Sun . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Күнгей Алатау

күнгей алатау санаторий, күнгей алатау астана
 Қазақстан Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандары ,  Қырғызстан

Тау жүйесі

Солтүстік Тянь-Шань

Пайда болған кезеңі

Протерозой, каледон

Ұзындығы

280 км

Ені

30-35 км

Ең биік шыңы

Шоқтал шыңы, Қырғызстан

Биіктігі

4771 м

Күнгей Алатау Күнгей Алатау

Күнгей Алатау - Солтүстік Тянь-Шаньдағы жота.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Жер бедері
  • 3 Геологиялық құрылымы
  • 4 Климаты
  • 5 Су торабы
  • 6 Өсімдігі мен жануралар дүниесі
  • 7 Дереккөздер

Географиялық орны

Қырғызстан мен Қазақстан аралығында ендік бағытқа шамалас 280 км-ге созылып жатыр. Ені 30 – 35 км, абсолюттік биіктігі 4771 м (Шоқтал шыңы, Қырғызстанда). Солтүстігіндегі Іле Алатауынан жотаны Шоңкемін және Шілік өзендерінің аңғарлары бөліп жатыр. Оңтүстік Ыстықкөл қазаншұңқырымен шектеледі. Шілік-Кемін асуы суайрығы саналады және ол Күнгей Алатауын екіге – батыс (ұзындығы 150 км шамасында) пен шығысқа (ұзындығы 130 км шамасында) бөледі. Қазақстанмен шектесіп жатқан шығыс бөлігінің солтүстік беткейлері (ең биік жері 4653 м) Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандары жерімен өтеді.

Жер бедері

Орташа биіктігі 3800 – 4200 м болатын Күнгей Алатауының жер бедері биік тау сілемдерімен, сүйір пирамида тәрізді жеке таулар мен асу, шыңдардан тұрады. Бастылары: Қуғантыр (3908 м), Бұрғансу (3775 м), Шоңөрікті (3705 м), Қыземшек (4032 м), Күрметі (3552 м), Саты (3281 м), Қорымды (3174 м), Тоқымбұлақ (3185 м).

Геологиялық құрылымы

Жер қыртысы протерозой және каледон тау жаралу қатпарлығы кезінде көтерілді. Палеозойлық дәуір герцин қатпарлығымен аяқталды. Тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде тау жасалу процесі осы уақытқа дейін жалғасуда. Жота сейсмикалық ауданға жатады. Сондықтан жер сілкіну, қар көшкіні, сел тасқыны, т.б. қауіпті табиғат құбылыстары жиі болып тұрады.

Климаты

Күнгей Алатауының климаты тым континентті. Биік тау сілемдері ауа райына тікелей әсер етеді. Таулардың жоғарғы биік белдемдерінде жыл бойы дерлік температура 0°С-тан төмен болады. Қаңтар айының орташа температурасы таудың жоғары белдемінде – 40 – 45°С, төменгі белдемінде – 20 – 25°С, шілде айында тау бастарында 0 – 5°С-тан, төменгі етегі мен тау аңғарларында 15 – 20°С аралығында. Жауын-шашынның мөлшері тау аңғарында 400 – 550 мм, қыратты батыс беткейлерінде 800 – 900 мм-ге жетеді.

Су торабы

Жотадан (қазақстандық бөлігінен) бастау алатын өзендерге Шілік өзені және оның оң салалары: Жаңғырық, Түлкісай, Қарасай, Қарақия, Үлкен Өрікті, Құтырған, Талды, Күрметі (Күрменті), Көлсай, Саты, Қайыңды; Шарын өзенің сол салалары Шетмерке, Ортамерке, т.б. жатады. Өзендердің гидроэнергетика ресурстары мол. Күнгей Алатауында ірі мұздықтар (жалпы аумағы 237 км2), тектоникалық және мореналық шағын көлдер бар.

Өсімдігі мен жануралар дүниесі

Қазақстандық бөлігіне қарайтын сол-түстік жоғарын белдеулік беткейлерінде шырша, қарағай өскен. Шілік өзені аңғарының қара, таудың қызғылт қоңыр топырақтарында альпілік шалғындар мен әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер, шатқалдар мен тау баурайларында тал, терек, қайың, жабайы алма мен өрік, долана, арша, тобылғы ағаштары өседі. Күнгей Алатауының аңғарлары малға қолайлы тау жайлауы саналады. Биік таудың құз жартастарында арқар, таутеке, барыс мекендесе, одан төменде қасқыр, түлкі, елік, марал, сілеусін тіршілік етеді.

Дереккөздер

  1. Қазақстан энциклопедиясы

күнгей алатау астана, күнгей алатау бассейн, күнгей алатау кус, күнгей алатау санаторий


Күнгей Алатау Туралы Ақпарат

Күнгей Алатау


  • user icon

    Күнгей Алатау beatiful post thanks!

    29.10.2014


Күнгей Алатау
Күнгей Алатау
Күнгей Алатау Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Күнгей Алатау бұл, Күнгей Алатау кім, Күнгей Алатау сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресей мәртебесі муниципалдық ауданы Иркутск облысы енгізілген 21 муниципалитетов қаланың
Красноярск діни семинариясы

Красноярск діни семинариясы

күшіне ретінде орыс православиелік шіркеуінің Красноярск епархиясының бір жоғары оқу орны, 1895 жылғ
Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясы - әуесқой боксшылардың Ресей Федерациясы Кеңес Одағы ыдырағаннан және КСРО Бо
Қант алақаны

Қант алақаны

Викимедиа бойынша жүйелі - Суреттер Wikimedia Commons-тегі ITIS 506704 бойынша NCBI 145669 - қант