Sun . 20 Jul 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Меркі

меркі
МеркіЖамбыл облысы, Меркі ауданының орталығы, ауыл, ауылдық әкімшілік округі орталығы, станция. Облыс орталығы – Тараз қаласынан шығысқа қарай 163 км, Қырғыз Алатауының етегінде, Меркі өзенінің жағалауындағы селеу, сұлыбас, бетеге, т.б. астық тұқымдасты шөптесін басым өскен тау алдының қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. Тұрғыны 35,9 мың адам (2009).

Іргесі орта ғасырларда қаланды. 6–8 ғасырда Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы болды. 13 ғасырда ол белгілі Меркі қамалына айналды. Ауыл орталығында көне қамалдың жұрнағы осы күнге дейін сақталған. 1905 ж. Меркіде тұңғыш мектеп ашылып, бұл мектептен еліміздің ардагер азаматтары – Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, т.б. оқып шықты. Меркі ауылындағы бұрынғы шаруашылық субъектілер 1996 жылдан бастап өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтарына өзгертілді.

Ауылда 2 орта мектеп, кәсіптік мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, мұражай, стадион, «Меркі» шипажайы, орталық аудандық аурухана, санэпидстанса, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы Тараз – Алматы, ТаразБішкек автомобиль жолдары және ТаразБішкек темір-жолы өтеді.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

меркі


Меркі Туралы Ақпарат

Меркі


  • user icon

    Меркі beatiful post thanks!

    29.10.2014


Меркі
Меркі
Меркі Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Меркі бұл, Меркі кім, Меркі сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...