Fri . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Латвия

латвия карта, латвия
Координаттар: 57°00′00″ с. е. 24°56′00″ ш. б. / 57° с. е. 24.933333° ш. б. (G) (O)57, 24.933333

Латвия, Латвия Республикасы – Еуропаның солтүстік-шығысында, Балтық теңiзi жағалауындағы мемлекет. Ол Эстония, Литва, Ресей, Беларусь және теңіз арқылы Швециямен шекаралас. Жер аумағы – 64,589 мың км². Халқы – 1 997 500 адам. Мемлекет қоңыржай белдеуде орналасқан.

Астанасы – Рига қаласы. Мемлекеттік тiлi – латыш тiлi. Халқы христиан дiнiнің протестант, католик, православие тармақтарын ұстанады. Латвия – парламенттiк республика. Парламент (1 палаталы сейм) депутаттары 4 жыл сайын жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланады. Конституция бойынша мемлекет басшысы – Президент. Оны парламент депутаттары 3 жыл сайын сайлап отырады. Атқарушы билiк – премьер министр басқаратын үкiмет қолында. Ұлттық мейрамы – 18 қараша – Тәуелсiздiк күнi (1918). Ұлттық ақша бiрлiгi – еуро (2004 ж., мамыр). Латвия жерi Шығыс Еуропа жазығында, Балтық теңізіне құятын Даугава (Батыс Двина) өзені алабында орналасқан. Елдің батысында – Курзем, орталығында Видзем, шығысында Латгаль қыраттары, солтүстік-шығысында Латыш ойпаты жатыр. Климаты теңiздiк және континенттiк. Шiлдедегi орташа температурасы 16 – 18°С, қаңтарда Балтық жағалауында 2 – 3°С, шығыс аудандарында 7°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 – 800 мм. Өзендерi Балтық теңізіне құяды. Iрiлерi: Даугава, Лиелупе, Вента, т.б. 3185 көл бар, iрiлерi: Лубанас, Резнас, Усмас, т.б. Жерiнің 38%-ы орман (қарағай, қайың, шырша, терек). Латвия жерiн адам баласы алғаш мезолит дәуiрiнде (біздің заманымыздан бұрынғы 9 – 4-мыңжылдық) мекендеген. Алғашқы мемлекеттiк бiрлестiк Шығыс Латвияда (латгалдардың 8 князьдiгi) 10 – 13-ғасырларда пайда болды. 12-ғасырдың 2-жартысында Семсерлiлер орденi, 1237 ж. Ливон орденi құрылды. Сөйтiп, 1561 жылға дейiн Латвия Ливонияның құрамында болды. 1558 – 83 ж. Латвия Речь Посполитаға қарады. Латвия жерiнің Ресей империясының қол астына өте бастауы 18-ғасырдың аяғына қарай аяқталды. 1917 жылғы Қазан төңкерiсiнен кейiн елде Кеңес өкiметi орнағанымен, 1918 ж. ақпанда Латвияны немiстер басып алды. 18-қарашада тәуелсiз Латвия Республикасы құрылды. Бiрақ 1940 ж. Латвия КСРО құрамына қосылуға мәжбүр болды. Ел 1941 – 44 ж. екiншi рет немiс оккупациясын бастан өткердi. Соғыстан кейiнгi жылдары социалистік жолмен дамып, 1989 ж. күзде өзiнің КСРО құрамынан шығатынын мәлімдеді, ал 1990 ж. мамырда Тәуелсіздiк Декларациясын жариялады. Латвия 1991 жылдан БҰҰ-ға мүше. 2004 ж. Еуропалық одаққа мүше болып қабылданды. Елдің ауыл шаруашылығы, негiзiнен, еттi-сүттi iрi қара және шошқа өсiруге бейiмделген. Өндiрiстің жетекшi салалары – машина жасау (автобустар, құрал-жабдықтар, т.б.), жеңiл, целлюлоза-қағаз және ағаш , фармацевтика және құрылыс материалдары. Сыртқы саудадағы негiзгi экспорты: электр пойыздары, автомобиль, электр тауарлары, ағаш бұйымдары, тоқыма, тағам өнiмдерi. 1998 ж. мамыр айында Қазақстан мен Латвия арасында Латвия порттарын жүктердi тасымалдау үшiн пайдалану мен транзит тәртiбi туралы, халықаралық әуе қатынасы, әуе және темір жол көлiгi саласында ынтымақтастық орнату жөнiндегi келiсiмге қол қойылды.

