Wed .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Марқакөл

марқакөл қорығы, марқакөл көлі

Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.

Мазмұны

  • 1 Гидрографикасы
  • 2 Климаты
  • 3 Флорасы мен фаунасы
  • 4 Дереккөздер

Гидрографикасы

Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км және тереңдігі 27 м. Көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көлге құятын өзендердің ірілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты, ал шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты. Қазан – мамыр айлары аралығында көл қатады. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0,07 г/л, құрамында:йод, фтор, бром, т.б. бар.

Климаты

Марқакөлдің табиғат жағдайы жылдың төрт мезгілінде түрліше өзгеріп отырады. Қалыпты климаты континентті, бірақ қысы қатаң, ал жазы жай ғана жылы болып келеді. Марқакөл Қазақстанның ең суық аймағы болып табылады. Бұл жерде қыс мезгіліндегі ең төменгі температура -55 °С-қа (Орловка елді мекенінде) жетеді. Осы көлде Оңтүстік Алтайдағы ең төменгі ауа температурасы (-41°С) тіркелген. Шілде айының орташа төменгі ауа температурасы 14.1 °С болса, ал қаңтар айындағы орташа ауа температурасы 25.9 °С болып табылады. Көп жағдайда жаз мезгіліндегі ауа температурасы 29 °С-қа дейін көтеріледі, ал қыс мезгілінде -40-44 °С-қа дейін, кей кездері -53 °С-қа дейін төмендейді.

Флорасы мен фаунасы

Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр. Балыққа бай (табан, сазан, аққайран, хариус, майқан, қарабалық, мөңке балық, т.б.), зоопланктонның 60 түрі кездеседі. Құстың ондаған түрі мекендейді. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді және басқаларын көруге болады.Мұнда Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.

Дереккөздер

  1. ↑ Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы, 1987.

марқакөл, марқакөл көлі, марқакөл қорығы, марқакөл қорығы реферат


Марқакөл Туралы Ақпарат

Марқакөл


  • user icon

    Марқакөл beatiful post thanks!

    29.10.2014


Марқакөл
Марқакөл
Марқакөл Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Марқакөл бұл, Марқакөл кім, Марқакөл сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Никонов, Константин Петрович

Никонов, Константин Петрович

Константин Петрович Никонов 14 сәуір 1844 - 10 мамыр 1915, Санкт-Петербург - Ресейлік адмирал, Балты
Красноярск діни семинариясы

Красноярск діни семинариясы

күшіне ретінде орыс православиелік шіркеуінің Красноярск епархиясының бір жоғары оқу орны, 1895 жылғ
Черноморочка

Черноморочка

Алексей Коренев басқарған комедия - Сценарий авторы - Евгений ПомещиковБасты рөлдерде - Светлана Ж
Волово (Липецк облысы)

Волово (Липецк облысы)

Волово - ауыл, Липецк облысының Воловский ауданының орталығы. Воловского ауылдық кентінің орталығы.