Tue . 19 May 2019

Колумбия

колумбия, колумбия на карте
Мәліметтер мәнінің белгісіз түрі.

Колумбия Республикасы (Columbіa) – Оңтүстік Американың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 1141748 км2. Халқы – 39,3 млн. адам (1999). Тұрғындарының 58%-і метистер, 20%-і еуропалықтар, 14%-і мулаттар, негрлер, үндістер. Қала халқы 73% (1996). Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындары христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Богота. Конституция бойынша елді Президент басқарады (1998 жылдан Андрес Пастрака Аранго) және ол 4 жыл сайын сайланып отырады. Заң шығарушы жоғары органы – Сенат және Өкілдер палаталарынан құрылатын парламент. Әкімшілік жағынан 32 департамент пен астаналық округке бөлінеді. Ақша бірлігі – Колумбия песосы. Ұлттық мейрамы 20 шілде – Тәуелсіздік күні (1810).

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Пайдаланған әдебиет

Табиғаты


Жер ерекшеліктеріне қарай Колумбия таулы батыс аймақ және жазық шығыс аймақ болып 2-ге бөлінеді. Елдің батысында жатқан Анд таулары Батыс, Орталық, Шығыс Кордильера тауларынан тұрады. Орталық Кордильерада көптеген сөнбеген жанартаулар кездеседі: Уила (5750 м), Руис (5400 м), Толима (5215 м), т.б. Елдің шығысында Ориноко – Риу-Негру ойпаты, солтүстікте Кариб маңы және Тынық мұхит маңы ойпаты, оңтүстікте Кокета және Путумайо ойпаттары орналасқан. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ, тас көмір, алтын, күміс, платина, изумруд, темір, мыс кентастары кездеседі. Климаты экваторлық және субэкваторлық. Жазық жерлерде орташа температура 29С, ал таулы өңірлерде 7С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ден (Солтүстік-Шығыс Колумбия) 4000 мм-ге дейін (Амазона өзені бойында), Тынық мұхит маңы мен оған іргелес таулы өңірлерде 10000 мм-ге дейін жетеді. Колумбияда өзендер өте көп және жиі орналасқан. Магдалена, Атрато, Сину (Кариб теңізіне құяды), Гуавьяре, Мета (Ориноко салалары) Путумайо, Какета (Амазона салалары), т.б. Тынық мұхит пен Кариб теңізі жағалауларында мәңгі жасыл ормандар, жазық жерлерде саванна, тауаралық ойпаңдарда мәңгі жасыл ағаштар, жоғары жақтарында экваторлық шалғын – парамос өседі. Маймыл, ягуар, құмырсқажегіш, алып кесірткелер – игуаналар, өзендерінде қолтырауындар кездеседі.

