Wed . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Канзас

канзас, канзас сити
 Басқа мағыналар үшін Канзас деген бетті қараңыз.

АҚШ штаты

Канзас
ағылш. State of Kansas

Канзас туы Канзас мөрі

Штат ұраны

«Күнбағыс штаты» (ресми);
Бидай штаты

Астанасы

Топика

Ең ірі қаласы

Уичито

Тұрғыны

2 871 238 (2011 жыл)
33-ші орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
13,47 адам/км²

Ауданы

15-ші орын
- барлығы
213 096 км²
- су беті
1,196 км² (0,56 %)
- ендік
37°0' с. е. бойынша 40°0' с. е., 645 км
- бойлық 94°38' б. б. бойынша 102°1,6' б. б., 340 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі
- орташа биіктігі 600 м
- минимал биіктігі

Штат статусын иеленуі

29 қаңтар 1861
34 ретпен
- штат болмай тұрып
Канзас территориясы

Губернаторы

Сэм Браунбэк

Заң шығару органы

- жоғарғы палатасы
- төменгі палатасы

Уақыт белдеуі

Орталық уақыт: ГМУ-6/-5;
Таулы жерлер уақыты: ГМУ-7/-6

Ресми сайты:

http://www.kansas.gov/

Канзас (ағылш. Kansas) — штат Америка Құрама Штаттарының орталығында орналасқан. Халқы — 2 871 238 адам (2011). Астасы— Топика қаласы. Ірі қаласы — Уичито. Штат тағы «Американың астық қоры» деп аталады: ол астық өсіруші штаттар арасында көшбасшылық етеді. Штат гүлі — күнбағыс, штат ағашы — терек.

Штаттың көп бөлігі Ұлы жазықтықта орналасқан, солтүстігінде Небраскамен, шығысында Миссури, оңтүстігінде Оклахомамен және батысында Колорадо штаттарымен шекараласады. Өңірдің ірі өзендері Миссури және Арканзас Солтүстік Американың ең ірі өзені — Миссисипи өзені алабына жатады.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Географиясы және климаты
  • 3 Халқы
  • 4 Дереккөздер
  • 5 Сыртқы сілтемелер

Тарихы

1541 жылы Канзас территориясы испандық конкистадор Коронадоның қарауына өтті, кейін француз зерттеушісіне қарады. 1803 жылы АҚШ-қа қабылданды. Канзас АҚШ-тың 34-штаты болды. Азаматтық соғыс жылдары Канзас құлдыққа қарсылар және жақтаушылар жалдауында болды. Темір жол құрылысы азаматтық соғыстан кейін салына бастады.

Географиясы және климаты

Канзас шығысында Миссури штатымен, батысында — Колорадо, солтүстігінде — Небраска, оңтүстігінде — Оклахома штаттарымен шекараласады. Ауданы — 213 096 км2.

Канзастың климаты континентальды, салқын қысты (кейде суық) және ыстық жазды. Штаттың солтүстік және солтүстік-батыс жағы Канаданың суық, ал оңтүтік бөлігі Мексика шығанағының жылы ауа әсерінде болады, соған байланысты температураның ауытқууы анық байқалады. Осы ауа массаларының соқтығысуынан өте қарама-қарсы атмосфералық фронттар туындайды, соның әсерінен торнадо пайда болады (Канзас "аллее торнадо" атты дауыл аймағында орналасқан). Штаттың орташа жылдық температурасы +13 °C. 1936 жылы 24 шілдеде Элтонда (Alton) абсолюттық максимум +49 °C көрсеткішті анықталған . 1905 жылы 13 ақпанда абсолютті минимум -40 °C Ливандада байқалған (Lebanon). Қаңтардың орташа температурасы -2..-4 °C (орташа күндізгі максимум +2..+6 °C, түңгі минимум -6..-9 °C). Шілдедегі орташа температура +26..+27 °C (орташа күндізгі максимум +32..+34 °C, түңгі минимум +19..+21 °C). Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері оңтүстік-шығыстан 1000 мм батысқа 400 мм кемиді (Уичита (Wichita) қаласында жылына 772 мм жауады). Кейбір жылдары қуаңшылық болады. Жауын-шашынның жылдық мөлшерінің 3/4-бөлігіне жуығы сәірден қыркүйек айлары аралығында түседі. Додж-Сити (Dodge City) АҚШ-тың ең желді орындарының бірінен есептеледіс - орташа желдің жылдамдығы сағатына 14 миль (6,4 м/с).

