Sun .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Лаос

лаос википедия, лаос
Лаос, Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Үндiқытай түбегiнің орталық бөлiгiнде орналасқан. Жер аумағы – 236,8 мың км². Астанасы – Вьентьян қаласы. Әкiмшілік жағынан 16 кхуэнге бөлiнедi. Халқы 5,5 млн. адам. Этникалық құрамында лао-лум (68%), лао-тенг (22%), т.б. халықтар бар. Мемлекеттік тiлi – лаос тiлi. Халқының басым көпшiлiгi будда дiнiн ұстанады (85%). Ақша бiрлiгi – кип. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – Президент. Заң шығарушы органы – бiр палаталы Ұлттық жиналыс.

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Пайдаланылған cілтемелер

Табиғаты

Жері негізінен таулы келеді. Солтүстік бөлігін Траннинь таулы қыраты алып жатыр. Ең биік жері — Биа тауы (2820 м). Шығысында Чыонгшон, оңтүстігінде Боловен таулары, батысында Корат үстірттері бар. Климаты субэкваторлық муссондық. Қаңтардың орташа темпеоатурасы 15 — 23С, шілдеде 28 — 30С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тауда 2000 – 3000 мм, жазық бөлігінде 1500 мм. Басты өзені — Меконг. Лаоста субтропиктік мәңгі жасыл ағаштар өседі. Піл, мүйізтұмсық, маймыл (макака, гиббон), жыланның көптеген түрлері, қырғауыл, бүркіт, тауыс, т.б. құстар, өзендерінде тұқы, шортан сияқты балықтар кездеседі.

Тарихы

Лаос жерiн адамдар жоғарғы палеолит дәуiрiнен бастап мекендеген.Неолит дәуiрiнде Лаос алқабында күрiш егу, таулы жерлерде аңшылық пен мал шаруашылығы өрiс алды. Біздің заманымыздың 1-мыңжылдығының алғашқы жартысында Фунань кхмерлер мемлекетi құрылды. 1353 ж. Лаостағы ұсақ иелiктер аса iрi Лансанг мемлекетiне бiрiктi. 14-ғасырда бiрыңғай мемлекет болып қалыптасты. Будда дiнi күшейдi, елде дiни мектептер салына бастады. 15 – 18-ғасырларда Лаос мәдениетi жан-жақты өркендедi. Лансанг мемлекетiнде сауда жолдары дамыды. 1827 ж. елдің астанасы Вьентьянға көшiрiлдi. 1893 ж. Франция Лаос аймағын өз отарына айналдырды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары ұлттық Лао Иссара (Лаосты азат ету) ұйымы құрылды. Жапония 2-дүниежүзілік соғыста жеңiлiске ұшыраған соң француз үстемдiгiне қарсы көтерiлiс ұйымдастырылды. 1945 ж. 12-қазанда көтерiлiсшiлер Лао елiнің (“Патет Лао”) тәуелсiздiгiн жариялады. Бiрақ 1946 ж. 21-наурызда Патет Лао құрамалары француз әскерлерiнен жеңiлiп қалды. Елде партизандық күрес басталды. 1950 ж. Лаостың Азаттық майданы, 1951 ж. наурызда Лаос, Камбоджа және Вьетнам мемлекеттерiнің бiрiккен Азаттық майданы құрылды. Француз отаршылары 1953 ж. 22-қазанда Лаостың тәуелсiздiгiн шартты түрде мойындауға мәжбүр болды. 1975 ж. 2-желтоқсанда Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы жарияланды. 1955 ж. Лаос БҰҰ-на қабылданды.

Экономикасы

Лаос халқы, негiзiнен, ауыл шаруашылығымен айналысады. Басты дақылы – күрiш. Экспортқа ағаш, тоқыма бұйымдарын, кофе, гипс, қалайы шығарады. Сырттан азық-түлiк, ауыр машина жасау өнiмдерiн, өнеркәсiптiк отын алады. Ұлттық жалпы өнiмнің жан басына шаққандағы мөлшері 1290 АҚШ долларына тең. Негiзгi сауда серiктестерi – Жапония, Қытай, Тайланд, Италия, Франция және Германия.

қ • т • өФранкофонияМүшелері: АлбанияАндорраБельгияБенинБолгарияБуркина-ФасоБурундиВануатуВьетнамГабонГаитиГанаГвинея • Гини-Биссау • ГрекияДжибутиДоминикаКабо-ВердеКамбоджаКамерунКанадаКипр • Камарлар • Конго Демократиялық РеспубликасыКонго РеспубликасыКот-д’ИвуарЛаосЛиванЛюксембургМаврикийМавританияМадагаскар • Македония • МалиМароккоМонакоМысырНигерОрталық Африка РеспубликасыРуандаРумынияСан-Томе және Принсипи • Сейшель аралдары • СенегалСент-ЛюсияТогоТунисФранция • Ташад • Швейцария • Экваторлық Гвинея

Бақылаушы елдер: АустрияАрменияГрузияЛитваМажарстанМозамбикПольшаСловакияСловенияСербияУкраинаХорватия • Чехия

Пайдаланылған cілтемелер

  1. ↑ Балалар Энциклопедиясы, 6 том.


лаос, лаос википедия, лаос газрын зураг, лаос камбоджа карта, лаос на карте мира, лаос столица, лаос туризм, лаос улс, лаос улсын тухай, лаос фото


Лаос Туралы Ақпарат

Лаос


  • user icon

    Лаос beatiful post thanks!

    29.10.2014


Лаос
Лаос
Лаос Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Лаос бұл, Лаос кім, Лаос сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...