Sun .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Мексика

мексика, мексика канкун
Координаттар:22°23′00″ с. е. 102°02′00″ б. б. / 22.383333° с. е. 102.033333° б. б. (G) (O)22.383333, -102.033333

Мексика (ис. México ), толық атауы Мексика Құрама Штаттары (ис. Estados Unidos Mexicanos)  — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр.

  • Жер аумағы 1958,2 мың шаршы километр.
  • Халқы 120 286 655 адам (2014).
  • Ұлттық құрамы метистер (испандар мен үндістердің некесінен тарағандар) (78%), үндістер (15%) және еуропалықтардан (7%) тұрады.
  • Астанасы — Мехико қаласы
  • Ресми тілі — испан тілі.
  • Халқының басым бөлігі — христиан-католиктер.
  • Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы:Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын өлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы — Министр Кабинеті ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 16 қыркүйек (1810). Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына (АМҰ) (1948) мүше. Валютасы - Мексика песосы.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Географиясы мен климаты
    • 2.1 Мексика шығанағы (Gulf of Mexіco; Golfo de Méxіco)
  • 3 Әкімшілік бөлінуі
  • 4 Табиғаты
  • 5 Экономикасы
  • 6 Мексикалықтар
  • 7 Мексика таулы қыраты
  • 8 Мехико қаласы
  • 9 Мәдениеті
  • 10 Мексика асханасы
  • 11 Дереккөздер

Тарихы

Мексика жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастаған. Шамамен б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап Орталық және Оңтүстік Мексикадағы тайпалар отырықшылыққа көшті, егіншілік, қол өнері, өнер, дін дамыды.

Б.з. бастапқы кезеңінде Орталық Американың солтүстік-батыс бөлігіне майя тайпалары қоныстанды (қара Майя мемлекеті).

15 ғасырда бүкіл орталық Мексиканы өздеріне бағындырған ацтектер Теночтитлан қаласының (қазіргі Мехико) негізін қалады.

1519 жылы Э.Кортес бастаған испан отаршылары Мексикаға ішкерілей еніп, басқыншылық соғыс жүргізе бастады. Куаутемок басшылық еткен үндістер басқыншыларға қарсы табанды қарсылық көрсетті, бірақ 1521 жылы испандар Теночтитланды басып алды. 16 ғасырдың соңына қарай испандар Мексика жерін негізінен бағындырып болды. Байырғы халықтар жерлерінен айырылып, ауыр қанауға, аштыққа ұшырады. 25 миллионға жуық үндістердің 1605 жылы 1 миллионнан астамы ғана қалды.

1624, 1692 жылы Мехикода, 1660 жылы Оахакиде, 1761 жылы Юкатанда, 1767 жылы Мичоаканда үндістердің испан үстемдігіне қарсы ірі көтерілістері болды. Мексиканы отарлау барысында түрлі этникалық топтардың (еуропалықтар, үндістер, Африкадан әкелінген құл-негрлер) араласуы нәтижесінде 17 — 18 ғасырларда халықтың ортақ тілі мен діні қалыптасты. Отаршыларға қарсы жиі-жиі азаттық қозғалысы болып тұрды. 1810 жылы 16 қаңтарда діни қызметкер М.Идальго мен оның ізбасары Х.М. Морелос бастаған халық көтерілісі болды. Бірақ көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, басшылары өлтірілді.

Көтерілістің нәтижесінде А.Итурбиде басқарған ұлт-азаттық күштер 1821 жылы 28 қыркүйекте Мехиконы азат етіп, Мексиканың тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ елде азамат соғысы басталды. 1824 жылы қазан айында конгресс конституция қабылдап, Мексиканы республика деп жариялады. 1833 жылы өкімет басына келген А.Санта-Ана конституцияға тыйым салып, елде диктатура орнатты.

19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Құрама Штаттары">Америка Құрама Штаттары Техасты отарлауға кірісті. 1846 жылы Құрама Штаттары">Америка Құрама Штаттары Мексикаға қарсы соғыс жариялады. Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен айырылып қалды.

1855 жылы Санта-Ана диктатурасы құлап, либералдық үкімет билікке келді. 1857 жылы жаңа конституция қабылданды.

