Маңғыстау түбегі
Маңғыстау түбегі - Каспий теңізінің солтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстік-батысында енсіз, шағын Түпқараған түбегінен оңтүстік-шығысында Үстіртке дейін, солтүстігінде Каспий маңы ойпатынан оңтүстігінде Қарабұғаз шығанағына дейін 390 км-ге созылып жатыр. Енді жері 160 км-ге жетеді. Маңғыстау түбегіне Бозащы түбегі де қосылады. 20 ғ-дың 30-жылдары Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты Өлі қолтық, Қайдақ шығанақтары тартылып, түбек Каспий ойпатымен тұтасып кетті. Маңғыстау түбегі биік үстірттен және аласа таулардан тұрады. Солтүстік-батысын Маңғыстау таулары қамтиды. Таулы бөлігі пермь мен триастың әктас және конгломерат қабаттары кезектесіп отыратын құмтас пен тақтатастардан түзілген. Ең биік жері — Бесшоқы тауы (556 м). Түбектің көп жерін Маңғыстау үстірті алып жатыр. Күнгей шетінде Кендірліқиясай үстірті орналасқан. Климаты өте құрғақ. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 100 — 150 мм. Ауаның орташа темп-расы қаңтарда –4 – 6°С, шілдеде 25 — 28°С. Жер асты суы тұзды әрі тереңде. Солтүстік Ақтау артезиан алабында ғана жер асты суының мол қоры бар. Сұр, қоңыр және сортаңды сұр топырақ басым. Көпшілік бөлігі жусанды-сортаңды шөл. Жер қойнауы мұнай мен газ қорына аса бай. Одан басқа марганец, фосфорит, қара көмір, қабыршақтас, т.б. кен орындары барланған. Мал жайылымына кеңінен пайдаланылады. Аласа таулар мен шағын құм алаптары қысқы жайылымға қолайлы.
Ол батысында енсіздеу Түпқараған түбегінен басталады, шығысқа қарай бірте-бірте кеңейе отырып, бойлық бағытта 225 км-ге созылады. Түбектің орталық бөлігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 200 км-ге созылған Маңғыстау тауы жатыр. Ені 30-60 км. Таудың орталық бөлігінде ендік бағытқа созылған Қаратау тауы орналасқан. Ол негізінен пермнің, триастың және юраның жер бетінде ашылған құмтастарынан, әктастарынан және тақтатастарынан құралған. Жербедер ерекшелігі жағынан Маңғыстау Қаратауы қатпарлы-лықсымалы аридтік-денудациялық аласа тауларға жатады. Бұйраттың биіктігі 300-400 м, оның ең биік нүктесі Бесшоқы тауында (556 м, Шығыс Қаратау жотасында). Беткейінің біразы ұзындығы бірнеше км-ге созылатын терең шатқалдармен (сайлармен) тілімделген. Батыс Қаратаудан солтүстікке және оңтүстікке қарай Солтүстік және Оңтүстік Ақтау деп аталатын екі бұйрат шығады. Олардың Қаратау беткейіндегі айдары мен тік жары ақшыл әктастардан құралған, сондықтан да бұл жоталар Ақтау деп аталады. Олар Қаратаудан көлденең ойыспен дараланған. Бұл таулардың абсолюттік биіктігі 322 м-ден аспайды. Екі жота да - кәдімгі куэст. Жоталарға әсем көріністі қалдықжондар мен биіктігі 40 м-ге жететін мүсінді жартастар және оларды тілгілеп өтетін шатқалдар тән. Тұрақты су жүйесі дамымаған. Ақтау тауында көптеген үңгірлер бар, ең ірілері Ақшұқыр мен Аралды кенттері маңында және Борлы (Меловой) мен Жыланды мүйістерінде орналасқан. Олар буырқанған теңіз толқынының әрекеті мен карст (шаймаапан) құбылыстарының салдарынан пайда болған. Маңғыстау тауының солтүстігінде ойпаңданған Бозащы түбегі орныққан. Бұл түбек Солтүстігінде Өлі Қолтық сорымен көмкерілген, шығысында Батыс Үстірт жондарынан Қайдақ шығанағымен дараланады. Түбектің орталығын мұнай кенорындары орналасқан ірі сор алып жатыр. Бұл жерлерге қандай да болмасын көліктің жету мүмкіндігі шектелген. Айдамалы жел соққанда сорға Каспий суы да жетіп қалып отырады. Жазықты Маңғыстау солтүстігінде Таулы Маңғыстаумен, шығысында Үстірт дөңдігімен (Қарынжырық ойысы арқылы), батысында Каспий теңізі жағалауларымен, оңтүстігінде Қарабұғазкөл