Куба
куба, куба сериалКоординаттар: 22°01′00″ с. е. 79°01′00″ б. б. / 22.016667° с. е. 79.016667° б. б. (G) (O)22.016667, -79.016667 Гавана университеті.
Куба (ис. Cuba), ресми атауы - Куба Республикасы (ис. República de Cuba ), 1959 жылдан бастап Бостандық аралы - Америкадағы, Вест-Үндістандағы мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд (Пинос) және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, ұзын саны 1600-ге жуық. Құрлықтағы жер аумағы — 110,86 мың км2. Халқы — 11,3 млн. адам. Этникалық құрамы жағынан 65%-ы Испаниядан шыққандардың ұрпақтары, қалғандары — негрлер, метистер, мулаттар. Ресми тілі — испан тілі, діні — католик. Астанасы — Гавана қаласы (2,3 млн.). 1976 ж. қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің (Ұлттық ассамблея) қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Ұлттық мерекелері: 1-қаңтар — Азат етілген күн (1959), 26-шілде — Ұлттық көтеріліс күні (1953), 10-қазан — Кубаның Испаниядан тәуелсіздік алу жолындағы күресті бастаған күні (1868). Ақша бірлігі — Куба песосы.
Мазмұны
- 1 Географиясы
- 2 Әкімшілік бөлінуі
- 3 Тарихы
- 4 Экономикасы
- 5 Дереккөздер
Географиясы
Куба жерінің үштен бір бөлігі таулы қырат, қалған бөлігі жазық. Елдің Орталық және батыс өңірлерінде Кордильера-де-Гуаниганико, Гавана — Матансас, Бехукаль — Мадруга, Санта-Клара, Гуамуая қыраттары, шығысында Сьерра-де-Кубитас, Сьерра-де-Нахаса қыраттары, оңтүстік-шығысын Сьерра-Маэстра тауы (ең биік жері 1974 м) алып жатыр. Пайдалы қазбалардан — мыс, марганец, хромит, никель, каолин кездеседі. Климаты — тропиктік. Қаңтардағы орташа температура 22,5°С, тамызда 27,8°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жазық жерлерде 1000 — 1200 мм, таулы өңірлерде 2200 мм-ге дейін. Өзендері қысқа, әрі суы аз. Аумағының 10%-ын орман алып жатыр. Кесіртке, қолтырауын, тасбақа, т.б. хайуанаттар кездеседі, құстардың 300-ге тарта түрі бар.
Әкімшілік бөлінуі
Куба унитарлық мемлекеттер қатарына жатады. Территориясы 14 провинцияға және Хувентуд аралы муниципиячына бөлінеді. 2011-жылдың қаңтарынан Гавананы Артемис жіне Маябек провинцияларына бөлу туралы шешім өз күшіне енеді. Осылайша провинциялар саны 15-ке жетеді.
Әкімшілік бөлінуі.
|
|
|
Тарихы
Кастро ХрущевпенКуба жерінің алғашқы тұрғындары үндіс тайпалары болған. Еуропалықтар келгенше (15-ғасырдың аяғы) мұнда екі жүз мыңнан аса үндістер тұрды. Аралдарды 1492 ж. қазанда Христофор Колумб ашты. Ол оны қателесіп, Үндістанның бір бөлігі деп ұққан, сондықтан, кейінірек жаңа жер шығыстағы Үндістаннан (Ост-Үндістан) ерекшелендіріліп, батыс Үндістан (Вест-Үндістан) деп аталып кеткен.
- 1510 жылдан бастап елді испандар жаулап алуға кірісті. Үндістер отаршыларға қатты қарсылық көрсеткенімен, испандар оларды қырғынға ұшыратты. Ауыр еңбектен, ашаршылықтан, аурудан үндістер жаппай қырылып, 1537 ж. 5000-дай ғана адам қалды.
- 1812 ж. аралда құл-негрлер көтерілісі болды. Осыдан үрейленген жергілікті құл иеленушілер испан үкіметімен жасырын келісіп, аралдарды Испанияның соғыс-теңіз базасына айналдырды.
