Thu .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Марокко

марокко, марокко карта
Координаттар:31°51′00″ с. е. 6°24′00″ б. б. / 31.85° с. е. 6.4° б. б. (G) (O)31.85, -6.4

Марокко (араб.:المغرب‎‎‎ — әл-Мағриб — «батыс», Мағриб әл-Акса — «алыс батыс», Мағриб деп аталады) — Мағриб патшалығы, әл-Мәмләкә әл-Мағрибия Солтүстік-Батыс Африкадағы мемлекет. Толық ресми атауы — Мағриб Патшалығы (араб.:المملكة المغربية‎‎‎ — әл-Мәмләкә әл-Мағрибия). Араб тілінен аударғанда Мағриб - батыс, яғни, "Батыс Патшалығы" (бұл Арабтардың батыстағы мемлекеті) деген мағына береді.

Жер аумағы 446,5 мың км². Халқы 30,1 млн. (2000). Ресми тілі — араб тілі, сонымен қатар француз тілі кеңінен қолданылады. Халқы негізінен ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Астанасы — Рабат қаласы. Әкімшілік жағынан 35 провинцияға және 8 префектураға бөлінген. Мағриб — конституциялы монархиялы ел. Мемлекет және үкімет басшысы — патша. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Өкілдер палатасы және өлттық жиналыс). Ақша бірлігі — дирхем.

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Әкімшілік бөліну
  • 4 Галерея
  • 5 Дереккөздер

Табиғаты

Мағриб жері таулы келеді. Ел аймағындағы орташа және биік таулар қыратты жазықтармен, үстірттермен ұласады. Оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай Атлас таулары созылған. Жерорта теңізінің жағалауы Эр-Риф тауына жалғасады. Климаты негізінен субтропиктік , солтүстігінде жерорта теңіздік. Шілденің орташа температурасы 24 — 28С, қаңтарда 10 — 12С. Жылдық жауын-шашын мөлшері — таулы өңірде 1000 мм, елдің оңтұстік бөлігінде 200 мм, Сахара шөліне көршілес өңірде 100 мм. Мағрибта тұрақты ағынды өзендер аз. Біршама ірі өзендер қатарына Мулуя, Себу, УмМароккоәр-Рабия, Тенсифит жатады. Бұлар Атлант мұхитына, Жерорта теңізіне құяды. Елдің таулы және солтүстік-батыс бөліктері қалың орманды келеді. Емен, самырсын, қылқан жапырақты ағаштар өседі. Жануарлардан жылан түрлері, тасбақа, жабайы шошқа, макака маймылы, қорқау қасқыр, сілеусін, түлкі, т.б. кездеседі.

Тарихы

Мағриб жерін ертеден ливий немесе ежелгі бербер тайпалары мекендеген.