бұғазымен шектеледі. Ол Маңғыстау және Кендірлі-Қиясай дөңдіктерін, Түпқараған түбегін қамтиды. Жазықты Маңғыстау жер бедерінің Үстіртке біраз ұқсастығы бар. Мұнда да неогеннің әктастары кең тараған, олар ағын сулармен тоғытылмайтын ойыстардың тік жарлы жақтауларында ашылады. Жер бедері аридтік-денудациялық төрткүл дөңдерінен кұралған, алайда Үстірт дөңдігінен құрылысының күрделілігімен және жер бедерінің ойдымдылығымен ерекшеленеді. Солтүстік-шығысындағы абсолюттік биіктігі 150 м, оңтүстік-батысында 50 м. Жазықтың оңтүстік бөлігін абсолюттік биіктігі орта есеппен 100-170 м боларлық Кендірлі-Қиясай дөңдігі алып жатыр. Жазықты Маңғыстауда өзендер жоқ. Жер бедерінің ерекшелігі - Каспий теңізінің жағалауын бойлай және Үстірттің ішкі жағында құрғап кеткен көлдер мен ойыстардың (Қошқарата, Қарақия, Қауынды, Ащысай, Жазғұрлы т.б.) көптеп ұшырасатындығында. Ойыстар кейде бір-бірімен біріге отырып, ауқымды алаптарға айналады. Олардың бәрі де теңіз деңгейінен төмен жатыр. Ең тереңі - Қарақия (Батыр) ойпаты, оның түбін үлкен сор басқан, деңгейінің абсолюттік көрсеткіші дүниежүзілік мұхит деңгейінен 132 м төмен (ұзындығы шамамен 40 км, ені 10 км). Қазақстанда Қарақиядан терең де құрғақ ойыс немесе ойысым жоқ және де ол дүние жүзіндегі ең терең ойпаттардың бірінен саналады. Жазықты Маңғыстаудағы ең ірі сорлы ойпат - Қарынжарық, ол Маңғыстау дөңдігін Үстірттен бөліп жатыр. Бүл терең (70 м-ге дейін) ойпат Қаратау тауын көмкеріп жатқан ойпат-шұңқырларды біріктіре отырып, Қарабұғазға таяу барып тамамдалады. Ойпаттың ұзындығы 300 км, ені 20 км-ден 50 м-ге дейін жетеді. Ойпаттың жаралу тегі дефляция процестерімен байланыстырылады.
Сыртқы сілтемелер
http://visitkazakhstan.kz/kk/guide/places/11/5/
Дереккөздер
- ↑ Қазақ энциклопедиясы 6 том
- ↑ Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Маңғыстау түбегі Туралы Ақпарат

-
Маңғыстау түбегі beatiful post thanks!
29.10.2014
Маңғыстау түбегі
Маңғыстау түбегі
Маңғыстау түбегі Сіз қарап жатырсыз субъектісі
There are excerpts from wikipedia on this article and video
Кездейсоқ Мақалалар
Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия
Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...Корея Республикасы Парламенті
Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...IC 213
галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...Бейіт
Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...іздеу жүйесі
Біздің сайт бар жүйесін функциялары іздеу жүйесі. Жоғары: "сіз іздеген?"сұрай аласыз барлық жүйесінде қорабы. Қош келдіңіздер, біздің қарапайым, стильную мен жылдам іздеу жүйесі бар, оны біз дайындады, сіздің ең нақты және өзекті ақпаратты.
Іздеу жүйесі үшін әзірленген сізге жеткізеді сізге ең өзекті және нақты ақпаратты қарапайым дизайнымен және жүйесімен жылдам жұмыс істеуі. Сіз дерлік кез келген ақпаратты іздесеңіз біздің сайтта. Қазіргі уақытта біз қызмет етеміз, тек қана ағылшын, түрік, орыс, украин, қазақ және белорус тілдерінде. Көп ұзамай жүйесіне қосылады жаңа тілдері. Өмір белгілі адамдар береді ақпарат, сурет және бейне туралы жүздеген тақырыптар, мұндай саясат, үкіметтік қайраткерлері, дәрігерлер, интернет-сайттар, өсімдіктер, технологиялық көлік құралдары, автомобиль және т. б.
Кездейсоқ Мақалалар
Аттимис
Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...Бөгенбай би ауылы
Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...Алмас қажақты құрал
Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...Лабастид-Сезерак
Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...© Copyright © 2014. іздеу жүйесі