Thu . 20 Feb 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Моғол

моғолстан мемлекеті, моғолстан
Моғол , мұғыл, мугул (жете, чете, чат, мағұл) – 1) Жетісу мен Шығыс Түркістан жеріндегі көне түркі тайпаларының одағы. Моғол тарихта орта ғасырдан белгілі. Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін, Жетісу мен Шығыс Түркістанда осы одақтың атымен Моғолстан, кейіннен Үндістанда Бабыр құрған ұлы моғол мемлекеті пайда болды. Көптеген тарихи деректерде Моғол моңғол тектес деп жазылған. Бірақ Қ.Жалайыри, Моғол Мұхаммед Хайдар Дулат жазбаларына сүйеніп, Ш.Уәлиханов “моғол четені моңғолдармен шатастыруға болмайды, олар мұсылман дініндегі түркі тілдес тайпалар” десе, проф. В.В. Григорьев “моғол-четені нағыз моңғолдар деуге болмайды” деп жазды.Г.Левшин зерттеуінде 16 ғасырда Қыпшақ пен Чете даласын Дадан хан билеген моғол ұлысы және қазақтар мекендеді, сол кезде Алтын Орда құрамындағы әр түрлі тайпалардан бөлінген халықтар қазақтарға еріксіз немесе өз еркімен келіп қосылды дейді. Ал Рашид ад-Диннің жазбасындағы Жалайыр тайпасының бір атасы Жайт – Чат Четеге ұқсас. Бұлар көне заманда Сыр мен Шу, Талас бойын мекендеген Сырманақтан, Шуманақтан тараған. Жамал Қарши Моғолды Жете деп жазады. Тегінде бұл тайпаның ертедегі атауы осындай болуы ықтимал, өйткені Жайт-Чат өзгеріске түсіп, Жете-Чете аталып кеткен; 2) Орта ғасырдағы Моғолстанның әскерімен келген түркі тайпалары (мухгал, мугул). Үндістандағы ақсүйектер қауымы-шарифзатқа жататын саийд, шейх, патанның қатарына Моғол да енген.

К. Пищулина

Сілтемелер

  • Жайт – Чат
  • Жетісу
  • моңғол

Дереккөздер

  1. ↑ Валиханов Ч.Ч., Собр. соч., т. 1, А.-А., 1961
  2. ↑ История Индии в средние века, М., 1968
  3. ↑ Дулати М.Х., Тарих-и Рашиди, А., 1999.


моғолстан, моғолстан мемлекеті


Моғол Туралы Ақпарат

Моғол


  • user icon

    Моғол beatiful post thanks!

    29.10.2014


Моғол
Моғол
Моғол Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Моғол бұл, Моғол кім, Моғол сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...