Әртүрлі Канзас қалаларының айлық қалыпты, жоғары және төмен температуралары
Қала Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қырк Қаз Қар Желт
Конкордия 36/17 43/22 54/31 64/41 74/52 85/62 91/67 88/66 80/56 68/44 51/30 40/21
Додж-Сити 41/19 48/24 57/31 67/41 76/52 87/62 93/67 91/66 82/56 70/44 55/30 44/22
Гудлэнд 39/16 45/20 53/26 63/35 72/46 84/56 89/61 87/60 78/50 66/38 50/25 41/18
Топека 37/17 44/23 55/33 66/43 75/53 84/63 89/68 88/65 80/56 69/44 53/32 41/22
Уичита 40/20 47/25 57/34 67/44 76/54 87/64 93/69 92/68 82/59 70/47 55/34 43/24

Халқы

Канзастың жастық-жыныстық пирамидасы Канзастың халық тығыздығы картасы

АҚШ халық санағы бюросының дерегі бойынша 2011 жылдың 1 маусымында Канзас халқы 2 871 238 адам; 2010 жылғы санақпен салыстырғанда 0,64 %-ке өскен. 2010 жылғы санақ бойынша штаттың нәсілдік үлесі келесідей: ақ нәсіл (91,91 %), афроамерикандықтар (6,41 %), байрғы американдықтар (1,78 %), азиаттар (2,1 %), гавайлықтар және мұхиттық аралдардың байырғы халықтары (0,12 %). Ақ нәсілді халықтар негізгі рөлде немістер (33,75 %), ирландықтар (14,4 %), ағылшындар (14,1 %), француздар (4,4 %), шотландтар (4,2 %), голланддықтар (2,5 %) және швед (2,4 %) тектілер.

2004 жылғы дерек бойынша 149 800 жуық адам (Канзас халқының 5,5 %-і ) АҚШ ішінде туылғандар.

Халық санының динамикасы:

  • 1950: 1 905 299 адам.
  • 1960: 2 178 611 адам.
  • 1970: 2 246 578 адам.
  • 1980: 2 363 679 адам.
  • 1990: 2 477 574 адам.
  • 2000: 2 688 418 адам.
  • 2010: 2 853 116 адам.

Дереккөздер

  1. ↑ Әлемнің бақташы астанасы
  2. ↑ Annual Estimates of the Resident Population for the United States, Regions, States, and Puerto Rico: сәуір 1, 2010 to шілде 1, 2011 (CSV). 2011 Population Estimates. АҚШ халық санағы бюросы, Population Division (December 2011). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 ақпан 2012. Тексерілді, 21 желтоқсан 2011.
  3. ↑ American Community Survey Office Kansas – Social demographics 2006. Census.gov. Басты дереккөзінен мұрағатталған 31 наурыз 2008. Тексерілді, 31 шілде 2010.
  4. ↑ Resident Population Data Resident Population Data - 2010 Census. 2010.census.gov. Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 ақпан 2012. Тексерілді, 12 қазан 2011.

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Kansas
  • Kansas.gov: the official website for the State of Kansas
  • Kansas History Online
  • Cutler’s History of Kansas


канзас, канзас блудный сын, канзас время, канзас недвижимость, канзас песни, канзас природа, канзас сити, канзас фото, канзас штат, канзас юрий эдуардович


Канзас Туралы Ақпарат

Канзас


  • user icon

    Канзас beatiful post thanks!

    29.10.2014


Канзас
Канзас
Канзас Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Канзас бұл, Канзас кім, Канзас сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...