Fri . 19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Кен

кенгуру, кено
Кен — жер қабығындағы бір минералдан немесе минералдар агрегатынан тұратын, пайдалы қазындылардың ерекше жекеленген табиғи жиынтығы. Ерекше бір территорияда орналасқан және жалпы геологиялық құрылысы жағынан байланысты кендер тобы бассейн немесе аудан деп аталады (мыс.: Қарағанды көмір бассейні, Атасу темір кені ауданы, тағы басқалар).

Мазмұны

  • 1 Кен бақылаушы факторлар
  • 2 Кен білінімдері
  • 3 Кен бітімі
  • 4 Кен жалбырлары
  • 5 Кен қалыптастыру температурасы
  • 6 Кен қалыптастырушы орта
  • 7 Кен қалыптасу процестері
  • 8 Кен түзілуінің абиссаль жағдайы
  • 9 Дереккөздер

Кен бақылаушы факторлар

Ғалымдардың көпшілігі металлогендік факторлар терминінің шартты синонимі деп есептейді. Алайда кен бақылаушы факторлар терминімен тек қана кенді аудандар мен жергілікті кенді алаңдар өңіріндегі кен қалыптасу және таралу заңдылықтарын қамтамасыз ететін факторларды ғана кескіндеген жөн. Мұндай факторлардың қатарына жататындар — литологиялық, құрылымдық, магмалық, құрьшымдық-магмалық, литологиялық-құрылымдық, литолөгиялық-стратиграфиялық және т.б. факторлар. Бұл аталғандардан гөрі ірірек дәрежелі, яғни тектоникалық-магмалық, құрылымдық-фациялық, жемірілу тереңдігі және т.б. факторлар металлогендік факторлар деп аталатын ұғымдар шеңберіне кірмекші.

Кен білінімдері

Сапасы мардымдьшық талаптарына шамалас болғанымен, мөлшері тұрғысынан қазіргі уақытта игеруге келмейтін минералды шикізаттың шағын шоғырлары.

Кен бітімі

Кен түзуші әр түрлі минералдық агрегаттардың кеңістіктегі арақатыстылығымен және бағыттылығымен сипатталатын кенді массаның құрылыс ерекшеліктері.

Кен жалбырлары

Домалақ, эллипсоидті немесе бұрыс пішінді кішігірім кен шоғырлары мен тасберіштері.

Кен қалыптастыру температурасы

Гидротермалық кенорындардағы кен түзілу процесінің басты сатысына сәйкес келетін температура мөлшері; бұл кендер жоғары температуралы (500— 300°С), орташа температуралы (300— 200°С) және төмен температуралы (200— 50°С) болуы мүмкін. Кен қалыптастыру температурасын анықтау шаралары минералдарды жасанды түрде дайындау, минералды ассоциациялардағы газды-сұйықты кірікпелерді зерттеу және изотопты талдау әдістері арқылы жүзеге асырылатын геологиялық термометрияға негізделген.

Кен қалыптастырушы орта

Кенді құрайтын заттардың іріктелу, қозғалу және шоғырлану процестерін жүзеге асыратын геологиялық түзілімдер бірлестігі.

Кен қалыптасу процестері

Жер қыртысы мен жоғарғы мантия өңірлеріндегі химиялық элементтердің нақтылы заңдылықтарға сәйкес жіктелуі және қозғалыстарға ұшырауы нәтижесінде ғанда әлдеқайда мол минералданған түрлі пішінді кенді алаптар; әдетте тектоникалық жарылымдардың тоқайласу өңірлеріне сәйкес келеді.

Кен түзілуінің абиссаль жағдайы

Кен түзілу процесі жер бетінен 3—15 км терендіктер аралығында өтеді деп шамаланатын жағдай.

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.


кен парк, кенгуру, кендалл дженнер, кенди бар, кения, кеннеди, кено, кенсол, кенсол онлайн магазин, кентавър


Кен Туралы Ақпарат

Кен


  • user icon

    Кен beatiful post thanks!

    29.10.2014


Кен
Кен
Кен Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Кен бұл, Кен кім, Кен сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...