Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Копетдаг

копетдаг
Көпеттау (түрікше көп тау) – Иран мен Түрікменстан жеріндегі тау жүйесі; Түрікмен-Қорасан тауларының бір бөлігі. Көп жері Иранға қарайды, солтүстік шеті Түрікменстан аумағында жатыр. Шығыс, оңтүстік-шығыстан батыс, солтүстік-батысқа қарай 650 км-ге созылған. Ені 40 – 200 км. Көпеттау альпілік тау түзілісінде пайда болған орташа биік жоталар жүйесінен тұрады. Орташа биікт. 1000 – 2000 м, ең биік жері 3117 м (Хезармесджед тауы). Тектоникалық белсенді аймақ, аса күшті жерсілкінулер жиі қайталанады. Климаты құрғақ субтропиктік. Жазы құрғақ, әрі ыстық. Тау етегінде шілденің орташа температурасы 30 С, қаңтарда 1 С. Таудың жоғары бөлігінде шілдеде температура 18 С, қаңтарда –4 С-қа дейін төмендейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері төңірегіндегі шөлдерден аз-ақ артық (200 – 350 мм). Жер беті суға тапшы, өзендері жазда тартылып қалады. Тау алды жазықтары мен тау етегі – жусанды-эфемерлі шөл. Таудың төменгі белдеуі – қияқ, қоңырбас өскен шөлейт, 500 – 1000 м биіктікте астық тұқымдас шөптер өскен субтропиктік дала табиғаты қалыптасқан. Таудың ең жоғарғы бөлігі селеулі-бетегелі дала, 2200 м-ден жоғарыдағы тау даласында тау шалғыны өскен. Ылғалды аңғарларда арша мен пісте ағашынан тұратын селдір орман кездеседі. Сынап, күшала (мышьяк), барит кен орындары, көптеген ыстық бұлақ көздері бар. Түрікменстанға қараған беткейінде қорықтар ұйымдастырылған.

Дереккөздер

  • Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том


копетдаг


Копетдаг Туралы Ақпарат

Копетдаг


  • user icon

    Копетдаг beatiful post thanks!

    29.10.2014


Копетдаг
Копетдаг
Копетдаг Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Копетдаг бұл, Копетдаг кім, Копетдаг сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...