Tue .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Марламқаш


Марламқаш, жазды күні ойнайтын, жас жеткіншектердің ойындарының бірі. Бұл былай ойналады:қараңғы түндерде жастар жиналып екіге бөлінеді, бір бөлегі киімдерін тастап, алысырақ жерге барып, жасырынып жатады. Жасырынғандардың саны қанша болса, іздеушілердің саны да сонша болады, олар жасырынғандарды іздеп тауып, ұстауға шығады.

Сонда іздеушілердің іздеуге шығысымен айқайлап жүріп айтатыны:

Марламқаш,

Мені көрсең,

Тұра қаш!

Жасырынған ойыншылар іздеушілер үстіне жақындап келіп қалғанша тырп етпей жата береді. Үстінен дәл түссе, ұстатпауға тырысып, тұра қашады. Ойынға жарамайтын жас балаларды киімдерінің қасыңа қалдырып кетеді.

Бұл жерді «Орда» деп белгілейді. Табылған ойыншы соған қарай қашуға тырысады. Егер іздеуші ойыншы қашқан ойыншыны қуып жетіп ұстап алса, ордаға жеткенше оның арқасына мініп келеді. Бұл қолы жеткендерге үлкен бақыт деп саналады. Жеткізбей құтылып кету де қашушы ойыншыға сондай бір дәреже. Мінгізгеннің қабағы түсіп, мінгендердің көңілі шат болып, жеткізбегендері қуанып, жете алмағандары ұялып, барлығы да ортаға жиналады. Ойын қайта басталғанда екі топ орындарын ауыстырады, тығылғандар енді іздеуші, ал іздеушілер жасырынатын болады.

Бұл ойында қашса құтылатын, қуса жететін жастардың өз арасында абыройы арта түседі. Мұндай жүйрік балаларды сырын білмейтін бөтен ауылдың балаларының ойынына қатынастыруға тырысып, өз ауылының балаларымен ойынына араластырмай «бұл жүйрігіміз» деп, оны құрметтейді. Бөтен ауылдың жүйрік деген ойыншыларына бәйге атындай ертіп апарып, әлпештеп қосады. Бұл баланың жүйріктігіне арналган мойынында тұмары да болады. Сондықтан да жүйрік болып осындай атақ алу үшін жаздыгүні балалардың сүйіп ойнайтын ойындарының біреуі осы «Марламқаш» болады. Ойын жүйріктікке, сергектікке, қараңғыда бағдарлай білуге, маңсатқа жету үшін еңбектене білуге, өжеттікке, тез ойлап, жедел шешім табуға үйретеді.

Тағы қараңыз

  • Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі

Дереккөздер

  1. ↑ Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы:«Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3


Марламқаш Туралы Ақпарат

Марламқаш


  • user icon

    Марламқаш beatiful post thanks!

    29.10.2014


Марламқаш
Марламқаш
Марламқаш Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Марламқаш бұл, Марламқаш кім, Марламқаш сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Ангарск каскадтық гидроэлектр станциясы

Ангарск каскадтық гидроэлектр станциясы

Гидроэлектрстанцияларының Ангарск каскадыны - Ресейдегі гидроэлектростанциялардың ең үлкен кешені. И
Vinsad

Vinsad

Винсади - Ауыл [2], Ставрополь өлкесі Пьемонт ауданының «Винсад ауылы ауылдық кеңесі» муниципалитеті
Джером (Шурыгин)

Джером (Шурыгин)

Архимандрит Джером әлемдегі Виктор Ф. Шурыгин; 17 қараша 1952, Свердлов ауданы, Кировград ауданы, Бе
Елтаңба Сити (Лондон)

Елтаңба Сити (Лондон)

Егжей-тегжейлері1633 ж. бекітілген «Қалқан» - ағылшыншаұраны:Domine dirige nos - Ұлы Германы Л