Мазмұны

  • 1 Халқы
  • 2 Өнеркәсіпті Латвия
  • 3 Тәуелсіздік пен үкімет
  • 4 Пайдаланылған cілтемелер

Халқы

Латвия халқының ұлттық құрамы (2011)
Латыштар    62.1%
Орыстар    26.9%
Беларусьтер    3.3%
Украиндар    2.2%
Поляктар    2.2%
Литвалықтар    1.2%
Басқалар    2.1%

2014 жылдың 1 мамырына қарай халық саны 1,997,500 адамды кұрады. Халық тығыздығы - 34,3. 2013 жылға қарай орташа өмір сүру ұзақтығы 73.19 жыл (68.13 жыл ерлер, 78.53 жыл әйелдер). Урбандалу деңгейі орташа - 67,7% Қалыптасқан агломерациялар - Рига.


Өнеркәсіпті Латвия

Латвия — Балтиядағы өнеркәсібі жағынан ең дамыған ел. Ол теңізге шығар жолын сауда мен балық аулау үшін пайдаланады.

Латвия — ойпаттағы ел. Оның аумағынынң 98%-ы теңіз деңгейінен 200 м-ден жоғары көтерілмейді. Шығысында Беларусь және Ресеймен, солтүстігінде Эстониямен, Оңтүстігінде Литвамен шектеседі. Солтүстік-батыстағы жағалау сызықтарының бір бөлігі бұралаңдай отырып, Рига шығанағын құрайды. Ол Балтық теңізінен ірі эстон аралы — Сааремаа және Моонзунд топаралының басқа аралдары арқылы бөлінген. Рига шығанағының қолайлы жылы аймағында ең ірі порт әрі Латвия астанасы — Рига қаласы орналасқан. Батыс жағалауында басқа маңызды порттар Вентспилс пен қатпайтын Лиепая орналасқан. Латвия арқылы тек 17-сінің ғана ұзындығы 90 км-ден ағатын мыңдаған бұлақтар мен шағын өзендер ағып өтеді.

Өзендердің ең ұзыны — Даугава (Батыс Двина) бастауын Ресейден алып, Беларусь арқылы ағып, Латвияны кесіп өтіп, Рига шығанағына құяды. Желтоқсаннан сәуір айына дейін мұз басып жататын, толып жатқан иірімдері мен қайраңдары бар Даугава ірі тоннажды кемелердің жүзуі үшін жарамсыз. Алайда су электр станцияларында электр қуатын өндіру мен елдің ішкі аудандарынан порттар мен жағалауларға ағаш ағызу үшін пайдаланылады.

Ормандар Латвия аумағының 40%-дайын алып жатыр. Олардың жартысынан көбі қарағай ормандары, емен ормандары да көп. Ағашқа деген сұраныс орман және ағаш өнеркәсібінің гүлденуіне жағдай жасайды. Латвия аумағының 10%-ға жуығын шымтезектің ірі қорлары шоғырланған батпақтар алып жатыр. Әктастық және доломиттік кендерден құрылыс тасы өндіріледі. Елде басқа табиғи ресурстар өте аз.

Жуырда Латвияның шығысында мұнай кен орындары ашылса да, табиғи отын Ресейден әкелінеді. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы. Өнеркәсіптің жетекші салалары — машина жасау мен металл , химия өндірісі, мұнай, ағаш мен целлюлоза-қағаз өнеркәсібі. Ел халқының 57%-ын латыштар, 30%-дан астамын орыстар құрайды. Сондай-ақ Латвияда украиндар, беларусьтар, поляктар тұрады.

