Mon .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Машина

машина, машина мультик

Мазмұны

  • 1 Машина
  • 2 Машина бөлшектері
  • 3 Машина жасау
  • 4 Дереккөздер

Машина

Машина, Мәшине (франц. machіne, лат. machіna) – механикалық қозғалысқа түсіп, энергия, материал және ақпарат түрлендіруге арналған құрылғы. Мәшиненің негізгі міндеті – еңбекті жеңілдету және оның жұмыс өнімділігі мен сапасын арттыру үшін адамның өндірістік қызметін ішінара немесе толықтай алмастыру. Атқаратын қызметіне қарай:энергетикалық, жұмыстық және ақпараттық мәшинелер болып ажыратылады. Энергетикалық мәшинелер кез келген энергия түрін механикалық энергияға түрлендіреді. Оларды мәшине-қозғалтқыштар деп те атайды. Бұларға электр қозғалтқыштары және электр генераторлары, іштен жанатын қозғалтқыш, турбиналар, піспекті (поршеньді) және бу мәшинелері, т.б. жатады. Жұмыстық мәшинелер заттың (материалдың, т.б.) пішінін, қасиетін, күйін, орналасу қалпын өзгертуге арналған. Оны технологиялық мәшине (металл кесу станогы, тоқыма станогы, құрылыс мәшинесі, т.б.), көлік мәшинесі (автомобиль, ұшақ, т.б.) және тасымалдау мәшинесі (конвейер, элеватор, көтергіш кран, т.б.) деп ажыратады. Ақпараттық мәшинелерғе есептеуіш мәшинелер мен құрылғылар, механикалық интеграторлар, т.б. жатады. Адамның тікелей әсер етуінсіз жұмыс істейтін мәшине түрі мәшине-автоматтар немесе автоматтар өндірісте кеңінен қолданыс тапты. Белгілі бір технологиялық процесті орындайтын әрі өзара тізбектей жалғасқан мәшине-автоматтар автоматтық желі құрайды.

Машина бөлшектері

Машина бөлшектері – 1) машиналардың, приборлардың, аппараттар мен тетіктердің, т.б. одан әрі бөлшектеуге жатпайтын тұтас тетігі (бұранда, білік, тегершік, күпшек, серіппе, муфта, т.б.). Машина бөлшектерінің саны машинаның күрделілігіне байланысты өзгеріп отырады (бірнеше ондаған мыңға жетеді). Әр түрлі машиналарда пайдаланылатын бөлшектердің кейбіреулері өзара ұқсас, ал кейбіреулері тек жеке машина түрлеріне ғана тән. Осыған байланысты машина бөлшектері негізгі екі топқа (ұқсас және арнайы бөлшектер) жіктеледі.

Машина жасау

Машина жасау – ауыр өнеркәсіптің еңбек құралдарын, тұтыну заттарын және қару-жарақ өнімдерін жасайтын негізгі саласы. Машина жасау өндірісі энергетикалық, электртехникалық, станок жасау және құрал-саймандар өнеркәсібі, аспап жасау, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, т.б. салаларға бөлінеді. Қазақстанда машина жасау 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында басқа республикалардан көшіріліп келген жабдықтар негізінде жасалды. Соғыстан кейін бұл сала жоғары қарқынмен дамып, көптеген жаңа өндіріс түрлері пайда болды. Республиканың машина жасау кәсіпорындары күрделі әрі металды көп қажет ететін машиналар, тау-кен, көмір, мұнай, металлургия, тамақ кәсіпорындары мен жеңіл өнеркәсіпке қажетті жабдықтар, сондай-ақ ауыл шаруашылығына, көлікке, құрылысқа арналған машиналар мен құрал-саймандар және электртехникалық аппараттар мен станоктар – барлығы мыңнан астам өнім түрлерін шығарады. Алматыда металл кесу станогін, созу станын, электр аппаратурасын, гидротехникалық жабдықтар, Қарағандыда тау-кен шахтасы жарағын, кокс-химия техникасын, Шымкентте пресс-автоматтар, карданвал, Өскеменде түсті металлургия жабдығын, конденсатор, Павлодарда трактор, Астанада ауыл шаруашылығы техникасын, Қостанайда дизель моторын, Ақтөбеде рентген аппаратурасын, Атырауда мұнай өндірісіне қажетті машина мен жабдықтар, Талдықорғанда (Алматы облысында) аккумулятор, Кентауда экскаватор шығаратын өндіріс орындары жұмыс істейді.

Дереккөздер

  1. ↑ Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Машинажасау.— Алматы:"Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
  3. ↑ Балалар Энциклопедиясы

машина, машина времени, машина времени песни, машина едет далеко, машина ест машину, машина за сладолед, машина кж, машина мультик, машина фото, машинариум


Машина Туралы Ақпарат

Машина


  • user icon

    Машина beatiful post thanks!

    29.10.2014


Машина
Машина
Машина Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Машина бұл, Машина кім, Машина сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...