Тарихы

Колумбия жерінде ежелгі дәуірлерде үндіс тайпалары қоныстанған. Олар испандықтар келгенге дейін рулық қоғамда өмір сүрді. Испандар Колумбияға 1499 ж. келіп, 16 ғ-да елдің ішкі аудандарына кіре бастады. Елде отарлық режим орнап, Жаңа Гренада деп аталды. 1538 ж. отарлардың орталығы Санта-Феде-Богота қаласы салынды. Ол жерде испандар мақта, кофе, банан, қант қамысы, т.б. өсіріп, оған жергілікті үндістер күшпен жегілді. Алтын, күміс, изумруд (жақұт) өндіретін кеніштерде де үндістердің еріксіз еңбегі пайдаланылды. 17 ғасырдың аяқ кезінен бастап Африкадан құлдар әкеліне бастады. 18 ғасырдың ортасында қалаларда тоқыма өнеркәсібі пайда болды. Бірақ елдің әрі қарай дамуына Испания үкіметі кедергі жасап, жиі-жиі баскөтерулер болып тұрды. Көтерілістер қаталдықпен басып тасталды. 1810 ж. 20 шілдеде Боготода жергілікті халық көтеріліске шығып, Революциялық үкімет құрды. Бірақ провинциялар арасындағы бәсекелестік көтерілісшілердің күш біріктіруіне мүмкіндік бермеді. 1815 ж. Испания үкіметі көтерілісшілерге 10 мыңдық жазалаушылар жасағын жіберді. 1816 ж. мамырда жазалаушылар Боготоны басып алып, көтерілісті талқандап тастады. Көтерілісшілер партизан отрядтарына бірікті. 1819 ж. ақпанда көрші Венесуэла тәуелсіздігін жариялады. 7 тамызда венесуэлалықтар мен партизандардың біріккен күштері жазалаушыларды талқандап, 17 желтоқсанда Ұлы Колумбия Федеративті мемлекеті құрылды. Елдің президенті болып С.Боливар сайланды. Бірақ креолдер арасында бірлік болмауы мемлекеттің ыдырауына алып келді (1830). 1831 ж. Жаңа Гренаданың алғашқы президенті сайланып, келесі жылы конституция қабылданды. 1851 ж. құлдық жойылды, ал 1863 ж. жаңа конституция қабылданып, елдің аты Колумбия болып өзгертілді, Бірақ ішкі бірлік болмады да, елде жиі-жиі әскери төңкерістер мен азамат соғыстары болып тұрды. Осыны пайдаланған АҚШ 1856 – 1903 ж. арасында елден 14 рет Панама территориясын тартып алды. Нәтижесінде 1903 ж. қарашада Панама жеке мемлекет болып бөлініп шықты. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында АҚШ елдегі ағылшын капиталын ығыстырып шығарды. 1932 – 34 ж. көрші Перумен соғыс болды. 1936 ж. ауыл шаруашылығында реформалар жүргізіле бастады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында шет ел капиталының иелігіндегі ірі өнеркәсіп орындары пайда болды. 1948 – 49 ж. елде тағы да саяси дағдарыс қалыптасып, әскери диктатура орнады. Партизан қозғалысы күшейді. Нәтижесінде 1952 ж. диктатура құлады. Бірақ жаңа үкімет халық тұрмысын жақсарта алмады да, ереуілдер әрі қарай жалғасты. 1966 ж. елде саяси және экономикалық реформалар жүргізілді. Бірақ 1970 – 72 ж. саяси жағдай қайтадан шиеленісті. 1982 ж. президент Б.Бетанкур партизандар мен саяси тұтқындарға амнистия жариялады. 1984 және 1989 ж. есірткі сатушы наркобарондар әділет министрін және президенттікке кандидатты атып өлтірді. Үкімет есірткі сатушыларға соғыс жариялады. Елде көптеген террорлық актілер жасалынып, бірнеше жүздеген адамдар оққа ұшты. 1991 ж. жаңа конституция қабылданды. Iрі-ірі наркобарондар тұтқындалып, кейбір партизан жасақтары үкіметке өз еріктерімен берілді. Бірақ солшыл партизандар болып есептелетін Колумбия революциясы қарулы күштері мен Ұлттық азат ету армиясы күні бүгінге дейін қарулы күресті жалғастырып отыр. 1995 ж. үкімет елде төтенше жағдай жариялап, ірі-ірі есірткі сатушыларды тұтқынға алды. 1998 жылдан бастап солшыл партизандар мен үкімет әскерлері, әскер басшылары мен көтерілісшілер арасында бейбіт келіссөздер жүргізілуде.

Экономикасы

Колумбия – экономикасы орташа дамыған ел. Жылдық ұлттық табыс көлемі 96,4 млрд. АҚШ долларыы. Жеке адамға шаққанда – 6720 доллар Сыртқы қарыздар – 28,8 млрд. АҚШ долларыы. Елде жұмыссыздардың саны жоғары (еңбекке қабілеттілердің 11,9%-і). Колумбия әлемдегі ең ірі есірткі сату орталықтарының бірі болып отыр. Жыл сайын есірткі саудасынан 3,5 млрд. доллар табыс түседі. Экспортқа мұнай мен мұнай өнімдері, кофе, алтын, көмір, банан, гүл, мақта, химия өнімдері, тоқыма өнімдері, қағаз шығарылады. Импортқа машиналар мен құрал-саймандар, металдар, тамақ өнімдері әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Еуропалық одақ елдері, Аргентина, Бразилия, Чили, Мексика, Венесуэла, Жапония. Литаврина Э.Э., , М., 1967; , М., 2001.жаман ел

Қазақ Энциклопедиясы, 10 - том

Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ World Economic Outlook Database. International Monetary Fund (April 2014). Тексерілді, 19 маусым 2014.
  2. ↑ Human Development Index (HDI) value. data.undp.org. Тексерілді, 2 сәуір 2014.
  3. ↑ Колумбия
  4. ↑ Большой энциклопедический словарь


Үлгі:Colombia

колумбия, колумбия англия, колумбия википедия, колумбия карта, колумбия на карте, колумбия население, колумбия флаг, колумбия фото, колумбия футбол, колумбия япония


Колумбия Туралы Ақпарат

Колумбия


  • user icon

    Колумбия beatiful post thanks!

    29.10.2014


Колумбия
Колумбия
Колумбия Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Колумбия бұл, Колумбия кім, Колумбия сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...