Sun . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Лондон

лондон, лондон фото
Лондон (ағыл. London) — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының қаласы және астанасы. Британ аралдарындағы ең үлкен қала. Еуропадағы ең ірі урбандық аймақ. Аумағы 1706,8 кm². Халқы 8 млн. адамнан асады және халқы санынан әлемде 18-нші орында. Бұл көрсеткіш Еуропада 2-ші болып табылады. Лондон нөлдік немесе Гринвич Меридианы үстінде орналасқан. Лондон Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2012ні қабылдап Олимпиада ойындарың 3 рет қожайыны болуда. Лондон әлемдегі өнер, сауда, білім және ғылым, сән, қаржы, кәсіптік қызмет, денсаулық сақтау, зерттеу және даму, туризм және көлік салалары бойынша жетекші жаһандық қала болып табылады. Қалада әлемдік деңгейдегі Хитроу әуежайы және Темза өзенінің жағасында әлемдегі ең үлкен өзен порттарының бірі орналасқан.

Мазмұны

  • 1 Халқы
  • 2 Климаты
  • 3 Лондон аудандары
  • 4 Метро
  • 5 Көрнекі орындар
  • 6 Лондонның панорамадағы көрінісі
  • 7 Дереккөздер

Халқы

Қала өз маңайын қосқанда алуан түрлі дін және мәдениеттерді қамтитын 300-ден аса әр тілдерде сөйлейтін әр-түрлі ұлт өкілдерімен жұрттанған.

Халық саны
1801—2011 жылдары, млн адам
Этникалық топтар, 2011 жыл

2011 жылдағы санақ бойынша лондондықтардың 45% ақ нәсілді британдықтарға, тағыда 15% - басқада ақ нәсілділерге жатқызды. 61% азаматтар Англияда, ал 37% - Ұлыбританиядан тыс жерде дүниеге келген. Олардың ішінде 3% - Индияда, 2% Польшада дүниеге келген.

Климаты

Лондондағы климат қоңыржай белдеудің ішіндегі қоңыржай теңізді климат болып табылады. лондонның қысы жұмсақ, жазы жылы болып келеді. Қаңтардағы орташа температура қиыр солт.-шығыстың өзінде 3,5°С-тан төмен түспесе, ал оңт.-батыста 5,5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңт.-батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы темп-раны көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солт.-шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады. Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт.-батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын. Ең жылы айы - шілде: ортатәуліктік ауа температурасы ең көп дегенде 22,5°C құрайды. Қауіпті температура жаздың шілде тамыз айларында орнайды (2003 жылдың тамызнда температураа 37°C дейін көтерілген).

Көрсеткіш
Лондон ауа райы
Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел Жыл
14,9 18,5 22,2 40 30,6 34,3 35,0 37,3 33,4 28,2 18,9 15,2 37,3
7,7 8,0 29,4 10,9 17,3 20,4 22,9 22,5 19,2 14,9 10,7 7,9 14,7
5,0 4,9 7,1 9,2 12,6 15,6 17,9 17,6 14,9 11,4 7,7 5,3 10,8
2,4 2,1 4,0 21,9 8,3 11,3 13,4 13,3 11,1 8,2 4,8 2,6 7,2
−16,6 −16,1 −11,1 15 −2,4 1,4 2,4 0,2 −0,4 −5,7 −9,1 −16,1 −16,6
Жауын-шашын нормасы, мм 56 41 42 42 51 45 44 49 48 69 57 55 599
Дерекнама: World Climate, Weatherbase, Ауа райы және Климат

Лондон аудандары

Үлкен Лондон ситилерден және 32 ауданннан (оның ішіндегі 13 Ішкі Лондонда және 19 Сыртқы Лондонда орналасқан):

