Thu . 20 Aug 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Кеме

кемер, кемерово
Кеме - суда не су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да жұмыстарға арналған су көлігі.

Алғашқы кезде суда жүзу үшін адамдар ағаш діңінен салды, кейіннен ағаш діңінен ойылып жасалған қайықтарды пайдаланды. Бұлар ескек арқылы қозғалысқа келтірілді. 15-ғасырдан бастап ескек орнына желкен пайдаланыла бастады. Доңғалағы бу күшімен айналатын алғашқы кеме: Англияда 1802 ж., АҚШ-та 1807 ж., Ресейде 1810 ж. жасалды. 19-ғасырдың 2-жартысынан бастап кеме жасауға темір құралымдары кеңінен пайдаланылды.

Пайдалану мақсатына қарай кеме азаматтық және әскери кеме болып ажыратылады: 1) азаматтық кемелер — көліктік, кәсіптік, арнайы мақсатқа арналған, спорттық кемелер болып бөлінеді. Көліктік кемелер жолаушылар немесе жүк тасуға арналады. Сұйық заттар (мұнай, бензин, спирт, шарап, сұйытылған газдар, т.б.) тасымалдайтын кемелерге (танкерлер) сұйық заттар құбырлар арқылы құйылады.

Қос корпусты (өзара ортақ палубамен біріктірілген параллель корпусты) не қалтқы балансирлі жалғыз корпусты кеме – катамаран деп аталады. Катамаранның жүзгіштігі жоғары және орнықты болып келеді. Оның балық аулауға, жолаушылар және жүк тасуға, спорттық-туристік, т.б. түрлері бар.

Ms Majestz of the Seas круиздік кемесі

Шапшаң жүретін, кішігірім кеме – катер деп аталады. Шапшаң жүретін шағын кеменің бірі – глиссер. Глиссердің тұмсық жағы қозғалыс кезінде су үстінде көтеріліп тұрады да, сырғанап келе жатқан тәрізді көрінеді. Рекордтық глиссерге реактивтік қозғалтқыштар да пайдаланылады.

Траулер – балық аулауға әрі оны бастапқы ден өткізуге арналған бір палубалы теңіз кемесі.

Әскери кеме

Әскери кеме (орыс. Военный корабль) — қару-жарақпен жабдықталған, белгілі бір ұрыс міндеттерін орындауға арналған, әскери басшылық кешенін, өзіне берілген өз мемлекетінің әскери-теңіз туын алып жүретін кеме. Әр түрлі ұрыс міндеттерін табысты орындау мақсатында әскери кемеге теңізде жүзу кондырғылары мен қару-жарағына сәйкес соққы бере отырып, оның өзі де қарсыластың соққысына ұшырауы мүмкін. Сондықтан ол тиісінше төзімді, суға батпайтын қасиетке ие болуы керек. Ұрыс мақсатына қарай әскери кеме бірнеше түрге бөлінеді. Әскери кемелер – кластарына қарай: ракеталы, торпедалы және ракета-торпедалы сүңгуір қайықтар, ұшақтар мен тік ұшақтарды өзінде алып жүретін, десанттық, мина-тральдік, арнайы тапсырма кемелеріне бөлінеді. Қару құрамына және су ығыстырғыштығына байланысты әскери кемелер рангілерге жіктеледі.

Ішкі сілтемелер

  • Көлік

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
  2. ↑ Балалар энциклопедиясы


кемер, кемер погода, кемер турция, кемерово, кемерово кемерово, кемерово на карте, кемерово новости, кемерово пожар, кемерово трагедия, кемерон диаз


Кеме Туралы Ақпарат

Кеме


  • user icon

    Кеме beatiful post thanks!

    29.10.2014


Кеме
Кеме
Кеме Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Кеме бұл, Кеме кім, Кеме сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...