Thu . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Кентау

кентау южный казахстан, кентау трансформатор
Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысында құрылды. Қаланың бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекеннің атауы Мырғалымсай болатын. Мырғалымсай деген кен орны да бар. Кентау қаласын құрудағы мақсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары болатын. Кентау облыс орталы болып саналатын Шымкент қаласынан 260 шақырым жерде орналасқан. Түркістан қаласымен арадағы қашықтық 30 шақырымды құрайды. Кентау Қаратаудың етегінде орналасқан қала болып саналады. Кентау қаласы “Қаратау тәжі (корона)” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие. Қазіргі кезде Кентау қаласында 4 ауылдық округ, 7 елді мекен (поселка) бар. Қала халқының саны (ауылдық округтермен қоса) 88 мың адамды құрайды. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар 65,7%, өзбектер 25,2%, орыстар 5,4%, басқа ұлттар 3,7%. Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек, гректер, немістер, корейлер, шешендер де көшіп келді. Олар, негізінен, қуғынға ұшырағандардың туыстары мен арттарында қалған үрім-бұтақтары болатын.

Мазмұны

  • 1 Қала экономикасы
  • 2 Мәдениет пен қала көрінісі
  • 3 Дереккөздер
  • 4 Сыртқы сілтемелер

Қала экономикасы

Кентау қаласында аты КСРО-ға әйгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты, экскаватор зауыты құрылды. Алайда, XX ғарыдың 80-90 жылдарындағы өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарының жабылуы қала халқының әлеуметтік тұрмысына ауыр соққы болды. Кейіннен қайта іске қосылған экскавтор зауытының күші Кеңестік уақыттағыдай жоғары деңгейге жете алмады. Кентау – Қазақстандағы машина жасау, металл және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі. Қала экономикасындағы ірі кәсіпорындар: «Трансформатор зауыты» ААҚ– еліміздегі трансформатор жасайтын жалғыз зауыт, «Экскаватор» ААҚ – металл өңдеп, машина жасайды. Барит өнімдерін, түсті металл концентраттарын өндіретін «Оңтүстік түстіметалл» ЖАҚ-қа Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургия цехы, темір жол цехы кіреді. Мақта-мата өнімдерін шығарады. «Табыс» акционерлік қоғамы, «Эластополимет» ЖАҚ резина-техникалық бұйымдарын, «Ердес-нан» ААҚ нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдарын шығарады. Жалпы өнім жиынтығында өнеркәсіп үлесі 55%-ды (түсті металлургия – 28,8%, электр қондырғыларын шығару – 28,5%, машина жасау – 11,9%) құрайды.

Мәдениет пен қала көрінісі

Қалада Мәдениет сарайы, орт. кітапхана, саябақ, кинотеатр, «’’Кентау шұғыласы’’», «Кентау» атты қалалық газеттері, жергілікті «Икар» теледидары жұмыс істейді. Кентау қаласында Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология, медицина факультеттерінің бөлімдері, музыка, көркемсурет, спорт, «Дарын» мектептері, мектеп-гимназия, кәсіптік-техникалық мектеп, тау-кен металлургия колледжі, агроколледж бар. Кентаудан Республикаға танымал өнер қайраткерлері Р.Сейтметов, С.Байтереков, Ә.Сығай шыққан. Қалада көрнекті мемлекет қайраткерлері Д.А.Қонаевқа, С.Қожановқа, 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жерлестеріне ескерткіш қойылған. Сақ жауынгері бейнеленген «’’Тәуелсіздік монументі’’» бар. ‘’Л. Алиева’’. Мұнда, тіпті, дарынды балалар тәрбиелейтін қазақ-түрік лицейі де бар. Келген балалар білімдерімен елді таң қалдырып, халықаралық байқаулардан елімізге жеңіс туын көтеріп оралуда. Бұл жағдайлар Кентау қаласының өсіп, дамуына үлкен септігін тигізуде. Кентаудың мақтанышы да, сүйеніші де осы - Кентау қазақ-түрік дарынды ер балалар лицей-интернаты.

Дереккөздер

  1. ↑ ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Kentau

кентау карта, кентау кентау, кентау кокпар 2015, кентау новости, кентау трансформатор, кентау фото, кентау южный казахстан, кентау қаласы, кентау қаратау тәжі, кентаур


Кентау Туралы Ақпарат

Кентау


  • user icon

    Кентау beatiful post thanks!

    29.10.2014


Кентау
Кентау
Кентау Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Кентау бұл, Кентау кім, Кентау сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Бурабайдағы Тринити шіркеуі

Бурабайдағы Тринити шіркеуі

аймақтық архитектуралық ескерткіші Православие шіркеуі Троицы шіркеуі Қасиетті Троицаның Үштік ші
Ishikawa, Kasumi

Ishikawa, Kasumi

Касуми Ишикава Яп 石川 佳 純 Ишикава: Касуми 1993 жылы 23 ақпанда дүниеге келген - жапондық спортшы, үст
Черноморочка

Черноморочка

Алексей Коренев басқарған комедия - Сценарий авторы - Евгений Помещиков Басты рөлдерде - Светлана Ж
Елтаңба Сити (Лондон)

Елтаңба Сити (Лондон)

Егжей-тегжейлері 1633 ж. бекітілген «Қалқан» - ағылшынша ұраны: Domine dirige nos - Ұлы Германы Л