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінде ел экономикасы дамыған елдерден көп артта қалды. Экономиканы негізінен шетел капиталы биледі. 1910 — 17 жылы төңкеріс нәтижесінде елде демократиялық өзгерістер болды. 2-дүниежүзілік соғыс барысында Мексика үкіметі бейтарап саясат ұстанатындығын мәлімдеді. Бірақ фашистік қауіптің күшеюіне байланысты, 1942 жылы мамырда антигитлерлік коалицияның құрамына енді. Соғыстан кейінгі кезеңде Мексикада экономиканы дамыту мен демократиялық бостандықтар, әлеуметтік құқықтарды кеңейту жолында бірқатар прогресшіл шаралар жүзеге асырылды.

Географиясы мен климаты

Мексика, ғарыштан түсірілген сурет

Солтүстік Америкада құрлығының оңтүстігінде орналасқан Мексика, Орта Америка мемлекеттерінің ішінде ең үлкен аумақты алатын ел. Юкатан жартыаралы Мексика жерлерінің 12 %-ын құрайды. Мексика Юкатан жартыаралымен бірге Теуантепек қылтасының шығыс жағында орналасқан. Солтүстік жағында АҚШ-пен шекараласады. Шекара ұзандағы 3141 км. Оңтүстік жағында Гватемала (871 км) мен Белиз (251 км) орналасқан.

Аумағы бойынша Мексика бүкіл елдердің арасында 13-ші орын алады. Мексиканың жалпы аумағы 1 972 550 км², оның ішіне Тынық мұхитында, Мексика шығанағында және Кариб теңізінде орналасқан аралдар (ең ірі Гваделупа аралы) және Ревилья-Хихедо архипелагы кіреді. Жалпы аралдардың ауданы 6 мың км²-ге тең.

Мексика шығанағы (Gulf of Mexіco; Golfo de Méxіco)

Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс (Атлант мұхиты) жағалауындағы Флорида және Юкатан түбектері мен Куба аралының аралығындағы шағын теңіз. Ауданы 1555 мың километр квадрат, суының көл. 2332 мың километр куб. Миссисипи, Рио-Гранде тағы басқа өзендері құяды. Шығыста Флорида бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, оңтүстігінде Юкатан бұғазы арқылы Кариб теңізімен жалғасады. Тереңдігі 3822 метр. Солтүстік-батыс бөлігінде мұнайы мол кен орындары кездеседі. Климаты оңтүстігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік. Су айдынынан булану мөлшері (1000 — 1750 миллиметр), бұл жауын-шашын мөлшерінен артық (1000 — 1200 миллиметр). Жаз бен күзде дауыл жиі соғады. Су бетінің орташа температурасы жазда 29°С, тайыз бөлігінде 30 — 31°С; қыста 18 — 20°С. Беткі қабатының тұздығы 36,0 — 36,9‰. 2000 метр тереңдіктен астам жерлерінде суының температурасы (4,3°С) мен тұздығы (34,98‰) тұрақты. Кариб теңізіне қарай ағатын Юкатан ағысының жылдамдығы 50 — 200 сантиметр/секунд. Мексика шығанағынан ағып шығып Гольфстрим ағысының бастамасы болатын Флорида ағысының жылдамдығы 300 сантиметр/секундқа жетеді. Тәулігіне бір, кейде екі рет толысып отырады. Планктон Балық және теңіз жәндіктері, шаян, тасбақа ауланады. Негізгі порттары:Жаңа Орлеан (Америка Құрама Штаттары), Хьюстон (Америка Құрама Штаттары), Веракрус (Мексика), Гавана (Куба).


Әкімшілік бөлінуі

Мексика 31 штатқа (ис. estados) және 1 федералдық аймаққа (ис. Distrito Federal) бөлінген. Штаттар муниципалитеттерден ((ис. municipios) құралады. Әр штатта өзінің қабылдаған заңдары, заң жүйесі, басшалағы бар.

