Sat . 20 Sep 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Майқарағай

майқарағай

Мазмұны

  • 1 Өсімдік туралы
  • 2 Күтімі
  • 3 Көбейтілуі
  • 4 Майқарағай туралы тақпақ
  • 5 Сілтемелер
  • 6 Пайдаланылған әдебиеттер

Өсімдік туралы

Майқарағай – қарағай тұқымдасына жататын, еліміздің Алтай тауы мен Жоңғар Алатауының теріскей беттерінде көп кездесетін мәңгіжасыл өсімдік. 200 жылға дейін өмір сүреді. Сұр қабықты, тік өсетін діңінің жуандығы бір жарым метрге, биіктігі 30-35 метрге дейін жетеді. Табиғатта 50-60 метрден асатын орасан биіктері, ал көгалдандыруда аласа бойлы түрлері де кездеседі. Шырша секілді пирамида пішіндес бұтақтары төменнен жоғарылаған сайын қысқарып, үшкір басына дейін бірте-бірте жіңішкере береді. Өзге қылқанжапырақтыларға қарағанда майқарағайдың ерекшелігі: қылқаны жалпақ, жылтыр, жұмсақ болады. Бұтақтары қатарласып орналасады. Қылқандарының жоғарғы жағы жасыл болса, төменгі беті ақ немесе сұр жолақты болады. Майқарағайдың гүлдеу кезеңі мамыр, маусым айларына сәйкес келеді. Осы кезде ол сары түсті, тозаңды сопақ бүрлерімен әдемілене түседі. Жеңіл, жұқа қанатты тұқымдары желдің көмегімен таралады. Сопақ, қоңыр түсті бүршіктерінің ені 4 см, ұзындығы 9 см-ге жетеді, жоғарыға бағытталып өседі. Көлеңке сүйгіш өсімдік болғандықтан, жас майқарағай қалың топ құрып өскенді ұнатады. Тамырларының жерге өте терең бойлап өсетіндігі майқарағайдың топырақ қабатын тұрақтандыруда, көшкін, селге қарсы маңызды қызмет атқарады. Діңінен қағаз жасайды, құрылыс саласында және медицинада жиі пайдаланады. Бір тонна бұтақтан 30 килограмм эфир майын және парфюмерия мен сабын қайнату өнеркәсібіне қажетті май алуға болады. Осы майдан медицинада кеңінен қолданылатын камфара өндіріледі. Камфара негізіндегі әр түрлі дәрілер жүрек-тамыр ауруларына қарсы қолданылады. Ал, галендік дәрілері үсік шалған, күйген, тамыр кеңейген және ауыз қуысы қабынған кезде пайдаланылады. Дәрі ретінде жаңғақтары, сағызы және қылқандарының өңделген өнімдері қолданылады. Жас қылқанында аскорбин қышқылы, жасыл жаңғақтары мен жас қылқанында эфир майы бар. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Бір майқарағай ағашынан 300 грамға дейін майқарағай бальзамы алынады. Ол күрделі оптикалық аспаптарды, линзаларды желімдеу үшін пайдаланылады. Майқарағай ағашы республикамыздың шығыс, оңтүстік-шығыс және солтүстік аудандарында көгалдандыруда кеңінен пайдаланылады. айқарағай – қарағай тұқымдасына жататын, еліміздің Алтай тауы мен Жоңғар Алатауының теріскей беттерінде көп кездесетін мәңгіжасыл өсімдік. 200 жылға дейін өмір сүреді. Сұр қабықты, тік өсетін діңінің жуандығы бір жарым метрге, биіктігі 30-35 метрге дейін жетеді. Табиғатта 50-60 метрден асатын орасан биіктері, ал көгалдандыруда аласа бойлы түрлері де кездеседі. Шырша секілді пирамида пішіндес бұтақтары төменнен жоғарылаған сайын қысқарып, үшкір басына дейін бірте-бірте жіңішкере береді. Өзге қылқанжапырақтыларға қарағанда майқарағайдың ерекшелігі: қылқаны жалпақ, жылтыр, жұмсақ болады. Бұтақтары қатарласып орналасады. Қылқандарының жоғарғы жағы жасыл болса, төменгі беті ақ немесе сұр жолақты болады. Майқарағайдың гүлдеу кезеңі мамыр, маусым айларына сәйкес келеді. Осы кезде ол сары түсті, тозаңды сопақ бүрлерімен әдемілене түседі. Жеңіл, жұқа қанатты тұқымдары желдің көмегімен таралады. Сопақ, қоңыр түсті бүршіктерінің ені 4 см, ұзындығы 9 см-ге жетеді, жоғарыға бағытталып өседі. Көлеңке сүйгіш өсімдік болғандықтан, жас майқарағай қалың топ құрып өскенді ұнатады. Тамырларының жерге өте терең бойлап өсетіндігі майқарағайдың топырақ қабатын тұрақтандыруда, көшкін, селге қарсы маңызды қызмет атқарады. Діңінен қағаз жасайды, құрылыс саласында және медицинада жиі пайдаланады. Бір тонна бұтақтан 30 килограмм эфир майын және парфюмерия мен сабын қайнату өнеркәсібіне қажетті май алуға болады. Осы майдан медицинада кеңінен қолданылатын камфара өндіріледі. Камфара негізіндегі әр түрлі дәрілер жүрек-тамыр ауруларына қарсы қолданылады. Ал, галендік дәрілері үсік шалған, күйген, тамыр кеңейген және ауыз қуысы қабынған кезде пайдаланылады. Дәрі ретінде жаңғақтары, сағызы және қылқандарының өңделген өнімдері қолданылады. Жас қылқанында аскорбин қышқылы, жасыл жаңғақтары мен жас қылқанында эфир майы бар. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Бір майқарағай ағашынан 300 грамға дейін майқарағай бальзамы алынады. Ол күрделі оптикалық аспаптарды, линзаларды желімдеу үшін пайдаланылады. Майқарағай ағашы республикамыздың шығыс, оңтүстік-шығыс және солтүстік аудандарында көгалдандыруда кеңінен пайдаланылады.

Күтімі

Құнарлы, ылғалды, жарық жерлерде өседі. Көлеңкеге шыдамды.

Көбейтілуі

Қалемшесі және тұқымы арқылы да көбейтіледі.

Майқарағай туралы тақпақ

Рекордтар кітабына Гиннестің

Кіргізілген Самырсынды білмес кім?

Ұзақ тұрып уақыттың өтінде,

Жетіпті ол жүз жиырма алты метрге.

Сілтемелер

  • Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Пайдаланылған әдебиеттер

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.Қылқанжапырақтылар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 14 бISBN 978-601-7237-07-3

майқарағай


Майқарағай Туралы Ақпарат

Майқарағай


  • user icon

    Майқарағай beatiful post thanks!

    29.10.2014


Майқарағай
Майқарағай
Майқарағай Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Майқарағай бұл, Майқарағай кім, Майқарағай сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...