Fri . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Ливан

ливан, ливан карта
Куллюнаа лиль-ватан, лиль-‘уляя валь-‘алям»

Ливан ұлттық әнұраны Тәуелсіздік күні 22 қараша 1943 (Франциядан) Ресми тілі араб тілі Елорда Бейрут Ірі қалалары Бейрут Үкімет түрі Парламенттік республика Президент
Премьер-министр
Ливан Парламентінің президенті
Таммам Салам (и.о.)
Таммам Салам
Набих Берри Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті Әлем бойынша 161-орын
10 452 км²
1,6 ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2008)
  • Жан басына шаққанда
59,370 млрд $ (87)
14400 $ (72) Валютасы Ливандық фунт Интернет үйшігі .lb ISO коды LB ХОК коды LIB Телефон коды +961 Уақыт белдеулері +2

Координаттар: 33°54′00″ с. е. 35°51′00″ ш. б. / 33.9° с. е. 35.85° ш. б. (G) (O)33.9, 35.85

Ливан (араб.: لبنان‎, Любна́н), ресми атауы Ливан Республикасы (араб.: الجمهورية اللبنانية‎; аль-Джумхури́йя аль-Любнани́йя)  — Батыс Азиядағы, Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы мемлекет . Жер аумағы 10,4 мың км². Халқы — 3,6 млн. (2003). Астанасы — Бейрут қаласы Негізгі халқы — арабтар (93%), армяндар (6%), түріктер, күрдтер де мекендейді. Халқының негізгі бөлігі ислам (75%) және христиан (25%) діндерін ұстанады. Ресми тілі — араб тілі. 1926 ж. 23 мамырда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — депутаттар палатасы. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 22 қараша (1943). Ливан 1945 жылдан БҰҰ-на мүше. Әкімшілік жағынан 5 мухафазаға бөлінеді. Ақша бірлігі — ливр.

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Халқы
  • 5 Діні
  • 6 Тілі
  • 7 Ливан тағамдары
  • 8 Дереккөздер

Табиғаты

Ливанға субтропиктік климат тән. Жазы ыстық (тамызда 27ӘС), қысы жылы (қаңтарда 13ӘС). Жылдық жауын-шашын мөлшері 400-ден 1000 мм-ге дейін жетеді. Елдің көпшілік бөлігі Ливан қыратында орныққан. Ең биік жері — Курнет-әс-сауда тауы (3088 м). Ливан мен Антиливан қыраттарының арасында ені 8 — 14 шақырым болатын Бека жазығы орналасқан. Цитрусты жемістер, жүзім, көкөніс өсіріледі, мәңгі жасыл ағаштар бар. Негізгі өзені — әл-Литани.

Тарихы

Б.з.б. 4-мыңжылдықта қазіргі Ливан аумағында финикиялық қала-мемлекеттер болды. Рим империясының құрамына енгенге дейін б.з.б. 8 — 1 ғ-ларда әр түрлі мемлекеттердің құрамында болды. 637 ж. Ливанды арабтар жаулап алды. Крест жорықтарының нәтижесінде Ливан 1098 — 1289 ж. христиан ордендерінің құрамына кірді. 16 ғасырға дейін елді египеттік мәмлүктер басқарды. 1516 ж. түрік сұлтаны Селим І египеттік мәмлүктерді жеңіп, Ливанды Осман империясына қосты. Бірақ елдегі билік Ливан әмірлерінің қолында болды. Елді 16 — 17 ғасырларда Маан әулеті, 17 ғасырдың аяғынан 1840 жылға дейін Шихаб әулетінің өкілдері басқарды. 1840 ж. Башир ІІ Шихаб тақтан кетіріліп, Ливан қайтадан түріктердің билігіне өтті. 1864 ж. Халықаралық комиссия (Франция, Ұлыбритания, Австрия, Пруссия, Ресей, Осман империясы) Ливан автономиясын жариялады. 1920 ж. Францияның мандаттық жүйесі орнады. 1926 ж. Ливан республика болып жарияланып, конституцияға сәйкес ел президенті — христиан-маронит, үкімет басшысы мұсылман-шиит, парламент төрағасы — мұсылман-сүннит болуы тиіс деп шешілді. 1943 ж. 22 қарашада тәуелсіздік алғаннан кейін елдің ішкі жағдайында саяси, мәдени деңгейдегі қайшылықтар орын алды. Ливан 1948 — 67 ж. аралығындағы араб-израиль соғыстарына қатысты. 1975 ж. мұсылмандар мен христиандар арасында қарулы қақтығыс басталып, ол азамат соғысына ұласты. 1982 жылдан Израиль Ливан аумағының біраз бөлігін басып алды. 1983 жылдың маусым айында Израиль тікұшақтары Бейрут пен Палестинаны азат ету ұйымының базалары орналасқан аймақтарды бомбалады. Халықаралық ұйымдардың талабымен 1999 ж. Израиль Оңтүстік Ливаннан өз әскерін әкетуге мәжбүр болды. 2003 ж. Ливанда Қазақстанның консулдығы ашылды. Ливан мен Қазақстан арасында мәдени, ғылыми байланыстар орныққан.

