Tue .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Мақта

мақта қыз бен мысық, мақта өсімдік картинки
Мақта (Cossypіum), қоза–құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10–12C-та өне бастайды, 25–30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады.

Мазмұны

  • 1 Мақта өнімдері
  • 2 Негізгі зиянкестері:
    • 2.1 Артықшылықтар
    • 2.2 Кемшiлiктер
  • 3 Егу, өсіру
  • 4 Экономика
  • 5 Дереккөздер

Мақта өнімдері

1 т шитті Мақтадан 330–360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100–110 кг тағамдық, техникалық май, 30–40 кг қысқа талшық, 550–580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20–25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан 170 кг Мақта майы, 400–420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т.б. құнды өнімдер алынады. Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т.б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар, целлюлоза, т.б. алуға болады және сабағы(Қозапая) отын ретінде, күнжарасының құрамында белок болғандықтан мал азығы ретінде қол

Негізгі зиянкестері:

  • өрмекші кенесі
  • мақта және күздік қоңыр көбелектердің жұлдызқұрттары
  • шегіртке
  • арам шөптер

Артықшылықтар

  • жұмсақтық
  • жылы уақытқа жақсы сіңіру қабiлеттiлiгі
  • жеңіл түске боялуы
  • табиғи материал
  • денсаулыққа зиян келтiрмеген
  • Жетісай қаласында «Сапа­ИнвестПлюс»атты мақтаның са­ба­ғынан құрылысқа және жиһаз жасауға қажетті тақтайшалар жасалуда

Кемшiлiктер

  • оңай илейдi
  • отырғызуға тенденцияны алады
  • жарықта сарғаяды
  • суды бойына сіңіріп алады

Егу, өсіру

Мақта өрiсі. Ботаникалық Бақ Сухуми, 1912 жыл.
Мақта егiндерiнiң аудандары (FAOSTAT)
га.
Мемлекет198519952005
Үндістан7 5339 0359 100
АҚШ4 1406 4785 586
Қытай5 1405 4225 060
Пәкістан2 3642 9973 096
Өзбекстан1 4931 390
Бразилия3 5901 1911 254
Нигерия220431630
Түркия660741600
Түрікменстан607600
Мали146336551
Мақта өндiрiсi (FAOSTAT)
мың тонн.
Мемлекет198519952005
Қытай4 1474 7685 700
АҚШ2 9243 8975 164
Үндістан1 4842 1862 475
Пәкістан1 2171 8022 122
Өзбекстан1 2651 250
Бразилия9434791 196
Түркия518851800
Австралия267421578
Грекия168433359
Сирия170216331


Экономика

Дүниежүзілік мақта қолданысы, мың тонн
2001−20022002−20032003−20042004−2005*2005−2006**
Барлығы20 28821 18421 35223 08023 650
КХДР5 7006 5007 0008 1008 600
Үндістан2 9102 9143 0003 3003 400
Пәкістан1 8552 0422 1002 3002 370
Шығыс Азия, Австралия и Мұхит ар.2 1272 0751 8851 8501 830
АҚШ1 6761 5831 4131 3501 280
Бразилия830760825900900
ТМД671674686710730
Басқалар2 0902 2372 2182 3302 330

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»:Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том


мақта картинки, мақта туралы мәлімет, мақта қыз, мақта қыз бен мысық, мақта қыз ертегісі, мақта өсімдігі, мақта өсімдік картинки, мақтаншақ қыз, мақтарал ауданы, мақтау қағаздар үлгілері


Мақта Туралы Ақпарат

Мақта


  • user icon

    Мақта beatiful post thanks!

    29.10.2014


Мақта
Мақта
Мақта Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Мақта бұл, Мақта кім, Мақта сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресеймәртебесімуниципалдық ауданыИркутск облысы енгізілген21 муниципалитетовқаланың
Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі (украин Украинаның Украина мемлекеттік қызметі) орталық атқа
Бурабайдағы Тринити шіркеуі

Бурабайдағы Тринити шіркеуі

аймақтық архитектуралық ескерткішіПравославие шіркеуіТроицы шіркеуіҚасиетті Троицаның Үштік ші
Шохово (қалалық мекен Uvarovka)

Шохово (қалалық мекен Uvarovka)

РесейРесей ФедерациясыМәскеу облысыМожайский ауданыУваровка координаттары55 ° 30'