Mon . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Карпат таулары


 Украина  Польша  Румыния  Словакия  Аустрия  Чехия  Сербия  Мажарстан

Пайда болған кезеңі

неоген, плиоцен

Аумағы

188000 км²

Ұзындығы

1500 км

Ені

430-120 км

Ең биік шыңы

Герлаховский-Штит

Биіктігі

2655 м

Карпат Карпат таулары

Карпат таулары – Еуропадағы тау жүйесі.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Геологиялық құрылымы
  • 3 Кен байлықтары
  • 4 Климаты
  • 5 Су торабы
  • 6 Биіктік белдеулері, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
  • 7 Көрікті жерлері
  • 8 Дереккөздер

Географиялық орны

Польша, Мажарстан, Украина, Словакия, Чехия, Аустрия, Сербия және Румыния мемлекеттері аумағында орналасқан. Солтүстік-шығысқа және шығысқа қарай доғаша иілген жоталардың ұзындығы 1500 км. Батысында Словакия астанасы Братислава қаласынан шығысында Дунай өзеніндегі Темір қақпаға дейін созылып жатыр. Енді жері орталық бөлігінде 120 км, солтүстік-батысында 250 км, оңтүстік-шығысында 430 км. Абсолюттік биіктігі 2655 м (Татра тауларындағы Герлаховский-Штит тауы). Карпат таулары Батыс, Шығыс және Оңтүстік Карпат, Бескидтер тауы, Батыс Румын таулары, Трансильвания үстірті бөліктеріне бөлінеді.

Геологиялық құрылымы

Тауларда плейстоцендік мұз басудың ізі байқалады, көп жерлерінде карст, балшық жанартаулар кездеседі, ішкі жағында жанартаулық массивтер (Кремниц, Штявниц, Вигорлат таулары) бар. Альпілік қатпарлану аймағына жатады. Таудың қатпарлы негізі неоген мен плиоценде пайда болған. Доғаша келген сыртқы белдеуі, негізінен, флиштерден (құмтас, конгломерат, сазды тақтатас), орталық белдемнің басым көпшілігі кристалдық жыныстардан, әктастардан түзілген. Бұл бөлігінде Татра, Фэгэраш, тағы басқа биік жоталар бар.

Кен байлықтары

Тау жүйесі кен байлықтарына бай. Тау етегі мен жотааралық қазаншұңқырларда мұнай мен газдың, ас және калий тұзының ірі кендері бар. Карпат сыртында сынап, Руда тауларынан түсті металл кентастары, Батыс Румын тауларынан тас және қоңыр көмір, темір, марганец түсті металл кен тастары өндіріледі.

Климаты

Климаты қоңыржай теңіздік сипаттан континенттік климатқа ауысып отырады. Қаңтар айындағы орташа температура –2 – 5°С (тау бастарында –10°С-тан төмен), шілде айында 17-20°С (тау бастарында 4-5°С). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 600 мм-ден (тау етегі өңірінде) 2000 мм-ге (биік тау белдеуінде) дейін.

Су торабы

Еуропадағы басты су айрықтарының бірі: Висла және Одра өзендері алаптарын Дунай мен Днестр өзендері алаптарынан бөліп жатады.

Биіктік белдеулері, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Ландшафт түрлері биіктік белдеулерге сәйкес тараған. Тау беткейлерінің 1600 – 1800 м аралығында жалпақ жапырақты орман және шырша орманы, одан жоғары белдемде бұта және альпілік шалғын өскен. Жануарлардан аю, қасқыр, сілеусін, жабайы мысық, жабайы шошқа, сусар, елік, тағы басқа кездеседі.

Көрікті жерлері

Ұлттық саябақтар (Татра, Ретезат, тағы басқа), қорықтар (Агтелек, Карпат, тағы басқа) және көптеген курорттар бар. Туризм және қысқы спорт түрлері жақсы дамыған.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том


Карпат таулары Туралы Ақпарат

Карпат таулары


  • user icon

    Карпат таулары beatiful post thanks!

    29.10.2014


Карпат таулары
Карпат таулары
Карпат таулары Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Карпат таулары бұл, Карпат таулары кім, Карпат таулары сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...