Mon . 19 May 2019

Кенді Алтай

батыс немесе кенді алтай
 Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысы)
 Ресей (Алтай Республикасы)

Тау жүйесі

Алтай таулары

Пайда болған кезеңі

Герциндік қатпарлық

Кенді Алтай

Кенді Алтай – Алтайдың батыс бөлігінің тарихи-географиялық атауы. Негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан облысында және шағын бөлігі Ресей Федерациясының Алтай Республикасы жерінде орналасқан. Кенді Алтайда дүние жүзіндегі аса ірі полиметалл кендері, олардан өндірілетін кентастарды өңдейтін кен және металлургия кәсіпорындары шоғырланған.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Геологиялық құрылымы
  • 3 Кен байлықтары
  • 4 Кен орындары
  • 5 Дереккөздер
  • 6 Сыртқы сілтемелер

Географиялық орны

Географикалық тұрғыдан Чарыш және Ертіс өзендерінің аралығындағы аймақ, Үлбі, Колывань, Қалба жоталары кіреді.

Геологиялық құрылымы

Тектоникалық тұрғыдан екі жағынан жер қыртысының терең жарылымдары – Ертіс және Солтүстік-шығыс жаншылу белдемдерімен шектеледі. Кенді Алтай Зайсан геосинклинальдық жүйесіндегі біртұтас геотектоникалық құрылым ретінде герцин тектогенезінде қалыптасқан. Ол төменгі палеозойда оқшауланып, ортаңғы палеозойда (девон – төменгі тас көмір) геосинклинальдық режимде, ал жоғарғы палеозойда жас платформа түрінде дамыған. Бұлар негізінен девон мен төменгі тас көмірдің карбонатты терригендік және қышқыл, аздап негіз құрамды жанартаутекті жыныстардан құралған. Олардың ішінде жоғарғы палеозойдың гранитоид интрузивтері кең тараған.

Кен байлықтары

Кенді Алтайдың негізгі өндірістік кендері терригендік липорит-дацитті қабаттарда шоғырланған. Кен денелері қабат, шток, бұрыс пішінді. Олар бүтіндей және сеппелі кентастардан тұрады. Негізгі минералдары пирит, сфалерит, галенит, халькопирит, қосымша солғын кентас, саф алтын, күміс, теллуриттер, т.б. кездеседі. Негізгі желілі минералдары: кварц, серицит, хлорит, барит және карбонаттар.

Кен орындары

Өндірістік маңызы бар кен орындары солтүстік-батыс бағытта тектоникалық опырылым, жаншылу белдемдерін бойлай екі жолақ құра орналасқан. Ертіс жаншылу белдеміндегі кен орындары мыс-қорғасын-мырышты (Орлов, Золотушинск, Николаев, Белоусов, Березов, т.б.), ал солтүстік-шығыс жаншылу белдеміндегі кен орындары қорғасын-мырышты (Рубцов, Степное, Талов, Среднее, Зареченск, Зырянов, т.б.). Бұл кендерден, сондай-ақ алтын, күміс өндіріледі. Кенді Алтай өлкесіндегі кен орындардан алынатын шикізат негізінде Қазақстанның ірі кен-металлургия кәсіпорындары («Қазмырыш», «Қазақмыс» корпорациялары, т.б.) жұмыс істейді.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер

  • Монгольский Алтай в БСЭ
  • Словарь современных географических названий — Монгольский Алтай
  • Фотоальбом Монгольского Алтая


батыс немесе кенді алтай


Кенді Алтай Туралы Ақпарат

Кенді Алтай


  • user icon

    Кенді Алтай beatiful post thanks!

    29.10.2014


Кенді Алтай
Кенді Алтай
Кенді Алтай Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Кенді Алтай бұл, Кенді Алтай кім, Кенді Алтай сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...