Fri . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Кердері

әбубәкір кердері фотки, кердері руы
Кердері – қазақ халқының құрамындағы ру. Кердері руының бастапқы тарихын ғалымдар б.з.б. 2 ғ-да ғұндардың жойқын шабуылына ұшыраған юечжи елінен тарқатады. Көне Қытай жазбалары бойынша, бұрын шығыс Ереңқабырға төңірегін қоныстанған юечжилердің (оны Қытайда тұратын қазақ оқымыстылары “иүзлер” деп аударады) көп бөлігі сол үркіншіліктен Әмудария алқабына дейін ауады. Олар Қытай дерекнамасында ұлы (юечжилер) иүзлер (қ. Ақ ғұндар), ал көшіп кете алмай ата қонысында қалғандар кіші юечжилер (иүзлер) деп аталған. Әму жаққа жеткен юечжилерді Еуропа тарихшылары кидарит-ғұндар деген атпен таныды. Сол кидариттерден кердері руының атауы туындаған. Ғыл. деректер 10 ғ-да Арал т-нің Кердері теңізі аталғанын, Әмударияның екі бетінде сол аттас бір-екі қала болғанын да алға тартады.Кердерінің бір бөлігі қарақалпақтардың мүйтек тайпасы құрамына, екінші бөлігі Кіші жүздегі жетіру тайпасының құрамына енген. “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” кезінде кердерілер Аралдан Қобданың жоғарғы жағына, Електің сол жағына, Орал қ. маңына үдере көшуге мәжбүр болған. Кердеріден Жабағы, Смайыл, Бердімбет, Жанбас, Шағыр, т.б. аталар тарайды.Ұраны – Қожахмет, таңбасы – (Q) тостаған.

Кердері – кіші жүздің Жетіру тайпасына құрамына кіретін ру. Кердерінің шығу тегі тарихи әдебиетте Хорезмнің солтүстігінде Кердері деген өз мемлекеті болған ғұн-кидариттардың тағдырымен байланысты қаралады. Кердері мемлекет кезінде күшті болған. Соның атымен 10-ғасырда Арал теңізі Кердері теңізі деп те аталған.Осы мемлекеттерің ескерткіштерінің бірі- Жанкент қаласы. Оның қалдықтары қазіргі Қазалы стансының төңірегінде. Қазақтар мен қарақалпақтардың халық болып құрылу барысында Кердерілердің бір бөлігі қарақалпақтардың Мүйтен тайпасының құрамына, ал екінші бөлігі Кіші жүз қазақтарының құрамына енген. «Ақтабан шұбырынды-алқакөл сұлама» кезінде Кердерілер Арал бойынан Қобданың жоғарғы жағына, Електің сол жағы мен Орал қаласы маңына үдере көшуге мәжбүр болған. К Е Р Д Е Р І: Құлтай ,Жабағы ,Смайыл, Бердімбет, Жанбас т.б. аталарға бөлінеді. Кердерінің ұраны-Қожақмет.

Дереккөздер:

  1. a b Қазақ энциклопедиясы


кердері руы, әбубәкір кердері, әбубәкір кердері фотки


Кердері Туралы Ақпарат

Кердері


  • user icon

    Кердері beatiful post thanks!

    29.10.2014


Кердері
Кердері
Кердері Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Кердері бұл, Кердері кім, Кердері сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...