Thu . 20 May 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Мельбурн

мельбурн википедия, мельбурн австралия
Мельбурн (ағылш. Melbourne /ˈmɛlbə(r)n/, жергілікті айтылу )  Порт-Филлип шығанағы айналасында орналасқан, Виктория шатының астанасы және Австралияның жер көлемі бойынша екінші қала. Қала маңымен бірге халықтын саны шамамен 3,8 миллион адам (2007 жыл).

Австралияның сауда, өнеркәсіптік және мәдени орталықтарының бірі болып саналады. Сонымен қатар Мельбурнді елдің «спорттық және мәдени астанасы» деп жиі атайды, өйткені онда Австралияның көптеген спорттық және мәдени шаралар өтіп тұрады. Қала өзінің викториан және заманауи сәулетінің үйлесуімен, көптеген саябақтар мен бақшалармен, көпжүзді және көпұлтты халқымен танымал. 1956 жылы Мельбурн жазғы Олимпиада ойындарын, ал 2006 жылы — Ынтымақтастық Ойындарын өткізген. Сонымен қатар осында 1981 жылы Ұлттар Ынтымақтастығы одағына кіретін мүше елдерінің басшыларының кездесуі, ал 2006 жылы он тоғыз аса дамыған елдерінің басқарушылары қатысқан — G20 саммиті өтті. 2011 жылы The Economist журналы Мельбурнді әлемдегі өмір сүруге ең жайлы қала деп атаған.

Мельбурн 1835 жылы Ярра өзенінің бойында ауылшаруашылық қоныс ретінде еркін қоныстанушылармен қаланған.. Викторияда болған алтын безгегі арқылы Мельбурн тез арада метрополияға айналды және 1865 жылға қарай Австралияның ең ірі жіне маңызды қаласы болды . Бірақ XX ғасырдың басында біріншілік жүлдесін ол Сиднейге берді.

Мазмұны

  • 1 Бұқаралық ақпарат құралдары
  • 2 Демография
  • 3 Дін
  • 4 Мәдениеті
  • 5 Спорт
  • 6 Қаланың белгілі тұлғалары
  • 7 Бауырлас қалалары
  • 8 Дереккөздер

Бұқаралық ақпарат құралдары

Мельбурнның ең ірі газеттері Руперт Мердоктің Herald Sun және Fairfax серіктестігінің меншігіндегі The Age газеті болып табылады, сонымен бірге mX кешкі таблоиды, оны да Мердок шығарады. Жалпы ұлттық газета The Australian Мельбурнде Виктория штаты үшін арнайы басылым ретінде шығарылады. Бұл газет те Мердокке басыбайлы. Мердок Ньюс Групп жетісінде бір шығатын жорналдар шығарады және Fairfax-тың 50% акцияларына ие, сөйтіп, Мельбурнде басылатын барлық күнделікті газеттер, Мердок империясына кіреді. Австралияның ең ірі муниципалды медиакомпаниясы — Leader Newspapers — Мельбурнның аудандары мен муниципалитетерінің мәселелері туралы баяндайтын әр жеті сайынғы 33 жергілікті газеттр шығарады.

Мельбурнде эфирге үш коммерциялық телеарналар шығады: Seven, Nine и Ten және үш қоғамдық: ABC, SBS және муниципалды арна C31. Қалада көптеген радиостанциялар хабарлайды (ең белгілілері: 3MBS, Triple J, Fox FM, 3AW, SEN 1116), олар көбінесе қаланың негізгі үш ірі желіге тиесілі: DMG Radio Australia, Austereo және Southern Cross Broadcasting.

Демография

Мельбурнның демографиялық картасы. Әр бір нүкте басқа елдерде туылған 100 адамға сай. Ұлыбританияда (қара көк түс), Грекияда (ақшыл көк түс), Қытайда (қызыл), Үндістанда (қоңыр), Вьетнамда (сары), Түркияда (қарақошқыл), Италияда (ақшыл жасыл түс) және Югославияның бұрынғы мемлекетінен (қара жасыл түс).
Туған жері бойынша
Мельбурннiң негiзгi ұлттық топтарының саны.
 Ұлыбритания 156 457
 Италия 73 801
 Вьетнам 57 926
 Қытай 54 726
 Жаңа Зеландия 52 453
 Грекия 52 279
 Үндістан 50 686
 Шри-Ланка 30 594
 Малайзия 29 174
 Филиппиндер 27 568
 Германия 21 182
 Мальта 18 951
 Оңт. Африка 17 317
 Македония 17 287
 Гонконг 16 917
 Польша 16 439
 Хорватия 15 367
 Ливан 14 645
 Нидерланд 14 581
 Түркия 14 124
Мельбурнның халық саны
(жылдар бойынша)
1836 177
1854 123 000 Алтын безгегі
1880 280 000 Жылжымайтын мүлiктiң бумы
1956 1 500 000
1981 2 806 000
1991 3 156 700 Экономикалық құлдырау
2001 3 366 542
2006 3 744 373
2011 3 872 918 Болжам
2021 4 253 367 Болжам
2031 4 591 846 Болжам
Статистика бойынша Австралиядағы тұратын он еврейдің төртеуі Мельбурнде тұрады.

