Sat . 19 Dec 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Мали

малифисента, малишарики
Мали РеспубликасыБатыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,2 млн. км². Халқы 10,7 млн. (2000). Жергілікті тұрғындары: бамбара, сенуфо, сонинке, малинке, догон, диула, фульбе, т.б. этнографиялық топтардан тұрады. Мемлекеттік тілі — француз тілі. Халқы, негізінен, ислам дінін ұстанады (80%). Астанасы — Бамако қаласы. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы ұлттық жиналыс. Ұлттық мейрамы — 22 қыркүйек — Тәуелсіздік күні (1960). Ақша бірлігі — мали франкі.

Мазмұны

  • 1 Географиясы
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Дереккөздер

Географиясы

Республиканың көп бөлігін теңізден 500 м. биіктіктегі жазық алып жатыр. Солтүстік-батысын Cахара шөлі, оңтүстігін және шығысын биіктігі 1155 м-ге дейін жететін тау жоталары қоршаған. Климаты — субэкваторлық, тропиктік шөл. Орташа температура қаңтарда 20°С, маусымда 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 50 — 150 мм, оңтүстігінде 1000 — 1500 мм. Нигер және Сенегал өзендері елді кесіп өтеді. Шөл, шөлейт жерлерге бейімделген өсімдіктер басым, оңтүстігінде саванналар орналасқан.

Тарихы

Мали Президенті Амаду Тумани Туре

Мали аумағында орта ғасырларда Мали, Гана, Сонгай мемлекеттері құрылған. 13 ғасырда Мали патшалығы Гананы өзіне бағындырды. 15 ғасырда Мали патшалығы Сонгаи империясына қарады. 1591 жылы империя бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. 19 ғасырдың аяғында қазіргі Мали аумағы Францияның отарына айналды. 1894 жылы Нигер, Сенегал өзендерінің жоғарғы және орта ағысындағы жерлер Франция отары — Суданға қосылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Француз Суданында ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. 1958 жылы Францияның жаңа конституциясына сәйкес Судан Республикасы атанып, Франция Достастығына мүше болды. 1959 жылы Судан мен Сенегал Мали федерациясына бірікті. Алайда федерация басшылары арасындағы алауыздықтың салдарынан 1960 жылы 20 тамызда Сенегал федерация құрамынан шықты. Сол жылдың 22 қыркүйегінде Судан республикасының заң шығарушы ассамблеясы Судан Республикасын ерікті және тәуелсіз Мали Республикасы деп жариялады. Мали 1960 жылы 28 қыркүйекте БҰҰ-ға мүше болды. 1968 жылы қарашада Мали де әскери төңкеріс болып, билік ұлт азаттық әскери комитеттің қолына көшті. 1991 жылы наурызда елде қайта төңкеріс болып, әскерилер биліктен кетті. Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде көп партиялық жүйені енгізуді мақұлдаған жаңа конституция қабылданды. 1992 жылы елде жалпыға бірдей сайлау өтіп, азаматтық билік орнады.

Экономикасы

Малидағы мектеп

Мали — аграрлы ел. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан тары, күріш, жүгері, батат, қант, арахис, мақта, т.б. өсіріледі. Экспортқа мақта (65%), мал және мал өнімдерін, аз мөлшерде алтын, фосфаттар шығарады. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 740 АҚШ долларына тең. Сауда серіктестері: Франция, Германия, Жапония, Кот-д’Ивуар, Сенегал.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
қ • т • ө Франкофония Мүшелері: АлбанияАндорраБельгияБенинБолгарияБуркина-ФасоБурундиВануатуВьетнамГабонГаитиГанаГвинея • Гини-Биссау • ГрекияДжибутиДоминикаКабо-ВердеКамбоджаКамерунКанадаКипр • Камарлар • Конго Демократиялық РеспубликасыКонго РеспубликасыКот-д’ИвуарЛаосЛиванЛюксембургМаврикийМавританияМадагаскар • Македония • МалиМароккоМонакоМысырНигерАфрика Республикасы">Орталық Африка Республикасы • РуандаРумынияСан-Томе және Принсипи • Сейшель аралдары • СенегалСент-ЛюсияТогоТунисФранция • Ташад • Швейцария • Экваторлық Гвинея

Бақылаушы елдер: АустрияАрменияГрузияЛитваМажарстанМозамбикПольшаСловакияСловенияСербияУкраинаХорватия • Чехия


малибу, маликов дмитрий, малина, малина выращивание, малинин александр, малинин романсы, малиновое варенье, малифисента, малиш на драйве, малишарики


Мали Туралы Ақпарат

Мали


  • user icon

    Мали beatiful post thanks!

    29.10.2014


Мали
Мали
Мали Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Мали бұл, Мали кім, Мали сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...