Wed . 19 Jun 2019

Мырзашөл


Мырзашөл– Сырдарияның жоғарғы бойының сол жағын алып жатқан құмды шөл. Солтүстік жағы Оңтүстік Қазақстан облысы жеріне кіреді. Қызылқұмға ұласатын қазақстандық Мырзашөлдің абсолюттік биіктігі 150–250 м келген құм төбелі, белесті жазық. Климаты қуаң континенттік. Қысы жылы, жазы ыстық және ұзақ болады; ауаның орташа темп-расы қаңтарда –2,1С, шілдеде 27,9С. Жауын-шашын мөлшері 200–240 мм. Жер асты суының қоры мол (қ. Қызылқұм артезиан алабы). Негізінен сұр топырақты келеді, сортаңдау жерлері де кездеседі. Көктемде эфемерлік шөптесін өсімдік қалың өседі, кейін бұлар қурап кетеді де, жазда жусан, жантақ тектес өсімдіктер сақталады. Ақбөкен, қасқыр, түлкі, қарсақ, құмқоян, бауырымен жорғалаушылардың түрлері; құстардан қырғауыл, үйрек, бөдене, дуадақ, тағы басқа кездеседі. Мырзашөл өңірін игеру 20 ғасырдың 20-жылдары Түркістан өңірін суландыру және суармалы егіншіліктің аумағын едәуір ұлғайту мақсатында жүргізілген ирригациялық жұмыстардан басталды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Мырзашөл өңірінде Шардара бөгені, Қызылқұм суару жүйесі сияқты жасанды айдындар іске қосылды және бұлардың негізінде Мырзашөл суару-суландыру жүйесі қалыптастырылды. Мырзашөлдегі Мақтаарал, Шардара аудандары республикадағы мақта өсіруші басты алқаптардың бірі.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энцикопедиясы VI-том
  2. ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2



Мырзашөл Туралы Ақпарат

Мырзашөл


  • user icon

    Мырзашөл beatiful post thanks!

    29.10.2014


Мырзашөл
Мырзашөл
Мырзашөл Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Мырзашөл бұл, Мырзашөл кім, Мырзашөл сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...