Mon . 19 May 2019

Корея Республикасы Парламенті


Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ұлттық заң шығарушы билік органы (парламент).

Соңғы парламент сайлауы 2012 жылы 11 сәуірде өткізілді. Парламенттегі 246 бір мандатты аумақтар бойынша сайланады, ал қалған 54 орынды сайлау нәтижесі бойынша партиялық тізім бойынша пропорционалды түрде бөледі. Парламент мүшелері 4-жылдық мерзімге сайланады.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Құрылымы
    • 2.1 Төраға
    • 2.2 Парламенттік фракциялар
    • 2.3 Сайлау
  • 3 Қызметі
    • 3.1 Заң шығару процессі
  • 4 Дереккөздер
  • 5 Пайдаланылған әдебиеттер

Тарихы

Құрылымы

Төраға

Конституция бойынша парламенттке Төраға мен оның екі орынбасары төрағалық етеді. Олар заң шығару процессіне басшылық етеді. Төраға мен оның орынбасарлары Ұлттық Жиналыс мүшелерінің құпия сайлау нәтижесінде 2 жыл мерзімге сайланады. Төрағаны сайлау оның партиялық мүшелігіне байланысты емес, сонымен қатар Төраға мен оның орынбасарлары бір уақытта министр бола алмайды.

Парламенттік фракциялар

Ұлттық Жиналыста 20-дан аса өкілі бар партиялар кіші партияларға қарағанда ерекше құқықтарға ие: олар парламенттік фракциялар құра алады. Фракциялар көбірек мемлекеттік қаржыландыруға ие және елдің заң шығарушы билігі — Ұлттық Жиналыстың күн тәртібін алға қоятын ел басшыларының кездесулерінде, жиналыстарда отыра алады.

Сайлау

1988 жылы наурызда жарияланған Сайлау заңына сәйкес, Ұлттық Жиналыс сайлауы әр 4 жыл сайын болады және Жиналыста кемінде 200 мүше бола алады. Жиналыс мүшелірінің көп бөлігі жергілікті мандат бойынша сайланады, ал қалған орындар ұлттық деңгейде өткізілген сайлау нәтижесі бойынша пропорционалды түрде партиялар ұсынған тізіммен сайланады. 2012 жылы өткізілген сайлау нәтижесінде Жиналыстың 246 мүшесі мажоритарлық жүйе бойынша бір орынды сайлау аймақтарынан, ал 54 мүше партиялар тізімі бойынша сайланды. Жиналыспен салыстырғанда Президент сайлауы әр 5 жыл сайын өткізіліп тұрады, сол себеті билік азшылық жағдайда қалып отыртын жағдайлар болып тұрады.

Қызметі

Ұлттық Жиналыс заңдар мен мемлекеттік бюджетті, халықаралық келісімдерді бекітеді, президенттік министрлер орындарын ұсынған адамдарын бекітеді (немесе бекітпейді). Сонымен қатар Жиналыс соғыс ашу құқығына ие.

Жиналыстың жаңа сессия жыл сайын 1 қыркүйекте басталады және 100 күнге жалғасады (желтоқсанға дейін). Егер қажет болса, сессия жұмысы қосымша тағы бір айға ұзартылады.

Заң шығару процессі

Заң жобасын Төрағаға ұсыну үшін заң шығарушы оған кемінде 10 Жиналыс мүшелерінің қолы керек. Заң жобасының дұрыстығын және тіл тазалығын тексеру үшін ол арнайы комитеттің тексеруінен өткізіледі. Одан кейін заң Жиналыс тарапынан қабылдануы немесе қабылданбауы мүмкін.

Дереккөздер

  1. ↑ Портал внешнеэкономической информации Южная Корея. Информация о стране  (орыс.). Ресей Федерациясын Экономикалық даму министрлігі.
  2. ↑ А. Ланьков Государственная структура Кореи  (орыс.). Travel.ru (15.07.2002).

Пайдаланылған әдебиеттер

  • АҚШ Конгрессі Кітапханасының Country Studies жобасы  (ағыл.)
Корея Республикасы тақырыптарда

Елтаңба • Ту • Әнұран • Мемлекеттік құрылым • КонституцияПарламентӘкімшілік бөлініс • География • Қалалар • Елорда • Халқы • Тілдер • ТарихЭкономикаВалютаМәдениетДін • Кинематограф • ӘдебиетМузыка • Мейрамдар • СпортБілімҒылым • Транспорт • ТуризмПоштаҒаламтор • Қарулы күштер • Сыртқы саясат
Портал «Корея Республикасы»

 


Корея Республикасы Парламенті Туралы Ақпарат

Корея Республикасы Парламенті


  • user icon

    Корея Республикасы Парламенті beatiful post thanks!

    29.10.2014


Корея Республикасы Парламенті
Корея Республикасы Парламенті
Корея Республикасы Парламенті Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Корея Республикасы Парламенті бұл, Корея Республикасы Парламенті кім, Корея Республикасы Парламенті сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...