Sun . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Лесото

лесото, лесото википедия
Лесото ( сесуто тілінде, ағылш. Lesotho ),немесе Лесото корольдігі — Африканың оңтүстігіндегі мемлекет (1966 жылға дейін Басутоленд деп аталды). Жер аумағы 30,35 мың км². Халқы — 2,6 млн. (2002). Этникалық құрамының басым бөлігін басуто халқының өкілдері (79%) құрайды. Астанасы — Масеру қаласы Ресми тілдері — ағылшын және сесуто. Халқының 42%-ы протестанттар, 38%-ы католиктер, қалғандары әр түрлі діни сенімдерді ұстанады. Мемлекеттік құрылысы — конституциялық монархия (корольдік). Заң шығарушы органы — Сенат және Ұлттық Асссамблеядан тұратын қос палаталы парламент. Атқарушы билікті премьер-министр бастаған үкімет жүргізеді. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 4 қазан (1966). 1966 жылдан БҰҰ-на және Африкалық Бірлік ұйымына (ОАЕ) мүше. Ақша бірлігі — лоти.

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Дереккөздер

Табиғаты

Лесотоның шығысы мен оңтүстік Дракон тауларымен шектелген, Басуто үстіртінде орналасқан. Ең биік жері — Табана нтленьяна (3482 м) тауы. Климаты субтропиктік, қаңтардағы орташа температурасы 25 — 26ӘС, шілдеде 15ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері — 750 — 1000 мм. Басты өзені — Оранис. Ландшафтысына астық тұқымдас шөптесінді дала тән, Дракон тауында бұта басым өседі. Негізгі пайдалы қазбалары — алмас, көмір, уран мен кварц.

Тарихы

Лесотоның ежелгі тарихы аз зерттелген. Лесотоның байырғы тұрғындары бушмендер болды. 17 — 18 ғасырларда басуто тайпалары оларды ығыстырып шығарды. 1860 ж. елді ағылшындар басып алып, 1868 — 1966 ж. аралығында Ұлыбританияның протектораты болды. 1966 ж. Лесото тәуелсіздік алғанымен елде саяси тұрақсыздық орын алып, жиі-жиі әскери төңкерістер болып тұрды. 1993 ж. 27 наурызда халықаралық күштердің қысымымен елде демократиялық сайлау өтіп, әскери режим биліктен кетті. 2 сәуірде парламент Лесотоныңның жаңа конституциясын қабылдады. Лесото сыртқы қатынастарда блоктарға қосылмау саясатын ұстанады.

Экономикасы

Лесото экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген. Басты дақылдары: жүгері, сорго, бидай, арпа. Мал шаруашылығы, жүн және түбіт өндіру дамыған. Сыртқы саудасы негізінен Оңтүстік Африка Республикасына (экспорт — 85%, импорт — 90%) бағытталған. Жалпы ұлттық өнімінің жан басына шаққандағы мөлшері 2480 АҚШ долларына тең (1997). Сыртқа шикізат өнімдерін, жүн, алмас, бидай, көкөніс шығарады. Сырттан, негізінен, отын, азық-түлік, тұрмысқа қажетті тауарларды әкеледі.

Дереккөздер

  1. ↑ Африка, Энциклопедический справочник, М., 1986
  2. ↑ Страны мира, полный универсальный информационный справочник, 2-е изд., М., 2004.


лесото, лесото википедия, лесото или калининград, лесото карты, лесото на карте мира, лесото столица, лесото флаг, лесотозавр, лесоторговая база в орле, лесоторговая орел


Лесото Туралы Ақпарат

Лесото


  • user icon

    Лесото beatiful post thanks!

    29.10.2014


Лесото
Лесото
Лесото Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Лесото бұл, Лесото кім, Лесото сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...