Tue . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов


Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы — 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР Үкіметі басшысы, Қазақстан Республикасысының Премьер-Министрі (2007 - 2012), мемлекет қайраткері. Мамандығы бойынша қаржыгер, заңгер, қытайтанушы, экономика ғылымдарының докторы.

Мазмұны

  • 1 Өмірбаяны
  • 2 Марапаттары
  • 3 Отбасы
  • 4 Дереккөздер
  • 5 Сыртқы сілтемелер

Өмірбаяны

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов - 1965 жылы маусымның 15 күні Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген. Әкесі - Қажымқан Қасымұлы Мәсімов . Анасы - Элеонора (Ажибекова) Кәрімқызы Масимова .

Білімі

  • 1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін үздік бітірді.
  • 1985 жылы Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды.
  • 1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.
  • 1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.
  • Орыс, қазақ, Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.

Қызмет жолы

  • 1991 жылы - Қытай Халық Республикасындағы КСРО Сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесші.
  • 1991 жылы ҚР Еңбек министрлігінде сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, Бас экономист.
  • 1992 жылы «Қазақпригранторг» фирмасының басшысы, Үрімші (Қытай) қаласындағы «Қазақинторг» өкілдігінде жетекші маман, директор орынбасары.
  • 1993 жылы «Акцепт» ЖШС басшысының ішкі экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарады.
  • 1994 жылы Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің басқарушы директоры.
  • 1995 жылы «Алматы сауда-финанс банкі» ЖАҚ Басқармасының бастығы,
  • 1996 жылдың қыркүйек айынан «ТұранӘлембанк» Басқармасы бастығының міндетін орындаушы,
  • 1997 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқармасы бастығының 1-орынбасары, қыркүйек айынан бастап бастығы,
  • 2000 жылдың тамыз айынан ҚР Транспорт және коммуникация министрі,
  • 2001 жылдың қарашасынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,
  • 2002 жылдың шілдесінен ҚР Президентінің көмекшісі,
  • 2006 – 07 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
  • 2007 ж. қантардың 10-ында Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады.
  • 2011 жылдың 2 қарашасында Кәрім Мәсімов "Қазақша Уикипедиа" жобасын өз қамқорлығына алатынын хабарлады.
  • 2012 жылдың 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы ретінде жұмыстан кететіндігі туралы арызын берді. Президент Н.Назарбаев өтінішті қабылдады . Сол күні М.Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы ретінде тағайындалды.
  • 2014 жылдың 7 сәуірінен Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады.

Марапаттары

  • 2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденімен
  • 2004 жылы «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.
  • 2011 жылы - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі.

Отбасы

Жұбайы - Мәсімова (Машұрова) Дилярам Азатқызы. 3 баланың әкесі

Дереккөздер

  1. ↑ Масимов Карим Кажимканович (персональная справка)
  2. ↑ Мама премьера Казахстана К.Масимова до сих пор работает экскурсоводом в Железнодорожном музее
  3. Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
  4. ↑ Wikibilim project obtained PM’s support
  5. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің орнынан түсуі туралы Жарлығы 24.09.2012
  6. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлығы, 24.09.2012
  7. ↑ «Ақмола облысы» энциклопедиясы
  8. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Сыртқы сілтемелер

  • Кәрім Мәсімовтың ресми сайты
Кәрім Мәсімовтың 2-ші министрлер кабинеті (24 тамыз 2014 жылдан бастап)
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Премьер-Министрдің орынбасары Сыртқы істер министрлігі
Б. Сағынтаев Б. Сапарбаев Е. Ыдырысов
Қорғаныс министрлігі Ішкі істер министрлігі Әділет министрлігі
И. Тасмағамбетов Қ. Қасымов Б. Имашев
Ауылшаруашылық министрлігі Білім және ғылым министрлігі Қаржы министрлігі
А. Мамытбеков А. Сәрінжіпов Б. Сұлтанов
Инвестициялар және даму министрлігі Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлігі Мәдениет және спорт министрлігі
Ә. Исекешев Т. Дүйсенова А. Мұхамедиұлы
Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрлігі
В. Школьник Е. Досаев Ж. Айтжанова
 


Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Туралы Ақпарат

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов


  • user icon

    Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов beatiful post thanks!

    29.10.2014


Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов бұл, Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов кім, Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...