Sun . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Кордильера

плато в кордильерах, кордильера
 Канада  АҚШ  Мексика  Гватемала  Колумбия  Эквадор  Перу  Боливия  Аргентина  Чили

Пайда болған кезеңі

Солтүстік Америкада - мезозойдың юра кезеңі, Оңтүстік Америкада - бор кезеңі

Ұзындығы

18000 км

Ені

1600 км

Ең биік шыңы

Аконкагуа

Биіктігі

6960 м

Кордильера таулары

Кодильера (испан. сordіlleras – тау тізбегі) – жер шарындағы ең ұзын тау жүйесі. Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауын бойлай, Аляска түбегінен Отты Жер аралына дейін созылып жатыр. Ұзындығы 18000 км-ден астам. Кодильера биіктігі жөнінен Гималай мен Орталық Азия тауларынан ғана аласа.

Мазмұны

  • 1 Геологиялық құрылымы
  • 2 Жер бедері
  • 3 Кен байлықтары
  • 4 Құрлық климатына әсері
  • 5 Климаттық белдеулері
  • 6 Өсімдік жамылғысы
  • 7 Дереккөздер

Геологиялық құрылымы

Кодильера таулары Солтүстік Америкада мезозойдың юра кезеңінде, ол Оңтүстік Америкада бор кезеңінде қалыптаса бастады. Тектоникалық қозғалыстар әлі аяқталған жоқ, бұл қуатты жерсілкінулер мен жанартау атқылауларынан айқын байқалады. Тау жүйесі бойында 80-нен аса әрекетін тоқтатпаған жанартаулар бар.

Жер бедері

Тау жүйесі 2 бөлікке бөлінеді: Солтүстік Америка Кодильерасы және Оңтүстік Америка Кодильерасы немесе Анд таулары. Солтүстік Америкадағы ең биік жері Мак-Кинли тауы (6193 м). Анд тауларының ең биік жері Аконкагуа тауы (6960 м). Тау жүйесінің ең енді жері Солтүстік Америкада 1600 км-ге, Оңтүстік Америкада 900 км-ге жетеді. Кодильера тау жүйесі бойында біріне-бірі параллель орналасқан жоталар тізбегі аралығында ішкі тауаралық үстірттер мен таулы үстірттер белдеуі (Солтүстік Америкада – Юкон, Фрейзер, Колумбия, Үлкен Алап, Колорадо, Мексика, ал Оңтүстік Америкада – Перу, Орталық Анд) бар.

Кен байлықтары

Тау жүйесі кен байлықтарына бай, әсіресе, мыс, мырыш, қорғасын, молибден, вольфрам, қалайы, алтын, күміс, платина және мұнайдың мол қоры жинақталған.

Құрлық климатына әсері

Кодильера таулары құрлықтың шығысындағы жазық жерлерді Тынық мұхит жағалауынан бөліп жатқан ең үлкен суайрық және климат тосқауылы болып табылады. Ол Атлант мұхитынан келетін мол ылғалды бөгеп қалады, сондай-ақ, Тынық мұхиттың әсер етуін тежейді. Соның нәтижесінде Тынық мұхиттағы Калифорния, Перу сияқты суық теңіз ағыстары ықпалынан тек қана осы батыс жағалық бөлікке тән құрғақ жағалық шөл (Атакама) климаты қалыптасады.

Климаттық белдеулері

Кодильера күрделі құрылымды тау жүйесі болғандықтан оның түрлі бөліктеріндегі табиғат жағдайлары да түрліше болып келеді. Кодильера таулары, негізінен, барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді. Сондықтан географиялық ендіктер, биіктік пен тау жоталары беткейлерінің орналасу ерекшелігіне сәйкес климаттық жағдай мен биіктік белдеулер жиынтығы да таудың өн бойында өте күшті өзгеріске ұшырайды. Субарктикалық және қоңыржай белдеулердің батысы мен экваторлық белдеуге сәйкес келетін тау беткейлерінде жауын-шашын ерекше мол жауады. Ал ішкі бөліктегі таулы үстірттерде климат континенттік сипат алады. Субтропиктік және тропиктік белдеудің батысын алып жатқан Кодильераның жағалық жоталарында Калифорния суық ағысы ықпалынан климат өте құрғақ болып келеді, ал таудың шығыс беткейлерінде шөл-шөлейт және дала белдемі қалыптасқан.

Өсімдік жамылғысы

Аса мол ылғал алатын тауларды мәңгі жасыл орман жауып жатыр. Қоңыржай белдеудің солтүстігінде қылқан жапырақты орман, оңтүстігінде аралас орман, экваторға жақындаған сайын ауыспалы ылғалды ормандарға ауысады. Аса биік әрі ылғалы мол экватор мен субэкватор белдеулеріндегі тау беткейлеріне биіктік белдеулердің күрделі жиынтығы тән. Олар ылғалды мәңгі жасыл экваторлық ормандардан (гилея) мәңгі мұздықтар белдеуіне дейін жіктеледі. Қар сызығы Аляска тауларында 600 метр, Отты Жер аралында 700 – 1000 м-ден Боливия мен Оңтүстік Перу жерінде 6000 – 6300 м-ге дейін көтеріледі. Бұл тауларда дүние жүзіндегі ең биік тау басындағы егіншілік аудандары (3500 – 4000 м) орналасқан.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 11 - том

кордильера, плато в кордильерах


Кордильера Туралы Ақпарат

Кордильера


  • user icon

    Кордильера beatiful post thanks!

    29.10.2014


Кордильера
Кордильера
Кордильера Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Кордильера бұл, Кордильера кім, Кордильера сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...