Thu . 20 Aug 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Мұсылман

мұсылман футболисттер, мұсылман күнтізбесі
               

Бұл үлгіні: қарау • талқылау • 

Мұсылмандар (араб.: مسلم‎ — «мойынсұнушы», «көнуші») - Ислам дінін қабылдаған, Аллаһқа мойынсұнған адам. Мұсылман болу - ынта-ықыласымен Аллаһқа берілу, Хазіреті Мұхаммед Пайғамбардың айтқандарына толық илану, шариғат үкімдеріне мойынсыну және Исламды дін ретінде толық қабылдау деген мағына береді. Шынайы мұсылман иман шарттарына шек келтірмеу Ислам қағидаларын орындауы қажет («Бақара», 112, 131, 133-аяттар; «Әли Ғымран», 20, 83-аяттар; «Ниса», 125-аят; «Мәида», 44-аят; (Әнғам», 14- аят, т.б.) Мұсылман адамды кейде «му'мин» (мүмін, момын) деп те атайды.

«Муслим» - Исламды мойындаушы деген мағына берсе, «мумин» - иман келтіруші деген ұғымды білдіреді. Құран Кәрімде айтылғандай («Юныс», 84-аят; «Нәміл», 81 -аят, т.б.) иман мен Ислам ұғымдары бірін-бірі толықтырады, яғни Мұсылман мен мумин сөздері өзара мағыналас. Әйтсе де иман - иман негіздерге жүрекпен иланып, іштей сену болса, Ислам - сол сенімді жария ету және Жаратқанның әмірлеріне толық мойынсұнып, амал ету болып табылады. Құран Кәрімде муслим сөзі бірнеше рет кездеседі. Сонымен қатар мумин жайлы айтылатын аяттар және «Муминун» атты арнайы сүре бар. «Муминдер» деген мағына беретін «Муминун» сүресінде муминдердің намаздарын терең тебіреніспен беріле оқып, тиым салынған нәрселерден бойларын аулақ ұстайтыны, зекет беріп, аманатқа адалдықтанытатыны және сөздеріне берік екендіктері айтылады. («Муминун», 1 - 9-аяттар) «Інсан» сүресінде муминдердің Аллаһ ризалығын басты нысана етіп алатыны сөз болады («Инсан», 8 - 9-аяттар). Сондай-ақ, «Рағыд» сүресінде мумин «Аллаһ Тағаланың әмірлеріне толық мойынсұнып, есеп беретін ұлы күнді ойлаушы, сөзіне берік, ант пен аманатқа адалдық танытушы және Аллаһ ризалығы үшін сабыр сақтап, намазын уақытында оқушы» ретінде сипатталады. Хазіреті Мұхаммед Пайғамбарлық (с.а.у.) хадистерінде Мұсылман - Аллаһ және оның Елшісін жанынан жақсы көріп, иман еткеннен кейін күпірлік жасаулан тиылып, ғибадатын Аллаһ ризалығы үшін ықыласпен орындайтын адам. Ол тілімен де, қолымен де өзге мұсылмандарға зиян келтірмейді, қиынат жасамайды, Өйткені - мұсылман - мұсылманның бауыры. Көркем мінезді, иманжүзді мұсылманның негізгі сипаты - жомарттықпен жетім-жесірлерге жәрдем береді, Аллаһтың берген нәсібін Жаратқанның жолында жұмсайды.

Дереккөздер

  1. ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1


мұсылман діні, мұсылман күнтізбесі, мұсылман ренессансы, мұсылман футболисттер, мұсылман қорғаны, мұсылманша ат қою, мұсылманша есімдер, мұсылманша түс жору


Мұсылман Туралы Ақпарат

Мұсылман


  • user icon

    Мұсылман beatiful post thanks!

    29.10.2014


Мұсылман
Мұсылман
Мұсылман Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Мұсылман бұл, Мұсылман кім, Мұсылман сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...