карбонатты, шөгінді жыныстардың қайта кристалдануынан түзіледі. Мәрмәр күрделі қатпарлықтарға жиырылған қабаттар түрінде амфиболит, гнейс, тақтатастар секілді жыныстармен бірге кездеседі. Қоспалары: магнезит, графит, брусит, битумдар, слюда, хлорит, тремолит, тағыда басқа. Мәрмәрдің қаттылығы 3, көлемдік тығыздығы 2,63 — 2,9, түсі ақ, сұр, қара сұр, жасыл, алқызыл, сары, құба болып келеді. Құрылымы анық байқалатын толық кристалды, түйірлерінің ірілігі әр түрлі; текстурасы: біртекті жолақты, теңбіл, шыны жылтырлы, күңгірт, жақсы өңделеді. Осы қасиеттеріне орай Мәрмәр қолданбалы сәндік өнерінде, табиғи құрылыс материалы ретінде және монументті мүсін мен құлпытас жасауда кеңінен қолданылады. Ежелгі грек мүсіндері сары түсті паросс Мәрмәрдан жасалынған. Брусит Мәрмәрі түйіршіктелген магнезия мен металды магний алуда, отқа төзімді заттар және арнайы қағаз шығаруда пайдаланылады. Қоспасыз Мәрмәр электртехникада, ақ Мәрмәр мүсін жасауға, түсті Мәрмәр құрылыста қаптау, безендіру бұйымдары ретінде, баспалдақтар, бағандар жасауға, ескерткіштер тұғырын тұрғызуға қолданылады. Мәрмәр кен орындары Қазақстанда Кіші Қаратауда, Алтайда, Көкшетау массивінде, өлытау бойында, Солтүстік Балқашта кездеседі.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы


мәрмәр


Мәрмәр Туралы Ақпарат

Мәрмәр


  • user icon

    Мәрмәр beatiful post thanks!

    29.10.2014


Мәрмәр
Мәрмәр
Мәрмәр Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Мәрмәр бұл, Мәрмәр кім, Мәрмәр сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...