  1. Сити
  2. Вестминстер
  3. Кенсингтон және Челси
  4. Хаммерсмит және Фулем
  5. Вандсворт
  6. Ламбет
  7. Саутуарк
  8. Тауэр-Хэмлетс
  9. Хакни
  10. Излингтон
  11. Камден
  1. Брент
  2. Илинг
  3. Хаунслоу
  4. Ричмонд
  5. Кингстон
  6. Мертон
  7. Саттон
  8. Кройдон
  9. Бромли
  10. Луишем
  11. Гринвич
  1. Бексли
  2. Хейверинг
  3. Баркинг және Дагенхэм
  4. Редбридж
  5. Ньюхэм
  6. Уолтем-Форест
  7. Харинги
  8. Энфилд
  9. Барнет
  10. Харроу
  11. Хиллингдон

Метро

Хаммерсмит-энд-Сити (Hammersmith & City ағылш.) бағыты - Хаммерсмит және Баркинг бекеттерінің арасында салынған лондондық метрополитен бағыты. Дүние жүзіндегі ең алғашқы метро болып табылады. Әлемдегі ең ескі жерасты темір жол болып табылатын, өзінің құрамында Лондодағы Фаррингдон және Паддингтон бекеттерінің арасындағы 1863 жылдың 10 қаңтарнан бастап жолаушының қозғалысы үшін ашық, ең ескі жерасты өткелігі бар.

Бағыт жолаушылар тасымалдау санын ескергенде, лондондық жерасты теміржолы 12 бағыттың арасында 10 орын алады.

Көрнекі орындар

Лондон мақтанышы
Зәулім ғимаратардың бірі Лондондағы шайтан шеңбері Әйгілі Биг-Бен сағаты Лондондағы қос қабатты автобус

Лондонның панорамадағы көрінісі

Panorama of London, taken from the Golden Gallery of St Paul's Cathedral

Дереккөздер

  1. По данным переписей, подробнее см.: Statistics of the population of London from 1801 to 2001.  ???. Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 қазан 2012. Тексерілді, 1 қыркүйек 2012.
Жазғы Олимпиада ойындары астаналары

1896: Афина • 1900: Париж • 1904: Сент-Луис • 1908: Лондон • 1912: Стокгольм • 1916: Берлин • 1920: Антверпен • 1924: Париж • 1928: Амстердам • 1932: Лос-Анжелес • 1936: Берлин • 1940: Токио • 1944: Лондон • 1948: Лондон • 1952: Хельсинки • 1956: Мельбурн • 1960: Рим • 1964: Токио • 1968: Мехико • 1972: Мюнхен • 1976: Монреаль • 1980: Мәскеу • 1984: Лос-Анджелес • 1988: Сеул • 1992: Барселона • 1996: Атланта • 2000: Сидней • 2004: Афина • 2008: Бейжің • 2012: Лондон • 2016: Рио-де-Жанейро

 

лондон, лондон англия, лондон время, лондон гудбай, лондон забележителности, лондон карта, лондон лондон, лондон фото, лондонград, лондонские поля


Лондон Туралы Ақпарат

Лондон


  • user icon

    Лондон beatiful post thanks!

    29.10.2014


Лондон
Лондон
Лондон Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Лондон бұл, Лондон кім, Лондон сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресей мәртебесі муниципалдық ауданы Иркутск облысы енгізілген 21 муниципалитетов қаланың
Ishikawa, Kasumi

Ishikawa, Kasumi

Касуми Ишикава Яп 石川 佳 純 Ишикава: Касуми 1993 жылы 23 ақпанда дүниеге келген - жапондық спортшы, үст
Шохово (қалалық мекен Uvarovka)

Шохово (қалалық мекен Uvarovka)

Ресей Ресей Федерациясы Мәскеу облысы Можайский ауданы Уваровка координаттары 55 ° 30'
Елтаңба Сити (Лондон)

Елтаңба Сити (Лондон)

Егжей-тегжейлері 1633 ж. бекітілген «Қалқан» - ағылшынша ұраны: Domine dirige nos - Ұлы Германы Л