- 1868 ж. 10-қазанда Куба патриоттарының көтерілісі басталып, 1869 ж. сәуірде тәуелсіз Куба республикасы жарияланды. Бірақ көтеріліс басшылары арасындағы жікті пайдаланып, испандар 1878 ж. 10-ақпанда өз биліктерін қайта орнатты.
- 1886 ж. құлдық жойылды.
- 1897 ж. 25-қарашада Испания Кубаға автономия берді.
- 1898 ж. АҚШ Испанияға соғыс ашып, Кубадан қуып шығарды. 1899 ж. АҚШ Кубаны басып алды. Елде халық толқулары қайта күшейді.
- 1902 ж. мамырда ресми түрде Куба Республикасы жарияланды. Бірақ, АҚШ ел экономикасына толық өз бақылауын орнатты. Диктатураға қарсы бір топ жастар 1953 ж. 26-шілдеде Монкада казармасына шабуыл жасады. Жауап ретінде үкімет жазалауды күшейтті. Мексикаға өтіп кеткен Фидель Кастро шағын жасақ жиып, 1956 ж. 2-желтоқсанда Кубаға оралды да, көтерілісті бастады. Көтерілісшілер жеңіске жетіп, 1959 ж. 1-қаңтарда Батиста тәртібі құлады. Үкімет басына Ф.Кастро келді. АҚШ үкіметінің Кубада мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру мақсатындағы бірнеше әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Қазіргі кезде Куба социалистік жүйеде қалған мемлекеттердің бірі.
Экономикасы
АҚШ тарапынан болып отырған эмбарго саясаты салдарынан Куба экономикасы қазіргі таңда дағдарысты жағдайды басынан кешіріп отыр. Жалпы ұлттық табыс мөлшері жеке адамға шаққанда 3520 доллар. Экспортқа қант, минералды шикізаттар, темекі, цитрусты жемістер мен балық өнімдері шығарылады. Жанар май, машина, құрал-саймандар, азық-түлік, сусындар сырттан әкелінеді. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ел аумағының 34,2%-ын құрайды. Негізгі сауда серіктестері: Испания, Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, Мексика, Болгария, т.б. Куба Қазақстанның егемендігін алғашқы болып таныған елдердің бірі.
Дереккөздер
- ↑ Census.gov Country Rank. Countries and Areas Ranked by Population: 2013. U.S. Department of Commerce (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 мамыр 2013. Тексерілді, 9 мамыр 2013.
- ↑ Cuba. The World Factbook. CIA.
- ↑ “Балалар Энциклопедиясы”, V-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Ангола • Андорра • Аргентина • Боливия • Бразилия • Ватикан • Венесуэла • Гвинея-Бисау • Гватемала • Доминикан Республикасы • Эквадор • Испания • Италия • Кабо-Верде • Коста-Рика • Кот-д’Ивуар • Куба • Мальта • Мексика • Мозамбик • Молдова • Монако • Никарагуа • Гондурас • Панама • Парагвай • Перу • Филиппиндер • Португалия • Румыния • Сан-Томе және Принсипи • Сан-Марино • Сенегал • Уругвай • Франция • Чили •
қ • т • ө Countries in the CaribbeanIndependent nations
Commonwealth Realms: Antigua and Barbuda • Bahamas • Barbados • Grenada • Jamaica • Saint Kitts and Nevis • Saint Lucia • Saint Vincent and the Grenadines
Commonwealth republics: Dominica • Trinidad and Tobago
Other republics: Cuba • Dominican Republic • Франция (overseas regions of Guadeloupe and Martinique) • Гаити
Dependencies
Құрама Патшалық: Anguilla ∙ British Virgin Islands ∙ Cayman Islands ∙ Montserrat ∙ Turks and Caicos Islands • Dutch: Aruba • Netherlands Antilles •
Франция: Saint Barthélemy • Saint Martin • АҚШ: Navassa Island ∙ Puerto Rico ∙ U.S. Virgin Islands
|
қ • т • ө Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) |
---|
