Fri . 19 May 2019

Көктерек

көктерек
Көктерек (талдар тұқымдасы)

Қазақстанда белгілі жабайы 11 түрдің ішіндегі көпшілікке белгілі Самырсын орманында, аралас ормандарда, өзен жағалары мен сазды жерлерде бір сөзбен айтқанда, Республиканың барлық жазықтарында, Батыс Тянь- Шань және Шу- Іле тауларынан басқа тауларда өседі. Бұл биіктігі 25 метрге дейін жететін жылдам өсетін ағаш, діңі түзу, тегіс, қабығы жасылдау - сұр түсті Жапырағы дөңгелек, жиегі бір келкі емес, жұмыр тісті. Басқа ағаштардан айырмашылығы көктеренктің жапырақ жүйкелері астыңғы жақтарына қарағанда жапырақтың үстіңгі жағынан жақсы көрінеді. Тамыр жүйесі топырақтың беткі жағына жақын жетілетіндіктен, тамырдан түйін тастап жас көктеректің пайда болуына мүмкіндік жасайды. Көктеректің қайыңынынан айырмашылығы екі үйлі өсімдік.Аталық сырға гүлдері бір ағашта, ал аналық сырға гүлдері басқа ағашта ерте көктемде жапырақ жарғанға дейін гүлдейді, гүлдері көп және ұсақ.Назарын өзіне еріксіз аударатын аталық сырға гүлі-үлпілдек ,жұмсақ сұр, майысқақ, қызыл түсті тозаңдары бар. Тозаңдану жел арқылы жүреді. Аралар гүлдің тозаңдарымен бірге әлі де ашылмаған бүршіктерден жабысқақ зат (клей) жинайды. Тұқымды өте ұсақ, пісіп жетілген соң, жаз мезгілінде желмен таралады. Бұл да қайыңға ұқсас кесілген немесе өртенген ормандардың орнына қаулай өседі ,нәтижесінде ұзақ жыл тіршілік салыстырғанда өзінен жоғары бағаланатын ағаштардың өсуіне жағдай жасап, ығысып шыға береді.

Қосымша ақпарат

Көктерек жарық сүйгіш өсімдіктердің қатарына жатады.Жылдам өсетінідігі үшін бағаланады. Одан алынатын жұмсақ, ақ түсті ағаштар құрылысқа пайдаланады, қағаз шығаруға , фанер, шырпы т.б. заттар жасауға қолданылады. қабығы тері илеуге ,тканьді бояуға қолданады(сары түс береді). Бүршігі мен жапырвғы ағзаға тез әсер ететін заттар түзеді, бөлме ауасын тазартуға пайдаланады, халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Өкпе , безгек, уланған немесе жылан шағып алған жағдайда қолданады.

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Populus tremula

көктерек


Көктерек Туралы Ақпарат

Көктерек


  • user icon

    Көктерек beatiful post thanks!

    29.10.2014


Көктерек
Көктерек
Көктерек Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Көктерек бұл, Көктерек кім, Көктерек сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...