Экономикасы

Ливан — өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы төмен дәрежеде дамыған ел болса да, қаржы-банк, тұрмыстық қызмет салалары біршама жақсы жолға қойылған. Бейрут — Таяу Шығыстағы ең ірі банк орт-тарының бірі. Ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығы мен елдің оңтүстігіне Израиль тарапынан жасалған қарулы шабуылдар экономикалық жағдайдың төмендеуіне әсер етті. Ауыл шаруашылық өнімдері ұлттық табыстың 30%-ын құрайды. Сыртқа көкөніс пен жеміс-жидек, темекі, мата, әшекей бұйымдар шығарады. Импортының негізін электр жабдықтары, машиналар, мұнай, металл, тұтыну тауарлары құрайды. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлш. 5470 АҚШ долларына тең (1994). Басты сауда серіктестері — Сирия, Кувейт, Италия мен Біріккен Араб Әмірліктері.

Халқы

Ливанның халқы — салстырмалы түрде жас әрі сауатты. Халқының жалпы саны 4 257 405 адамды құрайды. Бұл елде мұсылмандар, христиандар, дуздар мен еврейлер т.б. тұрады.

Діні

Ливан халқы әубастан-ақ әр түрлі этникалық топтардан құралады. Қазіргі кезде бұл елде сунниттік және шииттік ислам ағымынын ұстанушылар, маронит христиандары, католиктер, дуздар және тағы басқа көптеген ағым өкілі тұрады. Ливан - ежелгі финикийлердің отаны. Қазіргі кезде мұсылмандар - 59,7%, христиандар 39%, және басқа дін ағымын ұстанушылар 1,3%.

Тілі

Ливандықтардың ресми тілі, бірақ тұрғындардың басым көбі ағылшын және француз тілдерінде сөйлейді. Француз тілі жартылай ресми тіл болып саналғандықтан халықтың 20 %-ы оны күнделікті қарым-қатынаста қолданады. Француз тіліне мұндай өкілеттілікті Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлттар лигасы берген.

Ливан тағамдары

Ливан ас мәзірі Таяу Шығыстағы озық тағам үлгілерінің қатарына жатады. Ливанлықтар тағам әзірлегенде қрахмалды мол пайдаланады. Сондай-ақ жеміс-жидек, көкөністер мен балықты көп жейді. Карли, зәйтүн майы, көк шөптер мен лимон шырыны түрлі мәзірлерге қосылады. Ливандықтар балапан мен қозы етін жиі тұтынады.

Дереккөздер

  1. a b ЦРУ (2010)
  2. ↑ Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы


ливан, ливан бейрут, ливан карта, ливан на карте мира, ливан новости, ливан фото, ливанов василий, ливанов игорь, ливанов шерлок холмс, ливанский кедр


Ливан Туралы Ақпарат

Ливан


  • user icon

    Ливан beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ливан
Ливан
Ливан Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ливан бұл, Ливан кім, Ливан сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...