Мексиканың әкіімшілік бөлінуі
Федералдық аймақӘкімшілік орталығыАумағы,
км²
Халқы,
(2010)
Тығыздығы,
адам/км²
0Мехико (Федералды аймақ) (Distrito Federal)Мехико (México)14998 851 0805904,66
1Агуаскальентес (Aguascalientes)Агуаскальентес (Aguascalientes)55891 184 996212,02
2Веракрус (Veracruz)Халапа-Энрикес (Xalapa-Enríquez)72 8157 643 194104,97
3Герреро (Guerrero)Чильпансинго (Chilpancingo de los Bravo)63 7493 388 76853,16
4Гуанахуато (Guanajuato)Гуанахуато (Guanajuato)30 5895 486 372179,36
5Дуранго (Durango)Виктория-де-Дуранго (Durango)119 6481 632 93413,65
6Идальго (Hidalgo)Пачука (Pachuca)20 9872 665 018126,98
7Кампече (Campeche)Сан-Франсиско-де-Кампече
(San Francisco de Campeche)
51 833822 44115,87
8Керетаро (Querétaro)Керетаро (Querétaro)11 7691 827 937155,32
9Кинтана-Роо (Quintana Roo)Четумаль (Chetumal)50 3501 325 57826,33
10Коауила (Coahuila)Сальтильо (Saltillo)151 5712 748 39118,13
11Колима (Colima)Колима (Colima)5455650 555119,26
12Мехико (штат) (México)Толука-де-Лердо (Toluca)21 46115 175 862707,14
13Мичоакан (Michoacán)Морелия (Morelia)59 8644 351 03772,68
14Морелос (Morelos)Куэрнавака (Cuernavaca)49411 777 227359,69
15Наярит (Nayarit)Тепик (Tepic)27 6211 084 97939,28
16Нижняя Калифорния (Baja California)Мехикали (Mexicali)70 1133 155 07045,00
17Южная Нижняя Калифорния (Baja California Sur)Ла-Пас (La Paz)73 677637 0268,65
18Нуэво-Леон (Nuevo León)Монтеррей (Monterrey)64 5554 653 45872,09
19Оахака (Oaxaca)Оахака (Oaxaca)95 3643 801 96239,87
20Пуэбла (Puebla)Пуэбла-де-Сарагоса (Puebla)33 9195 779 829170,40
21Сакатекас(Zacatecas)Сакатекас (Zacatecas)75 0401 490 66819,86
22Сан-Луис-Потоси (San Luis Potosí)Сан-Луис-Потоси (San Luis Potosí)62 8482 585 51841,14
23Синалоа (Sinaloa)Кульякан (Culiacán)58 0922 767 76147,64
24Сонора (Sonora)Эрмосильо (Hermosillo)184 9342 662 48014,40
25Табаско (Tabasco)Вильяэрмоса (Villahermosa)24 6612 238 60390,78
26Тамаулипас (Tamaulipas)Сьюдад-Виктория (Ciudad Victoria)79 8293 268 55440,94
27Тласкала (Tlaxcala)Тласкала (Tlaxcala)39141 169 936298,91
28Халиско (Jalisco)Гвадалахара (Guadalajara)80 1377 350 68091,73
29Чиуауа (Chihuahua)Чиуауа (Chihuahua)247 0873 406 46513,79
30Чьяпас (Chiapas)Тустла-Гутьеррес (Tuxtla Gutiérrez)73 8874 796 58064,92
31Юкатан (Yucatán)Мерида (Mérida)39 3401 955 57749,71
<fhks5s1 967 138112 336 53857,11

Табиғаты

Мексиканың көпшілік бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр. Солтүстік-батысында таулы Калифорния түбегі, оңтүстігінде — Чьяпас және Оңтүстік Сьерра-Мадре тау тізбектері, оңтүстік-шығысында ойпатты Юкатан түбегі орналасқан. Мексиканың ең биік жері — Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр). Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі. Мексиканың көпшілік бөлігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік климат белгілері басым. Қаңтардағы орташа температурасы 10 — 20°С-қа дейін жетеді. Шілдедегі орташа температура 15— 30°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде 100 миллиметр батыс пен оңтүстігінде 3000 миллиметрге дейін жетеді. Негізгі ірі өзені — Рио-Браво-дель-Норте, ең үлкен көлі — Чапала. Өсімдіктердің 12 мыңға жуық түрлері кездеседі. Шөл және шөлейттік, оңтүстік мен оңтүстік-шығысында тропиктік, солтүстігінде аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен аю, қасқыр (койот), жанат, қызыл сілеусін, құмырсқа жегіш, тапир мен ягуар кездеседі. Негізгі ұлттық қорықтары:Каньон-дель-Рио-Бланко, Кумбресс-де-Монтеррей, Танситаро, Ла-Малинче.


Экономикасы

Мексика — Латын Америкасындағы экономикасы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай , мұнай химиясы мен түсті металлургия. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді. Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістері, тағы басқа сиыр, қой өсіру дамыған. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, Ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. өлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Құрама Штаттары">Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері — Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия.

