Mon . 19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Мадагаскар

мадагаскар, мадагаскар мультфильм
Мадагаскар, Мадагаскар Республикасы — Үнді мұхитындағы Мадагаскар мен оған жақын ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет.

  • Халқы 16,4 млн. (2003), негізгі тұрғындары малагасийлер (98%).

Арал тұрғындарының жартысына жуығы жергілікті діни сенімдерді ұстанады (45%), қалғандары христиандар (40%) мен мұсылмандар (15%).

  • 1993 ж. қабылданған конституциясы бойынша елді президент басқарады.
  • Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (ұлттық жиналыс пен Сенат).
  • Әкімшілік жағынан 6 провинцияға бөлінеді.
  • 1960 жылдан БҰҰ-на, 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымына (АБҰ) мүше.

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Пайдаланған cілтемелер

Табиғаты

Изало ұлттық паркі. Бецибук

Мадагаскар аралының шығыс және батыс жағалаулары аласа, жайпақ келеді; шығыс жағалаулары құм төбешіктер, батыс жағалауы — маржан рифтері. Солтүстік-батысы мен қиыр солүстігіндегі жағалауы биік жартасты, қатты тілімделген. Аралдың климаты тропиктік; солтүстік-батысында — экваторлық муссон климаты; шығыс жақ теңіз жағалауындағы ойпаттар мен үстіртті климатты ыстық әрі ылғалды. Айлық орташа температура 13 — 20ӘС-тан 27 — 33ӘС-қа дейін, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 мм-ден асады, ал кей жерлерінде 3000 мм-ге жетеді. Елдің шығысында тропиктік мәңгі жасыл ормандар өседі.

Тарихы

Аралдың ежелгі және ортағасырлық тарихы аз зерттелген. Алғашқы мемлекет құрылымдар 14 ғ-да пайда болды. Бұл мемлекет Имерина деп аталды. 16 ғ-дан аралға Еуропа отаршылары, әсіресе француздар орнығуға тырысты. 19 ғ-дың басында Имерина барлық аралды біріктіріп, Мадагаскар патшалығын құрды. 19 ғ-да Мадагаскар үшін ағылшын-француз бәсекесі күшейді. 1883 ж. Мадагаскарға француз әскерлері басып кіріп, арал үкіметі Франция протектораттығын мойындауға мәжбүр болды (1885). 1895 ж. Франция Мадагаскарға қайта шабуыл жасап (1896, тамыз) Имерина монархтарының билігін жойды (1897). Франция отаршылық жылдары Мадагаскардың адам күші мен табиғи қорын аяусыз пайдаланды. 10 млн. га шұрайлы жерлер мен орман алқаптары жергілікті халықтан тартып алынды. Мадагаскар халқының ұлт-азаттық күресі 2-дүниежүзілік соғыстан кейін өрши түсті. Нәтижесінде 1958 ж. қазан айында Мадагаскарға Франция бірлестігі аумағындағы автономия құқық еркіндігі берілді. 1960 ж. 26 маусымда Мадагаскардың тәуелсіздігі жарияланып, елдің аты байырғы халық атымен үйлестіріліп, ресми түрде Мальгаш (Малагасия) Республикасы деп аталды. 1972 ж. билік әскери-азаматтық топтардың бақылауына көшті. Олар ұсынған “Малагаси социалистік революциясының Хартиясы” атты құжат бойынша, Мадагаскар “Социалистік бағдарға” ауысып, кейбір өндіріс салалары мемл. меншікке көшірілді. 1991 ж. маусым айында аралда халық толқулары басталды. Оппозиция топтар жалпыхалықтық референдум бойынша 1992 ж. тамызда жаңа ұлттық конституция жариялады. Жаңа заңға сәйкес елдің аты Мадагаскар Республикасы болып өзгертілді.

Экономикасы

Пантералық хамелеон

Мадагаскар — ауыл шаруашылығы дамыған ел. Күріш, картоп, жүгері, қант қамысы, темекі, т.б. өсіріледі. Балық аулау мен мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Ауыр өнеркәсібі мешеу қалған. Өндірістік салалар ауыл шаруашылығы өнімдерін ге маманданған. Сыртқа кофе, қант, балық өнімдері, түсті металдар шығарылады. Сырттан азық-түлік пен тұрмысқа қажетті бұйымдар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, АҚШ, Германия, Жапония, Оңтүстік Африка Республикасы, т.б.

Пайдаланған cілтемелер

  1. ↑ Matthew E. Hules, et al (2005). The Dual Origin of the Malagasy in Island Southeast Asia and East Africa: Evidence from Maternal and Paternal Lineages. American Journal of Human Genetics, 76:894-901, 2005.
  2. ↑ Балалар Энциклопедиясы, 6 том.

Үлгі:Indian Ocean

Үлгі:Member states of the SADC

қ • т • ө Франкофония Мүшелері: АлбанияАндорраБельгияБенинБолгарияБуркина-ФасоБурундиВануатуВьетнамГабонГаитиГанаГвинея • Гини-Биссау • ГрекияДжибутиДоминикаКабо-ВердеКамбоджаКамерунКанадаКипр • Камарлар • Конго Демократиялық РеспубликасыКонго РеспубликасыКот-д’ИвуарЛаосЛиванЛюксембургМаврикийМавританияМадагаскар • Македония • МалиМароккоМонакоМысырНигерАфрика Республикасы">Орталық Африка Республикасы • РуандаРумынияСан-Томе және Принсипи • Сейшель аралдары • СенегалСент-ЛюсияТогоТунисФранция • Ташад • Швейцария • Экваторлық Гвинея

Бақылаушы елдер: АустрияАрменияГрузияЛитваМажарстанМозамбикПольшаСловакияСловенияСербияУкраинаХорватия • Чехия

Үлгі:Portuguese overseas empire


мадагаскар, мадагаскар 1 часть, мадагаскар 2, мадагаскар 2 смотреть, мадагаскар 3, мадагаскар 3 онлайн, мадагаскар мультфильм, мадагаскар остров, мадагаскар саранск, мадагаскар саранск афиша


Мадагаскар Туралы Ақпарат

Мадагаскар


  • user icon

    Мадагаскар beatiful post thanks!

    29.10.2014


Мадагаскар
Мадагаскар
Мадагаскар Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Мадагаскар бұл, Мадагаскар кім, Мадагаскар сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...