Fri . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Мавритания

мавритания на карте мира, мавритания
Координаттар: 20°40′00″ с. е. 10°41′00″ б. б. / 20.666667° с. е. 10.683333° б. б. (G) (O)20.666667, -10.683333


Мавритания (араб.: موريتانيا‎ - «әл-Муритания» ), толық атауы Мавритания Ислам Республикасы (араб.: الجمهورية الإسلامية الموريتانية‎ - «әл-Джумхурия әл-Исламия әл-Муритания») - Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,03 млн км². Халқы - 3 359 185 адам (2012 ж.). Негізгі тұрғындары маврлар (80%), оған қоса волоф, тукепер, зенага сонинк, т.б. халықтар тұрады. Астанасы — Нуакшот қаласы. Ресми тілі — араб тілі. Діни сенімдері бойынша ислам сүнниттері. Конституциясы бойынша елді президент басқарады (1997 жылдан Мауйя Ульд Сид Ахмед Тайя). Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент — Сенат пен ұлттық жиналыс. Ұлттық мерекесі — 28 қараша — Тәуелсіздік күні (1960). Ақша өлшемі — угия.

Әкімш. жағынан 12 ауданға бөлінеді. 1961 жылдан БҰҰ-на, 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымына (АБө) мүше.

Мазмұны

  • 1 Географиясы
  • 2 Климаты
  • 3 Табиғаты
  • 4 Тарихы
  • 5 Экономикасы
  • 6 Дереккөздер

Географиясы

Мавританияның жерінің көпшілігін Батыс Сахараның құмды және тастақты шөлі алып жатыр. Батыс жағынан Атлант мұхитымен жуылады. Солтүстік-батысында Сахара Араб Демократиялық Республикасымен, оңтүстік-батыста Сенегалмен, солтүстік-шығыста Алжирмен, оңтүстігінде және шығысынла Малимен шекараласады. Елдің солтүстігінде Адрар қыраты (биік жері Амоззага тауы, 732 м), оңтүстігінде Тагант, Асаба құмды үстірттері (орташа биікт. 300 — 400 м) бар. Қыраттар мен үстірттер айнала шөлге жалғасады. Басты өзені — Сенегал (оңт. шекарасымен өтеді).

Климаты

Климаты тропиктік шөлді, қаңтардағы орташа темп-ра 16 — 20°С, шілдеде 30 — 32°С. Батыс жағалауының климаты мұхит әсерінен ылғалды, тұманды келеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 100 — 400 мм, солт.-шығысында 50 мм.

Табиғаты

Шөл және шөлейт далаға тән өсімдіктер ғана өседі.

Тарихы

Мавританиянің ежелгі замандағы және орта ғасырлардағы тарихы жете зерттелмеген.

  • 7 — 11 ғ-ларда М-нің оңтүстік бөлігі Батыс Африканың орта ғасырлардағы мемлекеттерінің (Гана, Текрур) құрамына кірді, ал Солтүстік Мавритания жерінде санхаджа-берберлердің мемлекет бірлестігі өмір сүрді.
  • 11 ғ-дың орта шенінде Мавритания жерінде Альморави әулеті билеген күшті мемлекет құрылды, бұған Мавританиямен бірге Марокко және Батыс Алжир аумағы да қарады.
  • 14 — 15 ғ-ларда елге арабтардың макиль тайпасы басып кірді, бұл Мавритания халқының ислам дінін қабылдауын жеделдетті.
  • 15 ғ-да Мавританияға еуропалықтар да біртіндеп келе бастады.
  • 1788 ж. Мавритания жағалауы Францияға мүдделі болды.
  • 19 ғ-дың орта шенінде Франция Мавританияны отарлауға белсене кірісті.
  • 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Мавританияны азат ету жолындағы күрес жаңа қарқынмен бүкіл елді қамтыды.
  • Франция үкіметі 1958 ж. Мавританияға автономия беруге мәжбүр болды.
  • 1958 ж. Мавритания қайта топтасу партиясы құрылды.
  • 1960 ж. 28 қарашада ел тәуелсіздігі жарияланды.
  • Мавритания Араб мемлекеттері лигасының мүшесі.
  • 1960 — 80 ж. халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп, елде толқулар, 1978 — 84 ж. бірнеше рет әскери төңкерістер болды.
  • 1991 ж. сыртқы күштердің қысымымен елде демократия өзгерістер жүзеге асырылды.
  • Саяси тұтқындар босатылып, жаңа конституция қабылданды.

Экономикасы

Мавритания — аграрлы ел. Солтүстік және Орталық Мавританияда көшпелі мал шаруашылығы, ал Сенегал өзен аңғарында егін шаруашылығы басым дамыған. Басты дақылдары: африка тарысы, сорго, құрма ағашы, жүгері, бұршақ, жер жаңғағы.

Өнеркәсібінде темір кенін өндіру басты орын алады. Балық шаруашылығы жақсы дамыған. Экспортқа балық өнімдерін, темір кенін, алтын шығарады.

  • Шеттен мұнай, машина, құрал-жабдықтар әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Германия, Жапония, Италия, Испания, Бельгия, араб елдері.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы
қ • т • ө Франкофония Мүшелері: АлбанияАндорраБельгияБенинБолгарияБуркина-ФасоБурундиВануатуВьетнамГабонГаитиГанаГвинея • Гини-Биссау • ГрекияДжибутиДоминикаКабо-ВердеКамбоджаКамерунКанадаКипр • Камарлар • Конго Демократиялық РеспубликасыКонго РеспубликасыКот-д’ИвуарЛаосЛиванЛюксембургМаврикийМавританияМадагаскар • Македония • МалиМароккоМонакоМысырНигерАфрика Республикасы">Орталық Африка Республикасы • РуандаРумынияСан-Томе және Принсипи • Сейшель аралдары • СенегалСент-ЛюсияТогоТунисФранция • Ташад • Швейцария • Экваторлық Гвинея

Бақылаушы елдер: АустрияАрменияГрузияЛитваМажарстанМозамбикПольшаСловакияСловенияСербияУкраинаХорватия • Чехия


мавритания, мавритания wikipedia, мавритания википедия, мавритания женщины, мавритания на карте мира, мавритания отдых, мавритания столица, мавритания судно, мавритания флаг, мавритания фото


Мавритания Туралы Ақпарат

Мавритания


  • user icon

    Мавритания beatiful post thanks!

    29.10.2014


Мавритания
Мавритания
Мавритания Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Мавритания бұл, Мавритания кім, Мавритания сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...