Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Кетпен жотасы


 Қазақстан, Алматы облысының Ұйғыр және Райымбек аудандары

Тау жүйесі

Тянь-Шань

Ұзындығы

125 км

Ені

40-50 км

Ең биік шыңы

Аспан тауы

Биіктігі

3652 м

Кетпен жотасы

Кетпен жотасы, Ұзынқара – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік доғасына кіретін жота.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Жер бедері
  • 3 Климаттық белдеулері мен өсімдігі
  • 4 Дереккөздер

Географиялық орны

Алматы облысының Ұйғыр және Райымбек аудандары жерінде. Кетпен жотасы Іле аңғарын Кеген тауаралық жазығынан бөліп жатыр. Батысында Құлықтау тауымен, шығысында Темірлік тауымен жалғасады. Жота негізінен Қазақстан жерінде, ендік бағытта 125 км-ге созыла орналасқан. Ені 40 – 50 км. Ең биік жері Қазақстан – Қытай шекарасындағы Аспан тауы (3652 м).

Жер бедері

Тау жоталары қар сызығынан төмен жатқандықтан мұздықтар кездеспейді. Кетпен жотасының бастары үстірт тәріздес тегіс болып келеді. Үстімен соқпақ жолдар, көлік жолдары өтеді. Жота өзен аңғарларымен, терең әрі тік шатқалдармен қатты тілімденген. Солтүстікке, Іле аңғарына қарай, Бедеті, Сүндетсай, Дардамты, Долатысай, Үлкенсай, Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу, Шошасынсай, Темірлік өзендері, ал оңтүстікке қарай Сатылыхасан, Шұбырмахасан, Шалкөдесу, Қисықақтас, Шолақ өзендері бастау алады.

Климаттық белдеулері мен өсімдігі

Тау етегіндегі өзендердің ысырынды конустарында күңгірт қызыл топырақты дала ландшафтысы дамыған. Тау етегінде таудың орманды-дала белдеуі, солтүстік беткейінің Байынқол алабында күлгін топырақты дала белдеуі, таулы-орман топырағында Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқанды орман (1800 – 2700 м) белдеуі орналасқан. 2700 – 3000 м биіктікте таулы-шалғын топырақта субальпілік ландшафты, ал 3000 м-ден биікте түрлі шөпті альпілік шалғындар таралған.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы


Кетпен жотасы Туралы Ақпарат

Кетпен жотасы


  • user icon

    Кетпен жотасы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Кетпен жотасы
Кетпен жотасы
Кетпен жотасы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Кетпен жотасы бұл, Кетпен жотасы кім, Кетпен жотасы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...