Мексикалықтар

Мехикано — Мексиканың негізгі халқы. Жалпы саны 91 миллион, оның 78 миллиондайы Мексикада, 12 миллионы Америка Құрама Штаттарында, 25 мыңы Канадада, шағын бөлігі Латын Америкасы мен Испанияда тұрады. Негізінен — метистер. Мексика ұлты еуропалықтар (испандар), үндістер (ацтектер, майялар, отомилер, миштектер, сапотектер, тағы басқа) мен Африкадан әкелінген негр құлдардың араласуынан пайда болған. 19 ғасырда Мексика мемлекетінің тәуелсіздік алуы негізінде қалыптасқан. Испан тілінде сөйлейді. Діні — католик. Негізгі кәсіптері — жүгері, бұршақ, күріш, бидай, мақта, қант қамысы, кофе өсіру, мал ш. (сиыр, қой, шошқа). Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді. Бір-біріне алшақ орналасқан ауылдар (альдеа) мен хуторларда (ранчерия) қауымдастықтың орталығы (пуэбло) тұрады. Орталыққа шіркеу, тоғай, құдық, фонтан, ауылдық басқару үйі, мектеп орналасқан алаң енеді. Үйлері саз балшықтан, шикі кірпіштерден, тастан, ағаштан салынады. Дәстүрлі тұрғын үйлері көбінесе бір бөлмелі, терезесіз келеді. Әшекейленіп безендірілген ішкі ауласы кең болады. Дәстүрлі киімдері испан мен үндіс халықтарының киім үлгілеріне ұқсас. Аяқтарына үндіс халқы киетін ашық сандал, ер адамдар мақта матадан тігілген жейде, шалбар киеді. Иықтарына ою-өрнекті жамылғы (серапе) жамылады. Бас киімдері — сомбреро. Әйел киімдері:мақта матадан тігілген қысқа кеудеше және тар, кейде белінен жиырылып, кең тігілген ұзын юбка. Бастарына шәлі (ребосо) тартады, оны күн ыстықта бетіне жауып жүреді. Тағамдарына ас бұршақ пен жүгеріні көп қолданады. Малды аудандарда сүт тағамдары басым. Мексикалықтарда ән мен би өнері жақсы дамыған. Атақты корридос-лирикадық және саяси мазмұнды өлеңдер, халықтық шекті аспаптар оркестрі — марьячи кең тараған. Мекcика соғысы, америка-мексика соғысы (1846 — 1848), Құрама Штаттары">Америка Құрама Штаттары мен Мексика арасында Техас және Калифорния штаттары үшін болған. Соғысты ресми түрде Құрама Штаттары">Америка Құрама Штаттары жариялады. Соғыс барысында Мексика халқы басқыншыларға қарсы ерлікпен қарсылық көрсетті. Бірақ Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен (Рио-Гранде өз-нен солтүстікке қарай жатқан жерлер) айырылуға мәжбүр болды.

Мексика таулы қыраты

Шығыс Сьерра-Мадре

Солтүстік Американың оңтүстігіндегі Мексика жерінің көпшілік бөлігін алып жатқан таулы өңір. Солтүстігінде біртіндеп Колорадо үстірті мен өлы жазыққа ұласады. Ауданы 1,2 миллион километр квадрат. Көпшілік бөлігінің биіктігі 1000 — 2000 метр. Мекика таулы қыратының шығысында Шығыс Сьерра-Мадре (4054 метр), батысында Батыс Сьерра-Мадре (3150 метр), оңтүстігінде көлденең Жанартаулық Сьерра жоталарымен қоршалған. Сөнбеген жанартаулар — Орисаба (5700 метр — Мекика тауының және Мексиканың ең биік жері), Колима, Попокатепетль. Мекика таулы қыраты негізінен әктас, құмтас, мергель және лавалық тұнбалардан құралған. Күміс, қорғасын, сүрме, мырыш, сынап, темір және марганец кентастары, алтын, мыс, тағы басқа пайдалы қазбалар өндіріледі. Климаты негізінен тропиктік, континентті. Жылдық орташа температурасы қаңтарда 1400 метр биіктікке дейін 9 — 140С, негізінен қыста солтүстігінен солтүстік суық ағыстың өтуіне байланысты мұнда температура – 200С-қа төмендейді, ал шілдеде 15 — 200С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 200 — 400 миллиметр, сыртқы таулы аудандарында 2000 — 3000 миллиметр. Құрғақ климатты солтүстік бөлігінде өзен торы жоқтың қасы (тек Рио-Гранденің оң саласы Кончос өтеді). Оңтүстігінде өзендер біршама жиі, суы мол (Лерма, Бальсас); мұнда тектоникалық көлдер (Чапала, Куицео, тағы басқа) кездеседі. Өсімдік дүниесі негізінен суккулентті; кактустың 500, агаваның 140 түрі өседі. Тауларда қарағайлы ормандар мен субальпілік шалғындар бар. Жануарлардан бұғы, кемірушілерден тиін, егеуқұйрық, жыртқыштардан сілеусін, пума, қасқыр, түлкі; құстардың, қосмекенділердің және бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері мекендейді.

