Tue .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Мозамбик

мозамбик карта, мозамбик википедия
Мозамбик Мозамбик Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 801,6 мың км². Астанасы – Мапуту қаласы Халқы – 19,1 млн. Тұрғындарының 47%-ын макуа-ломве, 23%-ын тсонга, қалған бөлігін малави, шона, яо этн. топ өкілдері құрайды. Ресми тілі – португал тілі, макуа, малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кең таралған. Халқының 30%-ы христиандар, 10%-ы мұсылмандар, 60%-ы жергілікті діни сенімдерді ұстанады. Мозамбик әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы – үкімет. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 25 маусым (1975). Мозамбик 1975 жылдан БҰҰ-ға, Африка Бірлігі ұйымына (АБҰ) мүше. Ақша бірлігі – метикал. Мозамбик' Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстігінде Танзаниямен, батысында Малави, Замбия, Зимбабвемен, оңтүстігінде Суазиленд және Оңтүстік Африка Республикасымен, шығысында Үнді теңізімен шектесіп жатыр. Әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Ресми тілі - португал тілі, сондай-ақ жергілікті халықтардың макуа, малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кеңінен қолданылады. . Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы - Үкімет

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Әдебиеттер

Табиғаты

Елдің солтүстігінде биіктігі 2419 метрге дейін жететін Шығыс Африка таулары орналасқан. Ең биік жері батыстағы Матабеле (2436 м) шыңы. Шығыс мұхит жағалауларында ойпатты жазық бар, орталық бөлігі таулы келеді. Мозамбиктің негізгі өзендері:Замбези мен Лимпопо. Ең үлкен көлі ішінара Мозамбик аумағына орналасқан Ньяса (Малави) көлі. Негізгі пайдалы қазбалары:таскөмір, титан, темір кендері, боксит пен мыс. Солтүстігінде сирек ормандар, жағалауларында ылғалды саванна, ірі өзендердің жағасында мәңгі жасыл ағаштардың бірнеше түрлері өсетін орман бар. Жануарлар дүниесі бай әрі алуан түрлі болып келеді. Оңтүстік Африканың басқа жерлерінде ұлттық бақтар мен қорықтарды ғана мекендейтін Африка пілдері, киіктер, керіктер, мүйізтұмсықтар, арыстандар, леопардтар, шиебөрілер өмір сүреді. Ормандарында маймылдар, жыландар мен құстар көп. Сирек кездесетін ақ мүйізтұмсық, кафр буйволы өседі. Солтүстігінде климат субэкваторлық, муссонды, оңтүстігінде тропикалық пассаттық. Жылдық орташа темп-расы оңт-те 20 – 22ӘС, солтүстікте 25 – 28ӘС шамасында. Оңтүстік бөлігіндегі жылдық жауын-шашын мөлшері 750 – 1000 мм, ал солтүстік бөлігінде 1500 мм-ге дейін жетеді.