Гаити • Албания • Ангола • Антигуа мен Барбуда • Аргентина • Аустралия • Бангладеш • Барбадос • Бахрейн • Белиз • Бенин • Біріккен Араб Әмірліктері • Боливия • Ботсвана • Бразилия • Бруней • Буркина-Фасо • Бурунди • Венесуэла • Вьетнам • Габон • Гайана • Гамбия • Гана • Гвинея-Бисау • Гвинея • Гренада • Грузия • Гватемала • Джибути • Доминика • Доминикан Республикасы • Эквадор • Армения • Еуропа Одағы1 • Жаңа Зеландия • Жапония • Ямайка • Замбия • Зимбабве •Исландия • Израиль • Швейцария • Камбоджия • Камерун • Катар • Канада • Кения • Колумбия • Конго Демократиялық Республикасы • Конго Республикасы • Коста-Рика • Кот-д’Ивуар • Куба • Кувейт • Қазақстан • Америка Құрама Штаттары • Қырғызстан • Қытай • Лесото • Лихтенштейн • Марокко • Мадагаскар • Макао • Македония • Малайзия • Малави • Мали • Малдивтер • Маврикий • Мавритания • Мексика • Мианма • Мозамбик • Молдова • Моңғолия • Мысыр • Нигерия • Намибия • Непал • Нигер • Никарагуа • Норвегия • Оман • Гондурас • Оңтүстік Африка Республикасы • Оңтүстік Корея • Орталық Африка Республикасы • Панама • Папуа Жаңа Гвинея • Парагвай • Пәкістан • Перу • Филиппин • Руанда • Сальвадор • Сауд Арабиясы • Сент-Винсент және Гренадиндер • Сент Киттс және Невис • Сент Лусия • Сенегал • Сиерра-Леоне • Сингапур • Суазиланд • Сүлеймен Аралдары • Суринам • Таиланд • Тайвань • Танзания • Ташад • Того • Тринидад пен Тобаго • Тунис • Түркия • Уганда • Индонезия • Үндістан • Уругвай • Иордания • Фиджи • Хорватия • Чили • Гонконг • Шри-Ланка 1 Еуропа Одағының барлық жиырма жеті мүше елі БСҰ-ға өз алдына мүше болып енген: • Австрия • Бельгия • Болгария • Германия • Грекия • Дания • Ирландия • Испания • Италия • Швеция • Кипр • Құрама Патшалық • Латвия • Литва • Люксембург • Мажарстан • Мальта • Недерландия •Польша • Португалия • Румыния • Словакия • Словения • Финляндия • Франция • Чехия • Эстония |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
куба, куба карта, куба на карте мира, куба отдых, куба сериал, куба фото, кубань, кубань онлайн, кубатурник, кубатурник круглого леса
Куба Туралы Ақпарат

-
Куба beatiful post thanks!
29.10.2014
Куба
Куба
Куба Сіз қарап жатырсыз субъектісі
There are excerpts from wikipedia on this article and video
Кездейсоқ Мақалалар
Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия
Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...Аттинг
Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...Қосшағыл ауылдық округі
Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...Лаимберды
Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...іздеу жүйесі
Біздің сайт бар жүйесін функциялары іздеу жүйесі. Жоғары: "сіз іздеген?"сұрай аласыз барлық жүйесінде қорабы. Қош келдіңіздер, біздің қарапайым, стильную мен жылдам іздеу жүйесі бар, оны біз дайындады, сіздің ең нақты және өзекті ақпаратты.
Іздеу жүйесі үшін әзірленген сізге жеткізеді сізге ең өзекті және нақты ақпаратты қарапайым дизайнымен және жүйесімен жылдам жұмыс істеуі. Сіз дерлік кез келген ақпаратты іздесеңіз біздің сайтта. Қазіргі уақытта біз қызмет етеміз, тек қана ағылшын, түрік, орыс, украин, қазақ және белорус тілдерінде. Көп ұзамай жүйесіне қосылады жаңа тілдері. Өмір белгілі адамдар береді ақпарат, сурет және бейне туралы жүздеген тақырыптар, мұндай саясат, үкіметтік қайраткерлері, дәрігерлер, интернет-сайттар, өсімдіктер, технологиялық көлік құралдары, автомобиль және т. б.
Кездейсоқ Мақалалар
IC 4089
галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...Нидерхаузен (Наэ)
Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)
Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...NGC 2139
галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...© Copyright © 2014. іздеу жүйесі