  • Б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяғында Мағрибтың теңіз жағалауында бірсыпыра финикиялық қоныстар салынып, кейінірек Карфагеннің илігіне көшті.
  • Б.з.б. 3 — 2 ғасырлардағы Рим мен Карфаген арасындағы соғыстардан кейін Мағриб Римнің ықпалында болды.
  • Ал б.з.б. 27 ж. римдіктерге толығымен бағынды.
  • 5 ғасырда Мағрибтың солтүстік бөлігін славян текті вандалдар,
  • 6 ғасырда Византия басып алды.
  • 701 — 711 ж. Мағриб жерін арабтар жаулап алып, араб халифатының құрамына қосты.
  • 788 ж. Мағрибтың солтүстік-батысында Идрис(Ыдырыс) әулеті билеген мемлекет орнады.
  • 10 ғасырда Мағриб жері Фатима әулеті билеген халифатқа қосылды.
  • 11 ғасырдың ортасынан бастап Мағрибта әр түрлі әулеттер бір-бірін ауыстырып, билік құрды.
  • 15 ғасырда Мағрибқа португалдар мен испандар басып кіре бастады.
  • 16 ғасырда Саади әулеті көптеген қалаларды еуропалықтардан азат етті. Ахмед әл-Мансур (1578 — 1603) кезінде Мағриб Сонгам, Судан, т.б. Африка елдерін бағындырды.
  • 17 — 18 ғасырларда орт. билік әлсіреп, саяси жағдай жиі шиеленісті.
  • 1845 ж. Франция Мағриб пен Алжир жерінің түгеліне дерлік бақылау орнатты. Сұлтан Хасан І (1873 —94) тұсында бірқатар реформалар жүргізілді, өндіріс орындары мен жаңа порттар салынды.
  • 1907 ж. француз әскерлері Мағрибтың солт.-шығыс бөлігіндегі Ужда аймағын, кейіннен Касабланка мен Шауиа облысын, Испания Мелиль аймағындағы жерлерді жаулап алды.
  • 1912 ж. Мағрибта француз протектораты орнады.
  • 1921 ж. маусымда Мағрибтың Абд әл-Керим басқарған риф тайпалары Анвал түбінде испан армиясын талқандап, тәуелсіз Риф республикасын құрды.
  • 1926 ж. Франция мен Испанияның біріккен күштері Риф республикасын талқандады.
  • 2-дүниежүзілік соғыс (1939 — 45) кезінде елде ұлт-азаттық қозғалыс күшейді.
  • 1952 ж. Мағриб қалаларында протекторат туралы шарттың 40 жылдығына байланысты бұқаралық шерулер өтті.
  • 1955 ж. 7 желтоқсанда Франция ұлттық үкімет құруға келісім беруге мәжбүр болды.
  • 1956 ж. 2 наурызда Франция Мағрибтың ұлттық тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын мойындады.
  • 7 сәуірде Мағрибтың испандық аймағы қайта қосылып, елдің тұтастығы қалпына келтірілді.
  • 1956 ж. 12 қарашада Мағриб БҰҰ-ға мүшелікке қабылданды.
  • 1958 ж. Мағриб Тарфая провинциясын испан үстемдігінен азат етті,
  • 1961 ж. қарашада елден француз әскерлері толық шығарылды.
  • 1962 ж. желтоқсанда конституция қабылданды. Мағриб Араб мемлекеттерінің лигасына мүше.
  • 1992 ж. 28 мамырдан Мағриб пен Қазақстан арасында дипломат. байланыс орнаған. Екі ел арасындағы мәдени, оқу-ағарту саласының қарым-қатынастары біршама дами бастады. Мағрибта балық және мал шаруашылығы дамыған. Экспортқа фосфорит, теңіз өнімдері, темекі, тоқыма бұйымдары шығарылады. Шеттен мұнай, электр, өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алады. Жалпы ішкі өнім 87,5 млрд. АҚШ долл-н құрайды, жан басына шаққанда 3060 долл. болады (1994). Негізгі сауда серіктестері — ЕО, АҚШ, Үндістан, Сауд Арабиясы. Ел аумағында Касабланка, Мохаммедия, Танглер, т.б. ірі теңіз порттары орналасқан.

Әкімшілік бөліну

ОблысӘкім. центрЖер аумағы, км²Тұрғыны, чел. (2004)Тығыздығы, чел./км²
1Шавия-УардигаСеттат7 0101 655 660236,19
2Дуккала-АбдаСафи13 2851 984 039149,34
3Фес-БульманФес19 7951 573 05579,47
4Гарб-Шрарда-Бени-ХсенКенитра8 8051 859 540211,19
5Үлкен КасабланкаКасабланка1 6153 631 0612248,33
6Гулимим-Эс-Смара*Гулимин71 970401 9845,58
7Эль-Аюн-Буждур-Сегиет-эль-Хамра*Эль-Аюн139 480256 1521,84
8Марракеш-Тенсифт-Эль-ХаузМарракеш31 1603 102 65299,57
9Мекнес-ТафилалетМекнес79 2102 141 52727,04
10Шығыс облысУджда82 8201 918 09423,16
11Вади-эд-Дахаб-эль-Кувира*Дахла50 88099 3671,95
12Рабат-Сале-Заммур-ЗаерРабат9 5802 366 494247,02
13Сус-Масса-ДрааАгадир70 8803 113 65343,93
14Тадла-АзилальБени-Меллаль17 1251 450 51984,70
15Танжер-ТетуанТанжер11 5702 470 372213,52
16Таза-Эль-Хосейма-ТаунатТаза24 1551 807 11374,81
Всего639 34029 831 28246,66

Галерея

Дереккөздер

  1. a b Morocco / The World Factbook (ЦРУ, 2013)
  2. ↑ “Қазақстан”:Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

марокко, марокко википедия, марокко вікіпедія, марокко иран, марокко карта, марокко касабланка, марокко отдых, марокко туризм, марокко фото, марокко энциклопедия


Марокко Туралы Ақпарат

Марокко


  • user icon

    Марокко beatiful post thanks!

    29.10.2014


Марокко
Марокко
Марокко Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Марокко бұл, Марокко кім, Марокко сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...