Tue . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Кондитер өнімдері


Кондитер өнімдері – әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге болады. Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады. Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печенье, пряник, торт, кекс, орама (рулет), вафли, т.б. енеді. Кондитер өнімдері – жоғары калориялы тағам. Мысалы, 100 г. печеньеде 440 ккал, халуада 570 ккал, шоколад кәмпитте 550 ккал болады. Кондитер өнімдерінің құрамында қант көп (70%-ға дейін) болатындықтан ол ұзақ уақыт сапасын жоғалтпайды. Қағазға оралып та, оралмай да шығарылады. Кейбіреуі пластмасса не металл қораптарға салынады. Қазақстанда кондитер өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорындар: “Рахат” ААҚ (Алматы қ.), “Қарағанды кәмпиттері” ААҚ (Қарағанды қ.), “Баян сұлу” ААҚ (Қостанай қ.). Сондай-ақ барлық ірі елді мекендердегі кондитер цехтарында, шағын кондитер кәсіпорындарында дайындалады.

Мазмұны

  • 1 Кондитер өнімдерін жіктеу
  • 2 Ішкі сілтемелер
  • 3 Сыртқы сілтемелер
  • 4 Дереккөздер

Кондитер өнімдерін жіктеу

печенье печенье печенье

Барлық кондитер өнімдері қантты немесе ұнды болып бөлінеді.

  • Қантты өнімдерге — карамель, кәмпит, шоколад, мармелад, паста, зефир, алуа, ирис, драже, шығыс тәттілері;
  • Ұнды өнімдерге — печенье, пряник, торт, пирожный, кекс, орама, вафли жатады.

Ішкі сілтемелер

  • Рахат кондитер фабрикасы

Сыртқы сілтемелер

  • Кондитерские изделия (Орысша)
  • Confectionery(ағылш.)


Дереккөздер

  1. a b Балалар энциклопедиясы



Кондитер өнімдері Туралы Ақпарат

Кондитер өнімдері


  • user icon

    Кондитер өнімдері beatiful post thanks!

    29.10.2014


Кондитер өнімдері
Кондитер өнімдері
Кондитер өнімдері Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Кондитер өнімдері бұл, Кондитер өнімдері кім, Кондитер өнімдері сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...