Sun . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Мұғалжар тауы

мұғалжар тауык, мұғалжар тауы
 Қазақстан, Ақтөбе облысы аумағында

Тау жүйесі

Орал

Пайда болған кезеңі

Девон, тас көмір

Ұзындығы

400 км

Ені

200 км

Ең биік шыңы

Боқтыбай

Биіктігі

657 м

Мұғалжар тауы

Мұғалжар тауы – Оралдың оңтүстік жалғасы.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Жер қыртысы мен геологиялық құрылымы
  • 3 Жер бедері
  • 4 Климаты
  • 5 Кен байлықтары
  • 6 Топырағы, өсімдігі
  • 7 Жануарлар дүниесі
  • 8 Галерея
  • 9 Дереккөздер

Географиялық орны

Ақтөбе облысы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).

Жер қыртысы мен геологиялық құрылымы

Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардың арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 – 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған.

Жер бедері

Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Оңтүстік бөлігі биік және қатты тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауы 48" с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте абсолюттік биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар тауы Ырғыз өзенінің салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады.

Климаты

Климаты тым континентті, қысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың орташа температурасы –15 – 18"С. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы 21 – 25"С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм.

Кен байлықтары

Мұғалжар тауы қойнауында мыс, никель, марганец, сирек металдардың, фосфорит және тас көмірдің кен орындары барланған. Олардың кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) өндірілуде.

Топырағы, өсімдігі

Солтүстік бөлігінің қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен. Оңтүстікке қарай астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). Жыраларда анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз. Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының қоры мол.

Батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі.

Ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырак жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады.

Жануарлар дүниесі

Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан тұрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан тышқаны мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.

Галерея

Дереккөздер

  1. ↑ Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
  2. ↑ Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х

мұғалжар тауы, мұғалжар тауык, мұғалжар тауыктын, мұғалжар тауып, мұғалжар тауыс, мұғалжар тауыспа, мұғалжар тауық, мұғалжар тауықтар, мұғалжар тауықтың


Мұғалжар тауы Туралы Ақпарат

Мұғалжар тауы


  • user icon

    Мұғалжар тауы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Мұғалжар тауы
Мұғалжар тауы
Мұғалжар тауы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Мұғалжар тауы бұл, Мұғалжар тауы кім, Мұғалжар тауы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресей мәртебесі муниципалдық ауданы Иркутск облысы енгізілген 21 муниципалитетов қаланың
Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі (украин Украинаның Украина мемлекеттік қызметі) орталық атқа
Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Татьяна Светлова Туған күні: 4 қараша 1959-1959-11-04 58 жаста Туған жері: Мәскеу Азаматтығы: Азама
Каннабиноидтер

Каннабиноидтер

Каннабиноидтер - 2-алмастырылған 5-амилресорсинден алынған терфенепенолды қосылыстар тобы. Табиғатта