Тәуелсіздік пен үкімет

Бүкіл тарихының өн бойына дерлік Латвия басқа мемлекеттердің билігінде болды. XIII ғасырдың екінші ширегінен 1561 жылға дейін ол неміс кресшіл рыцарьларының Латвия мен Эстония аумағында құрған князьдіктер конфедерациясы — Ливонияның кұрамына кірді, 1562 жылдан кейін Латвия аумағының бір бөлігін Швеция мен Польша бөлісті. XVIII ғасырда I Петр елді қуатты Ресей империясына қосты. Латвия тәуелсіздігіне 1920 жылы ие болып, оны Кеңестер Одағына қосылған 1940 жылға дейін сақтады. 1991 жылы тәуелсіздігіне қайтадан ие болған ел, 1922 жылғы Конституциясын қалпына келтірді. Үкіметті премьер-министр басқарады, оны халық ерікті дауыс беру жолымен төрт жыл мерзімге сайлайтын 100 адамнан құралатын парламент-Сейм тағайындайды. 2004 жылы Латвия Еуроодақтың құрамына енді.

Секешфехервар — Венгрияның бірінші астанасы

Секешфехервар — Венгрияның ең көне қалаларының бірі және бірінші астанасы болып табылады.

Оның негізін 970 жылы Балатон көлінен қашық емес жерде, адам өте алмайтын батпақтардың ортасында венгр князі Геза калады. Қаланың бірінші атауы латынша "Корольдің ақ қаласы" деген мағынаны білдіретін — Альба Региа болды.

30 жылдан кейін негізін салушының ұлы, кейіннен әулие деп танылган Иштван Венгр Корольдігін құруды бастады. Бұл кезде қала басқа қоныстардан өзінің үлкендігімен және экономикалық дамуымен бөлектенді. Кейінірек венгрше Секешфехервар деп атала бастаған қалада, Сильвестр папа әулие Иштванның басына кигізген тәжі мен салтанатта киетін киімі сақталды.

1717 жылдан 1780 жылға дейін созылған император әйел Мария-Терезия билігі кезінде Секешфехерварда жаңа шіркеулер салынып, ескілері толығымен қайта жаңғыртылды. Тұрғын үйлер барокко, рококо және жаңа классицизм үлгісінде салынды. Секешфехервардағы тарихи ғимараттардың көпшілік бөлігі 1740 жылдан 1840 жылға дейінгі кезеңде тұрғызылды.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезіндегі әлеуметтік-саяси сілкіністер Будапештпен салыстырғанда Секешфехерварды көп қозғаған жоқ, сондықтан да қаланың емін-еркін дамуға мүмкіндігі болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, 1945 жылы қала мен оның айналасында кескілескен ұрыстар жүрігізілді, бұл шайқастар 23 наурызда аяқталды. Соғыстан кейінгі кезеңде Секешфехервар өнеркәсібінің жылдам өсуі байқалды. Қазіргі уақытта қала Фейр провинциясының (медьенің) әкімшілік орталығы болып табылады. Онда алюминий, тігін, ағаш мен өнеркәсіптің басқа да салаларының кәсіпорындары жұмыс істейді.

Сондай-ақ онда халықаралық дәрежеде белгілі "Икарус" автобустарын шығаратын зауыт орналасқан. Секешфехервардың көңіл аударарлық тарихи орындары (оған ашық аспан астындағы Құландылар саябағы деп аталатын мұражай да жатады) өзіне көптеген туристерді тартады.

Пайдаланылған cілтемелер

  1. a b The number of population is decreasing – the mark has dropped below 2 million. Латвияның Орталық Статистика Бюросы (May 2014). Тексерілді, 6 Мамыр 2014.
  2. ↑ 2011 жылғы санақ. Латвияның Орталық Статистика Бюросы (2011). Тексерілді, 26 тамыз 2011.
  3. a b Report for Selected Countries and Subjects
  4. ↑ Human Development Index and its components
  5. ↑ Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
  6. ↑ 2011 жылғы санақ нәтежиесі. Латвияның демографиялық статистика департаменты (2011). Тексерілді, 26 тамыз 2011.
  7. ↑ Латвиядағы ОББ зерттеулері. Орталық Барлау Басқармасы (2014). Тексерілді, 26 тамыз 2014.
  8. ↑ Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5

латвия, латвия википедия, латвия время, латвия календарь 2018 года, латвия карта, латвия на карте, латвия население, латвия новости, латвия погода, латвия рига


Латвия Туралы Ақпарат

Латвия


  • user icon

    Латвия beatiful post thanks!

    29.10.2014


Латвия
Латвия
Латвия Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Латвия бұл, Латвия кім, Латвия сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...