Sun . 20 Jul 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Медине

медине мекке, мединеф кириши
Медине, Мәдине (араб.: المدينة المنورة‎ — мәдинәт ән-нәби-пайғамбар қаласы) — мұсылмандардың қасиетті қаласы. Сауд Арабиясындағы Иасриб қаласы 622 ж. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) көшіп барғаннан кейін Медине деп аталды. Қаланы ансарлар аталған (қолдаушылар) аус және хазраж тайпалары мекендеген. Олар Меккеден қоныс аударған мұсылмандарға көмек көрсетіп, Мұхаммедтің (ғ.с) пайғамбарлығын мойындап, алғашқылардың бірі болып ислам дінін қабылдады. Мұнда алғашқы мешіт салынды, Құран Кәрім аяттарының біршамасы осында түсірілді. Мединеде алғашқы жұма намазы оқылып, жалпы мұсылмандарға парыз етілді, исламдағы дәрет алу, намаз, ораза, азан, тағыда басқа парыз болған әдет-ғұрыптардың орындалу дәстүрі бекіді. Медине қаласында мұсылмандар қауымы (үмбет) нығайып, қалыптасты. Оның бір көрінісі мединелік кезеңде мұсылмандар Бадр шайқасында жеңіске жетті. Сондай-ақ 625 ж. меккеліктер Медине қаласына жақын келіп, Ухуд тауының түбінде шайқасты. Мұсылмандар үлкен шығынға ұшырағанымен, меккеліктер жеңіліп, кері шегінді. Келесі жылы болған Мединеге шабуыл да қоныс орнының шебінде тойтарылды. Мединеде Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) жерленген. Мұнда қажылық парызын орындаған мұсылмандар зиярат етеді. Медине алғашқыда тас қорғанмен қоршалған, төрт қақпасы бар бекіністі қала болды. 632 — 656 ж. Араб халифатының астанасы, 10 ғасырдан Мысырда билік құрған әулеттерге тәуелді, ал түріктер Мысырды жаулап алғаннан кейін (1517) және 1919 жылға дейін Осман империясының құрамында болды. 1919 — 1924 ж. Хиджаз корольдігінің, 1924 жылдан Сауд Арабиясының құрамына кірді. Қала орталығындағы Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) үйінің орнына 656 ж. үлкен мешіт салынған (бірнеше рет қайта салынды, қазіргі нұсқасы 1853 — 1854 жылдары тұрғызылған).

Мұхаммед пайғамбар мешіті

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
  2. ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1


медине, медине мекке, мединелла, мединелла фото, мединет, мединет абу, мединеф кириши


Медине Туралы Ақпарат

Медине


  • user icon

    Медине beatiful post thanks!

    29.10.2014


Медине
Медине
Медине Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Медине бұл, Медине кім, Медине сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...