Wed .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Куньлунь

куньлунь ред стар, куньлунь рс
Куньлунь — Азиядағы аса ірі тау жүйелерінің бірі, Қытайда. Ұзындығы 2700 км-дей. Орташа биіктігі солтүстік жоталарда 6 мың метрдей, оңтүстік бөлігінде 6,5 мың метрге жетеді. Орография, геоморфология жағынан Куньлунь Батыс (кіші) және Шығыс (негізгі) бөліктерден тұрады. Батыс Куньлунь қатар жатқан үш жоталар тізбегінен тұрады, ені 100 км-ден аспайды, бұл тұстағы аса биік жері – Конгур тауы (абс. биіктігі 7579 м). Шығыс Куньлунь, негізінен, Цайдам және Тибет таулы қыраттары аралығындағы тау тізбектерінен тұрады, ені кей жерінде 600 км-ге жетеді. Куньлуньның ең биік шыңы – Арқатаудағы (Пржевальский жотасындағы) Ұлымұзтау тауы (абс. биіктігі 7723 м) – осы бөлігінде. Батыс бөлігі кембрийге дейінгі метафорфтық жыныстардан, төменгі палеозойлық құмтастан, орта палеозойлық терригендік және әктасты-кремнийлі жанартаутектік жыныстардан, шығысы ордовик-силурдың құмтасы мен тақтатасынан түзілген. Климаты тым континенттік. Тау етегінде шілденің орташа температурасы 25°–28°С, қаңтарда –9°С. Жоғарғы белдеулерде шілденің орташа температурасы 10°С-тан аспайды, қыста −35°С-қа дейін төмендейді. Мұзданудың жалпы ауданы 11,6 мың км²-дей. Ірі мұздығы – Юрункаш (ұзындығы 39 км). Қардың төм. шегі 5000-5200 м биіктікте. Етегінде түйесораң, қылша, қарамық, 2500-5000 м биіктікте жусан, сеңгірлек, ортаңғы белдеуде боз, көде шөп, бетеге, одан жоғарыда Тянь-Шань шыршасы өседі. Арқар, тауешкі, құлан, қасқыр, түлкі, аю кездеседі. 3600 м биіктікке дейін шұратты жершаруашылығы дамыған.

Дереккөздер

  • «Қазақстан» энциклопедиясы

куньлунь, куньлунь гора, куньлунь ред стар, куньлунь рс, куньлунь рс ð


Куньлунь Туралы Ақпарат

Куньлунь


  • user icon

    Куньлунь beatiful post thanks!

    29.10.2014


Куньлунь
Куньлунь
Куньлунь Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Куньлунь бұл, Куньлунь кім, Куньлунь сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...