Tue . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Ливия

ливия виноград, ливия на карте мира
Координаттар: 48°57′00″ с. е. 66°14′00″ ш. б. / 48.95° с. е. 66.233333° ш. б. (G) (O)48.95, 66.233333

Ливия Премьер-Министрі Али Зейдан

ЛивияСолтүстік Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,76 млн. км². Халқы 5,4 млн. адам. Негiзгi халқы – арабтар мен берберлер (97%), сонымен қатар гректер, түрiктер, италиялықтар, үндiлер, т.б. да мекендейдi. Астанасы – Триполи қаласы. Дiнi – исламның сүннит бағыты. Мемлекеттік тiлi – араб тiлi. Iрi қалалары мен порттары: Тобрук, Триполи, Бенгази, Марса аль-Бурейка. Конституциясы бойынша жоғары атқарушы орган қызметiн Жоғарғы Халықтық комитет атқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы – жалпыға бiрдей Халықтық Конгресс. Ұлттық мейрамы – 1 қыркүйек (1969) – Төңкерiс күнi. 1955 жылдан БҰҰ-ға мүше. Ақша бiрлiгi – ливиялық динар. Ливияның жер бедерi, негiзiнен, үстiрттi келген құмды тасты жазық. Шығысында Ливия шөлi жатыр. Климаты тропиктiк. Солтүстігіне субтропиктiк климат тән. Жерорта теңізі жағалауының жазы ыстық, қысы жұмсақ. Қаңтардың орташа температурасы 11 – 18°С, шiлдеде 27 – 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм. Кейбiр аудандарында бiрнеше жыл қатарынан жаңбыр жаумайды. Біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7-ғасырларда қазiргi Ливияның батысында финикиялық қала-мемлекеттер, ал шығысында грек колониялары пайда болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 5-ғасырда Ливияны Карфаген, кейiннен римдiктер жаулап алды. 533 ж. Византия империясының құрамына ендi. 643 ж. Араб халифатына қосылды. Ливия 16 – 19-ғасырларда Осман империясының құрамында болды. 1911 – 12 ж. Италия-түрiк соғысының нәтижесiнде Ливия Италия билiгiне өттi. 1934 ж. Ливия ресми түрде Италияның отары болып жарияланды. 2-дүниежүзілік соғыс кезiнде Ливиядағы немiс, италия әскерлерiнің жеңiлiсiнен кейiн (1943) елдi француз, ағылшын әскерлерi басып алды. 1949 ж. қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ливияға тәуелсiздiк беру туралы шешiм қабылдады. 1950 ж. Ұлттық Құрылтай жиналысы Ливия Конституциясын бекiттi. 1951 ж. 24 желтоқсанда Ливия Бiрiккен Тәуелсiз Корольдiгi жарияланды. 1969 ж. 1-қыркүйекте Ливияда Муаммар Каддафи бастаған әскери төңкерiс болды. Төңкерiсшiлер елдi Ливия Араб Республикасы деп жариялады. 1977 жылдың 3 наурызынан бастап мемлекет Ливия Араб Социалистiк Халықтық Жамаһириясы болып аталады. Қазақстан мен Ливия арасында 1992 ж. дипломатиялық қатынас орнады. Ливия экономикасының негiзiн мұнай өнеркәсiбi құрайды. Мұнай өндiрудің көлемi жөнiнен Ливия Африкада 6-орынды иеленедi. Ауыл шаруашылығы төменгi дәрежеде дамыған. Дәндi дақылдар, құрма ағаштары өсiрiледi. Мұнай және мұнай өнiмдерiн экспорттап, азық-түлiк пен өнеркәсiп тауарларын шеттен әкеледі.

Ливия басшылары

  • Идрис I (24.12.1951 - 01.09.1969)
  • Муаммар Каддафи (01.09.1969 - 20.10.2011)
  • Мустафа Мухаммад Абд-аль-Жалиль (05.03.2011- 08.08.2012)
  • Мохаммед Али Салим (08.08.2012 - 09.08.2012)
  • Мухаммед аль-Макриф (09.08.2012 - 28.05.2013)
  • Juma Ahmad Atigha (28.05.2013- )

Пайдаланылған cілтемелер

  1. Дереккөз алу қатесі: Жарамсыз <ref> тегі; no text was provided for refs named .D0.9C.D0.92.D0.A4
  2. ↑ Human Development Report 2013  (ағыл.). United Nations Development Programme (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 тамыз 2013.
  3. ↑ Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
  • Underground "Fossil Water" Running Out Brian Handwerk, National Geographic, May 6, 2010.
  • Libya turns on the Great Man-Made River Marcia Merry, Printed in the Executive Intelligence Review, September 1991.

ливия, ливия брито, ливия виноград, ливия гуиджиоли, ливия карта, ливия на карте мира, ливия новости, ливия сегодня, ливия столица, ливия янковска


Ливия Туралы Ақпарат

Ливия


  • user icon

    Ливия beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ливия
Ливия
Ливия Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ливия бұл, Ливия кім, Ливия сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...