Sun . 20 Jan 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Кеңірдек

кеңірдек
Кеңірдек — шырышты қабықпен қапталған шеміршек түтігінсін тұратын тыныс алу мүшесі, көмендеп басталады және бастаңқы негізгі тарамымен жалғасады: томенгі тыныс жолдарыпа жатады. Кеңірдек - көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен-бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдек қабырғасының қабысып қалмай, ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады. Ауатамыр (гр. bronchus — тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауатамырлық тармақшалар (бронхиола) (гр. bronchioli - кішірею) деп аталады. Ауатамыр тармақшаларының ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршік-терімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (лат. alveolus - ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2-0,3 мм, қабырғалары бір қабатэпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады. Қылтамырлар мен өкпе көпіршіктері қабырғаларының арасында газ алмасады. Көпіршіктердің ішіндегі ауа құрамынан оттекі қанға өтеді. Қылтамырлардағы қанның құрамындағы көмірқышқыл газ өкпе көпіршігіне өтеді.

Кеңірдек тарамын ұзарту I белгісі

Кеңірдек тарамын ұзарту I белгісі — магистральды кеңірдек тарамының I II сегментін байлаіі муфта тәрізді ісіктің ұлғаюы және 0,05—1 см орнына 2—3 см бойына кеңірдек тарамындағы саңылауды рентген сөулесімен қағазға түсіріп, бақылап отыру.

Дереккөздер

  1. a b Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
  2. ↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х


кеңірдек


Кеңірдек Туралы Ақпарат

Кеңірдек


  • user icon

    Кеңірдек beatiful post thanks!

    29.10.2014


Кеңірдек
Кеңірдек
Кеңірдек Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Кеңірдек бұл, Кеңірдек кім, Кеңірдек сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...