Wed . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Молизе

регион молизе, шарф молизе
Италия

Статусы:

әкімшілік аймақ

Кіреді:

Оңтүстік Италия

Енеді:

Провинциялар:
Кампобассо, Изерния

Әкімшілік орталығы:

Кампобассо

Басшысы:

Микеле Йорио (2005)

Тұрғыны

322 000

Тығыздығы:

75 адам/км²

Жер аумағы:

4 438 км²

Ресми сайты Координаттар: 41°41′59″ с. е. 14°36′40″ ш. б. / 41.699722° с. е. 14.611111° ш. б. (G) (O)41.699722, 14.611111

Моли́зе (итал. Molise, Үлгі:Lang-nap) — Италия әкімшілік аймағы. Абруццо, Лацио, Кампания және Апулия аймақтарымен шектеседі, Адриат теңізіне шығады. 2 провинциядан тұрады: Кампобассо және Изерния. Астанасы - Кампобассо.

Мазмұны

  • 1 Физико-географиялық сипаттамасы
  • 2 Экономикасы
  • 3 Қала орталықтары
  • 4 Сыртқы сілтемелер
  • 5 Дереккөздер

Физико-географиялық сипаттамасы

Молизе провинциялары

Таулы жерлері көбінесе аймақтың түкпірінде Лацио және Абруццо шекараларында орналасқан. Ең үлкен тау сілемдері - Кампо, Капраро және Мета (тау). Адриат теңізі жағалауына жақындай бере жердің таулылығы азаяды. Су ағындары тауларда аймақтың үш басты өзендері - Триньо, Биферно және Форторе ағатын өзен аңғарларын қалыптастырған. Негізгі тау жыныстары - шөгінді, әктасты болып келеді. Бұл өз кезегінде жылжымалар мен селдердің пайда болуына себепші болады. Орман алқаптары аз кездеседі. Күзі жаңбырлы, қысы суық болып келеді. Молизе оңтүстік Италияның ең суық аймақтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар жағалау климаты жылы және теңіз бриздеріне тәуелді болып келеді.

Экономикасы

Молизе әкімшілік аймағы 1963 жылы Абруццо аймағынан бөліну нәтижесінде пайда болды. Ауыл және Мал шаруашылығы бұрыннан бері аймақ экономикасының негізі болып келеді. Бұл жөнінде көршілес аймағы Абруццомен ұқсастығына қарамастан, Молизе экономикасы баяуырақ дамуда. Индустриалды өндірісі әлсіз дамыған, көбіне Биферно өзені аңғары мен Термоли қаласында орналасады. Бұл - аймақта пайдалы қазбалардың және туристік объектілердің аз тарағандығына байланысты. Аймақтын ЖІӨ - 0,4%. Молизе ЖІӨ 5.958,7 млн евроны құрайды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ - 18.591,9 евро.

Қала орталықтары

Молизе елді мекендерінің басым көпшілігінің тарихы ежелгі замандардан бері созылып келеді. Кампобассо (51 мың адам, 2006 жылғы санақ бойынша) - аймақ астанасы, аймақтың түкпірінде теңіз деңгейінен 700 м биіктікте орналасқан; сауда ісі аймақ экономикасының негізін құрайды. Жағажайдағы Термоли (31 мың адам, 2006 жылғы санақ бойынша) балық аулау орталығы өзінің аймақтағы ең үлкен кемежайымен және мөлшермен XI ғасырда салынған сарайымен белгілі

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Molise

Дереккөздер

  • Mangasaryan V. Le Regioni d'Italia. Erevan, 2003.
Италия аймақтары

Абруццо | Базиликата | Калабрия | Кампания | Эмилия-Романья | Лацио | Лигурия | Ломбардия | Марке | Молизе | Пьемонт | Апулия | Тоскана | Умбрия | Венето | Фриули-Венеция-Джулия | Сардиния | Сицилия | Трентино — Альто-Адидже | Валле-д’Аоста

 

молизе, молизе италия, регион молизе, шарф молизе


Молизе Туралы Ақпарат

Молизе


  • user icon

    Молизе beatiful post thanks!

    29.10.2014


Молизе
Молизе
Молизе Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Молизе бұл, Молизе кім, Молизе сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Соннеберг (туннель)

Соннеберг (туннель)

Швейцарияның Люцерн қаласына жақын жерде орналасқан, ұзындығы 1550 метр болатын туннель 1550 метр, Ш
Каннабиноидтер

Каннабиноидтер

Каннабиноидтер - 2-алмастырылған 5-амилресорсинден алынған терфенепенолды қосылыстар тобы. Табиғатта
Волово (Липецк облысы)

Волово (Липецк облысы)

Волово - ауыл, Липецк облысының Воловский ауданының орталығы. Воловского ауылдық кентінің орталығы.
Қызыл Башқұртия

Қызыл Башқұртия

Красная Башкирия - Красная Башкирия - Абзелиловский ауданы Басқалар Красная Башқұртия - 1925-1951