Мәдениеті

Федерация алаңындағы ғимараттар кешені — заманауи сәулет өнерінің тамаша үлгісі Принцесс-Сиэте театрының ғимараты

Мельбурн — Австралияның мәдени және спорттық астанасы. Қалада мәдени шаралардың көптеген түрлері өткізіледі, осында Австралияның ең ірі мұражайлары мен көрмелері орналасқан. Жергілікті архитектурасы да ерекше.

Көптеген танымал австралиялық музыканттары Мульбурн қаласынан шыққан. Соңғы жылдарда қала әлемге стрит-арт өнері арқылы әйгілі болды және осы бейнелеу өнерінің орталығына айналды. Бұл қалалық өнерінің заманауи түрі Мельбурнде соншалықты әйгілі болғаны, оны жолнұсқаларда да табуға болады. Қала Викториан архитектурасының (1837—1901) негізгі орталықтарының бірі болып саналады. Осы стильінде салынған ғимараттар қалада көптеп кездеседі. Сонымен қатар XX ғасырдың ортасында пайда болған заманауи архитектурасыз қаланың сәулет бейнесін елестету мүмкін емес.

Мельбурннің театрлік өмір өте әртүрлі. Қала Австралияның Ұлттық балетінің үйі болып табылады. Корольдық мельбурндық филормониялық оркестрі осында 1853 жылы негізделген. «Корольдық» деп атанған Австралияның жалғыз және ең ескі кәсіби оркестрі болып саналады. Мельбурн Австралиядағы ең көп театрлер орналасқан қала. Сонымен қатар Мельбурн Австралияның сән орталығы болып табылады. Осында жыл сайын Мельбурн сән фестивалі өткізіледі.

Спорт

Мельбурн Крикет Алаңы, қаладағы ең ірі спорттық ғимараттарының бірі

Мельбурн Австралияның мәдени және спорттық астанасы ретінде өте танымал. Жыл сайын онда көптеген ұлттық және халықаралық спорттық жарыстар өткізіледі. Соның ішінде ең маңыздылары:

  • Аустралияның ашық чемпионаты (теннис), бұл турнир Үлкен Шлем кезеңдерінің бірі;
  • Аустралия гран-приі (Формула-1);
  • Мельбурн кубогі (ат жарыстары);
  • Аустралия футбол лигасы маусымының финалы.

Бұдан басқа, Мельбурн 1956 жылдың жазғы Олимпиада ойындарын және 2006 жылы Ынтымақтастық ойындарын өткізген. 2003 жылы Мельбурнде регбиден әлем кубогы өткізілген; 2001 жылы Мельбурн Полодан әлем чемпионатын өткізген Оңтүстік жартышардағы бірінші қала. 2007 жылы қалада су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтті.

Мельбурн аустралиялық футболдың отаны болып табылады — Аустралиядағы жарыстарға келуші көрермендер санынан аса әйгілі спорттың түрі. Аустралияның футбол лигасында (АФЛ) ойнайтын он алты командасынан тоғызы қалада орналасқан. АФЛ маусымының финалы ішкі австралиялық спорттық шараларының ең ірісі болып саналады және қыркүйектің соңғы сенбісінде өткізіледі.

Мельбурнде әрқайсысы өз трибуналарында 10 000 адамды сыйғыза алатын 29 спорттық ғимарат бар. 2000 жылы қаладағы ең ірі стадионның құрылысы аяқталды — Телстра Дом, 56 000 адамды сыйғыза алады. Бұл стадион әлемдегі футбол мен крикеттен жарыстарды шатыр астында өткізуге болатын бірінші спорттық ғимарат.

2006 жылы лондондық АркСпорт зерттеу және консультативті серікткстігі Мельбурнді спорттық жарыстарды өткізуге арналған әлемдегі ең жақсы қала деп таныған. Осыдан кейін Мельбурнді әлемнің бейресми спорттық астанасы деп санауға болады.