Тарихы

Тарихы. Мозамбик жерін ежелгі заманнан бушмендер мен готтентоттар мекендеді. Кейіннен оларды банту тайпалары ығыстырды. Б.з. 1-мыңжылдығының соңы мен 2- мыңжылдықтың басында Мозамбик аумағында мемлекет бірлестіктері (ең ірісі Мономотапа) пайда болды. 8 ғасырдан бастап арабтар, 16 ғасырдың басынан португалдар Мозамбик жағалауларына өтіп, елге ішкерілей ене бастады. Португалдар 1505 жылы Софала фортын, 1508 жылы Мозамбик бекінісін салды. 1629 жылы португалдар Мономотапаның билеушісін өздеріне бағынышты ететін шартқа қол қоюға мәжбүр етті. 17 – 18 ғасырларда португал отаршылдары Мозамбик аумағында құл саудасымен айналысты. Құлдарды Бразилиядағы қант плантацияларына жұмыс істеуге тасыды. 1752 жылы Португалияның дербес отарына айналды. Португалдардың Мозамбиктің ішкі аудандарына толық билік орнатпақ болған әрекеттері Ватуа мемлекетімен арадағы ұзаққа созылған соғысқа әкеп соқты. Африкалықтар 1894 – 95 жылы отаршылдарды бірнеше рет жеңіліске ұшыратты. Тек 1895 жылдың соңында ғана португалдар ватуалықтарға тойтарыс беріп, басшыларын тұтқындады. Бұдан кейін де қарулы күрес 2 жылға созылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін басқа Африка елдері сияқты Мозамбикте де ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1962 жылы құрылған ФРЕЛИМО (Мозамбикті азат ету майданы) қарулы ұйымы тәуелсіздік алу жолында португалдармен күрес жүргізді. Нәтижесінде 1975 жылы 25 тамызда Португалия Мозамбиктің тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. Мозамбик ұлттық қарсыласу қозғалысы мен билік арасындағы 16 жылға созылған азамат соғысы 1992 жылы бейбіт келісімге қол қоюмен аяқталды.

Экономикасы

Экономикасы. Ауыл шаруашылығы мен су энергетикасының экономикалық мүмкіндіктеріне қарамастан Мозамбик Африканың ең кедей елдерінің қатарында қалып отыр. Өнеркәсібінің неғұрлым дамыған салалары:мұнай , химия, тоқыма, темекі, тамақ өндірісі. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары:мақта, қант құрағы, шай, маниох, жүгері, күріш. Экспортқа кешью жаңғағы, қант, мұнай өнімдерін, копра, мақта, цитрустық жемістер шығарады. Сырттан машина, түрлі құрал-жабдықтар, азық-түлік сатып алады. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 500 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері – Португалия, Оңтүстік Африка Республикасы, АҚШ.

Әдебиеттер

Әдебиеттер:Хазанов А.М., Политика Португалии в Африке и Азии, М., 1967; Мондлане Э., Борьба за Мозамбик, пер. с англ., М., 1972; Страны мира, Полный универсальный информационный справочник, М., 2004. Н. Әшіров

қ • т • өЛатын одағы

Ангола • АндорраАргентинаБоливияБразилияВатиканВенесуэлаГвинея-БисауГватемалаДоминикан РеспубликасыЭквадорИспанияИталияКабо-ВердеКоста-РикаКот-д’ИвуарКубаМальтаМексикаМозамбикМолдоваМонакоНикарагуаГондурасПанамаПарагвайПеруФилиппиндерПортугалияРумынияСан-Томе және ПринсипиСан-МариноСенегалУругвайФранцияЧили


мозамбик, мозамбик африка, мозамбик валута, мозамбик википедия, мозамбик карта, мозамбик места отдыха, мозамбик на карте, мозамбик столица, мозамбик улс, мозамбик фото


Мозамбик Туралы Ақпарат

Мозамбик


  • user icon

    Мозамбик beatiful post thanks!

    29.10.2014


Мозамбик
Мозамбик
Мозамбик Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Мозамбик бұл, Мозамбик кім, Мозамбик сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресеймәртебесімуниципалдық ауданыИркутск облысы енгізілген21 муниципалитетовқаланың
Ishikawa, Kasumi

Ishikawa, Kasumi

Касуми Ишикава Яп 石川 佳 純 Ишикава:Касуми 1993 жылы 23 ақпанда дүниеге келген - жапондық спортшы, үст
Каннабиноидтер

Каннабиноидтер

Каннабиноидтер - 2-алмастырылған 5-амилресорсинден алынған терфенепенолды қосылыстар тобы. Табиғатта
Елтаңба Сити (Лондон)

Елтаңба Сити (Лондон)

Егжей-тегжейлері1633 ж. бекітілген «Қалқан» - ағылшыншаұраны:Domine dirige nos - Ұлы Германы Л