Мехико қаласы

Толық мақаласы:Мехико

Мехико қаласы — әлемдегі ең ірі және көне қалалардың бірі. Ол Мексика орталығындағы Мехико алқабында орналасқан. Қала, тарихи ескерткіштермен, тамаша мәдени туындыларымен және жыл бойы өзгнрмейтін климатымен мақтана алалады. 1500 жылға дейін Мехико ацтектердің астанасы болған. Кейін ол испан басқыншылардың қармағына өтті.

Мәдениеті

Мексика мәдениеті әлемдегі таңғаларлық тамаша мәдениет үлгісіне жатады. Ұлттық аңыз-әнгімелерден сусындаған дәстүр, әртесттік міне-құлық пен испан мәдениетінің ықпалы қосыла келіп, біргей мәдени мұраларды өмірге әкелді. Ата-баба мұрасын ерекше мұра ететін мексикалықтар ұлттық салт-дәстүрді сақтап қалуға айырықша көңіл бөледі. Қазіргі мексика музыка өнерінен ежелгі ацтектердің драмасы мен би үлгілерін тауып алу қиын емес. Сондай-ақ Майя дәстүрі де - Мексика үшін қастерлі аманат.

Мексика асханасы

Энчилата

Дәстүрлі Мексика мәзірі өткір иісті ыстық тағамдардың батыл қоспасын ұсынады. Олар тағамға барлық асқа дәмдеуіштердің түр-түрін қосады, және тағамды көрер көзге тартымды етіп безендіреді. Мексикада тағам мәзірі өте көп. Олардың дайын тағамдары дәрумендерге, протеин мен миниралдарға бай. Испан әскерлері Мексиканы жаулап алған кезде жергілікті халықтың негізгі азығы - жүгері мен бұрыш қосылған тағам екенін байқаған.

Дереккөздер

  1. a b Всемирная книга фактов ЦРУ // Мексика  (ағыл.).cia.gov. — справочный альманах ЦРУ.
  2. ↑ МИД России | 12/28/2005 | МЕКСИКА
  3. ↑ «Қазақстан»:Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  4. ↑ World Gazetteer
  5. ↑ City Population - Statistics & Maps of the Major Cities, Agglomerations & Administrative Divisions for all Countries of the World
қ • т • өЭкономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы/ Organisation de coopération et de développement économiques

Алмания • Құрама Штаттары">Америка Құрама Штаттары • АустралияАустрия • Белгия • ГрекияДанияЖаңа ЗеландияЖапонияИрландияИсландияИспанияИталияКанадаҚұрама Патшалық • Лүксембор • Мажарстан • Мексика • Недерландия • Норуегия • Оңтүстік КореяПольша • Портуғалия • Слоуакия • Түркия • Финландия • ФранцияЧехияШвеция • Швейцария

қ • т • өЛатын одағы

Ангола • АндорраАргентинаБоливияБразилияВатиканВенесуэлаГвинея-БисауГватемалаДоминикан РеспубликасыЭквадорИспанияИталияКабо-ВердеКоста-РикаКот-д’ИвуарКубаМальтаМексикаМозамбикМолдоваМонакоНикарагуаГондурасПанамаПарагвайПеруФилиппиндерПортугалияРумынияСан-Томе және ПринсипиСан-МариноСенегалУругвайФранцияЧили

мексика, мексика германия, мексика дом 2, мексика канкун, мексика карта, мексика на карте, мексика фото, мексиканец, мексиканская кухня, мексиканские сериалы


Мексика Туралы Ақпарат

Мексика


  • user icon

    Мексика beatiful post thanks!

    29.10.2014


Мексика
Мексика
Мексика Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Мексика бұл, Мексика кім, Мексика сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын:Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер:...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі:J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...