Қаланың белгілі тұлғалары

Альфред Дикин

Саяси қайраткерлер

  • Альфред Дикин — Аустралияның 2-ші премьер министрі
  • Стенли Брюс — Аутралияның 12-ші премьер-министрі
  • Гарольд Холт — Аутралияның 17-ші премьер-министрі
  • Джон Гортон — Аутралияның 19-шы премьер-министрі
  • Гоф Уитлам — Аутралияның 21-ші премьер-министрі
  • Малколм Фрейзер — Аутралияның 22-ші премьер-министрі
  • Джозеф Уард — Жаңа Зеландияның 17-ші премьер-министрі

Бизнесмендер

  • Руперт Мердок — дүние жүзіне танымал медиамагнат

Спортшылар

  • Марк Филиппуссис — теннисші
  • Марк Уэббер — Формулы-1 пилоты

Мәдениет қайраткерлері

  • Эрик Бана — киноактер
  • Кейт Бланшетт — танымал кино- және театр актрисасы.
  • Стив Ирвин — танымал австралиялық натуралисті, тележурналист және тірі табиғат туралы көптеген фильмдерінің авторы.
  • Мэрни Кеннеди — австралиялық актриса.
  • Кайли Энн Миноуг — австралиялық әнші, өлеңдер авторы, актриса.
  • Данни Миноуг — австралиялық әнші, актриса, өлеңдер авторы, тележүргізуші, киім дизайнері.
  • Лиза Джеррард — австралиялық музыкант, вокалшы және композитор
  • Фли — Red Hot Chili Peppers тобының бас-гитаристі
  • Фил Рад — AC/DC тобының дабылшысы
  • Крис Чини — гитаристші, вокалшы, The Living End тобының лидері
  • Ли Уоннелл — сценаристші, актер, «Пила» франшизасы бойынша танымал
  • Джесси Спенсер — актер, House MD сериалы бойынша танымал
  • Эмили Браунинг — актриса

Бауырлас қалалары

Мельбурнның алты бауырлас қаласы бар:

  •  Жапония, Осака, 1978
  •  Қытай, Тяньцзинь, 1980
  •  Грекия, Салоники, 1984
  •  АҚШ, Бостон, 1985
  •  Ресей, Санкт-Петербург, 1989
  •  Италия, Милан, 2004

Дереккөздер

  1. ↑ Regional Population Growth, Australia, 2006-07.  (ағыл.). Australian Bureau of Statistics. Тексерілді, 8 ақпан 2010.
  2. a b Commonwealth Games Melbourne 2006  (ағыл.). Australian Government. Culture and Recreation Portal. Тексерілді, 8 ақпан 2010.
  3. ↑ Liveability ranking: Melbourne storm
  4. ↑ City of Melbourne. Settlement – foundation and surveying.  (ағыл.). City of Melbourne. Тексерілді, 8 ақпан 2010.
  5. ↑ Fassa, James Jupp. The Snowy Mountains Scheme and Multicultural Australia.  (ағыл.). Australian Academy of Technological Sciences and Engineering.. Тексерілді, 8 ақпан 2010.
  6. ↑ Lee, Robert. Linking a Nation: Australia's Transport and Communications 1788 - 1970.  (ағыл.). Australian Government. Australian Heritage Council.. Тексерілді, 8 ақпан 2010.
  7. ↑ 2006 Census Tables : Country of Birth of Person by Year of Arrival in Australia - Melbourne. Australian Bureau of Statistics. Тексерілді, 16 сәуір 2008.
  8. ↑ Victiorian Cultural Diversity Week. (ағыл.)
  9. ↑ Population Projections, Australia, 2004 to 2101. Australian Bureau of Statistics. Тексерілді, 8 маусым 2008.
  10. a b 2006 Census QuickStats : Melbourne (Statistical Division)  (ағыл.). Australian Bureau of Statistics. Тексерілді, 11 августа 2008.
  11. ↑ We are world's sports capital. News.com.au. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 желтоқсан 2012. Тексерілді, 28 ноября 2006.
  12. ↑ Our sister cities. City of Melbourne. Тексерілді, 23 ақпан 2012.

мельбурн, мельбурн vic, мельбурн австралия, мельбурн википедия, мельбурн время, мельбурн кап скачки wiki, мельбурн орел и решка, мельбурн погода, мельбурн санкт-петербург, мельбурн флорида карта


Мельбурн Туралы Ақпарат

Мельбурн


  • user icon

    Мельбурн beatiful post thanks!

    29.10.2014


Мельбурн
Мельбурн
Мельбурн Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Мельбурн бұл, Мельбурн кім, Мельбурн сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...